» » » Шығарма: Қасиетті жерім - Қазақстан

Шығарма: Қасиетті жерім - Қазақстан

Шығарма: Қасиетті жерім - Қазақстан казакша Шығарма: Қасиетті жерім - Қазақстан на казахском языке
Cыздыкова Дильназ

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.

М. Мақатаев

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын. Алайда кеше ғана гүлденіп, өмір базары қайнап жатқан ауылдарда бүгіндері жадау – жүдеу тірлік. Азын – аулақ малын баққан кәрі – құртаңдар мен жұмыссыз жастар,қираған мал қоралары мен мәдениет үйі,балабақшалар, мектептер. «Орнында бар оңалар» дегендей, соңғы кезде кешегі тозуға ұшыраған ауылдар қайтадан еңсесін көтере бастағандай.Тұңғыш Президентіміздің «Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» еңбегі, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудамыз.Алтын бесік туған жердің жағдайын көтеруге нақты жоспарлар жасалынып, іске асырылып жатуы ауылдағы ағайындарға демеу бергендей болып отыр.Кешегі сән – салтанат қайтадан айналып келе бастады.Ауылдарда жарық беру тұрақтанып,су мәселесі шешіліп жатыр. Жабылған медпункттер, ауыл кітапханалары қайтадан қызмет көрсете бастады.Мектептер де мәдениет үйлер де жандана бастады. Ауыл жастарына деген арнайы бағдарламалардың іске асырылатын кезі де келіп жеткендей. Қаланың жұмысшы халқын арзан ет пен сүт, қаймақ пен май, нанмен, көкөніспен қамтитын қайырымды ауылды көтеру үшін бар мүмкіншілікті пайдалануымыз қажет.

Мен елімнің әсем де таңғажайып табиғаттарынан таңданудан ешқашан шаршамаймын. Бір сәт айналаңа көз салып қарасаң, терең ойға қаласың. Жап – жасыл жапырағын, иіп жаңа түскен келіндей сызылып тұратын ағаштар көңіліңдей әсем сезімнің ажарын ашып тұрғандай. Себебі, олар да біз секілді тәуелсіз елдің топырағында өсіп – өніп, содан нәр алып келеді. Егеменді елдің азаматы болу қандай бақыт екені айтпаса да түсінікті. Киелі Кеңес жері, құлаш жайған қазақ даласы біреулерге қол жетпес арман болса, мен үшін мақтан тұтар елім. Байлығы асты – үстіне бірдей біткен даласы жаны жайсаң дархан қазақтың өзі іспеттес. Қазақ халқының тау шыңындай өрлігі, құшағын ашқан кең – пейілділігі, бұлақтай мөлдір таза көңілі, еркелей соққан желдей аңғалдығы – осының барлығы туған жер табиғатынан дарыған екен – ау.Осынау бір дәуірде әрбір жыл емес,әрбір айлар, күндердің өзі керемет жылдамдықпен жаңалықтар мен жетістіктерге толығымен өзгешеленуде. Бұған біздің елімізде болып жатқан жайлар да мысал бола алады. Біздің ата – аналарымыз кезінде колхоз, совхоз дегендер болған,қазір жоқ. Оның орнына шаруа қожалықтары, фермерлер, серіктестіктер келіп, жұмысын жандандыруда. Заман түзеліп, тіршілік оңалып келе жатыр. Ауыл – қаланың асыраушы анасы. Ақ тамақ та, бидай да ауылдың адал еңбегінің жемісі. Ауыл жақсы болса, қалада тоқшылық болмақ. Ғылым мен техниканың жетістігін пайдалану арқылы ХХІ ғасырдағы қазақ ауылы зор экономикалық, әлеуметтік, рухани зор табыстарға қол жеткізер деймін. Әрбір отбасы өзінің жеріне ие болып, жерді өңдейді. Малды бірігіп бағып, жерді ортақ өндеп, техниканы ортақ жөндеп, әркім еңбегіне қарай ақысын алатын болды. Менің ойымша, туған жер дегеніміз – дүние есігін ашқан ауыл немесе қала ғана болмауы тиіс. Бұрынғы ата – бабаларымыз ел тұтастығын ойлап, туған елінің қай шетіне жау тисе, сол жерге алыстан ат арытып көмекке барғаны тарихтан белгілі. Аталарымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге жеткізген – ұлан – байтақ жеріміз, алтын бесігімізді мекен еткен қазақ халқы, барша ұлттарды бауырға басқан кең қолтық та мейірбанды халық. «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастар эстафетасы белсендік өмірлік көзқарасының ашық үлгісі және болашақ өміріміздің старты болды Жастардың күшімен ауылдық елді мекендер, саябақтар , көшелер, спорт алаңдары қайтадан жабдықталып, ондаған және жүздеген өзен – көлдердің аймақтары тазартылып, гүлзарлар, жасыл желектер отырғызылып, біраз игі істер тыңдырылды. Мен Кеңес ауылында дүниеге келдім. Ауылымыз жаңарып келеді, себебі ауылдың жастары жаңа үйлер салып, аулаларын жаңартып, ағаштар мен гүлдер егуде. Ауыл адамдарының күшімен ауылдың ортасына мешіт салып жатыр. Аудан әкімінің және аудандық білім бөлім басшылығының ұдайы қолдауымен біздің мектептің материалдық – техникалық базасы нығайтылуда. Қазіргі заман талабына сай биология кабинеті жабдықталған. Мультимедиялық кабинет бар. Мектебіміз 11 жылдық, кабинеттері қазіргі заманға сай жабдықталған. Мектепте білімді, білікті мұғалімдер қызмет жасайды. Жаңа үлгідегі мектеп салынбақшы.Менің туған жер жайлы толғанысымдыПрезидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мынау ойларымен сабақтай кетсем артық болмас деймін: «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата – бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық жолындағы күрестің Заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектіңкүшімен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді». Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде мен туған өлкемде, байтақ Қазақстанда, бүкіл әлемде тек бейбітшілік болса екен деймін. Туған жерге деген сүйіспеншілік шынайы, таза.Ұлылық деген осы! Оны басқа жерден іздеудің керегі жоқ. Жан – дүниемізде махаббат барда бәріміз де ұлымыз. Халқы ұлы елдің болашағы да зор екені баршаға аян. ХХІ ғасыр – бұл еліміздің тірегі болатын жастардың заманы. Біз өзімізге жүктелген сенімді түсінеміз және ақтауға тырысамыз. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен еліміздің халқы ауызбірліктің топтасқандықтың ерен үлгісін көрсетіп, аз уақыттың ішінде толағай табыстарға жеткенін бәріміз мақтан тұтамыз.

Менің үлкен арман – мақсатым – туған жерімді көркейту, елімнің баянды бақыты үшін жан аямай еңбек ету деп білемін. Туған жерді біздер, жас ұрпақтар сүймесек, оның ертеңі не болмақ?


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 116 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Шығарма: Менің Отаным — Қазақстан
Шығарма: Менің Отаным — Қазақстан
Шығарма: Қазақстан патриоты
Шығарма: Қазақстан патриоты
Шығарма: Туған жердей жер болмас
Шығарма: Туған жердей жер болмас
Шығарма: Туған елімнің, байтақ жерімнің патриотымын!
Шығарма: Туған елімнің, байтақ жерімнің патриотымын!
Шығарма: МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН
Шығарма: МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН
Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын
Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Отан
Шығарма: Отан
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Менің туған жерім
Шығарма: Менің туған жерім
Шығарма: Мен елімді сүйемін
Шығарма: Мен елімді сүйемін
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Туған жер
Қазақша шығарма: Отаным-мақтанышым!
Қазақша шығарма: Отаным-мақтанышым!
Мақал - мәтел: Туған жер, отан, ел
Мақал - мәтел: Туған жер, отан, ел
Мақал - мәтел: Отан
Мақал - мәтел: Отан

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Қасиетті жерім - Қазақстан туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Касиетти жерим - Казакстан на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Қасиетті жерім - Қазақстан, шығарма Қасиетті жерім - Қазақстан туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Касиетти жерим - Казакстан на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Қасиетті жерім - Қазақстан, Шығарма: Қасиетті жерім - Қазақстан шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы