Отаным-мақтанышым!

 Отаным-мақтанышым!

Оразалина Айдана
6 сынып, Халықаралық Мирас мектебі
Жетекшісі: Молдағалықова Қ.Т.

Өз шығармамды ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінен үзінді арқылы бастасам:

Бақытым бар үшінші - Отан деген.
Құдай деген кім десе - Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

«Отан» жай ғана айтылған сөз емес. «Отан» деген сенің жүрегің, қаның және жаның. Отан - сенің үйің. Ол сенің туған жерің ғана емес, ол сенің атамекенің. Отан десең алпауыт ұғымда естіледі. Өйткені Отан - сенің жүрегің.

Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан - Тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1-желтоқсанда өзіміздің президентімізді сайладық. Ол - Нұрсұлтан Назарбаев. Отанымыздың өз рәміздері қалыптасты. Тәуелсіздік алу - еліміздің барлық халықтары үшін аса маңызды тарихи оқиға. Қазақ елін әлемнің басқа да елдері тани бастады.
Туған жерімізде әр түрлі маңызды өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Біздің ең үлкен жетістігіміз - бейбітшілік. Қазақстан БҰҰ-на, халықаралық валюта қорына мүше болды. Еліміздің өз армиясы бар. Қазақстанның жер қойнауында барлық кеннің түрлері бар. «Жері байдың, елі бай» дегендей ұлан-байтақ даламызда жануарлар мен өсімдіктерде сан алуан. Біздің Республика ғарышқа бірінші рет жол ашты. Қазақ азаматтары Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. Ақырын қадам басып біздің Отанымыз дамыған елдердің қатарына ене бастады.

Біздің мақсатымыз бен міндетіміз - Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау. Біздің болашағымыз - жаңа технологиялар. Болашақта әр адам қазақ тілінде сөйлуге тиісті. Біз басқа да тілдерді меңгеру керекпіз. Әр азаматтың білім деңгейі жоғары болу керек. Отанымыз тек қана жоғары деңгейде дамуы керек. 2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 өтеді. Бұл біз үшін үлкен сын және қазақстандықтар бар күшін жұмылдыруға міндетті. Отанды сыйлау және қорғау әр азаматтың міндеті, бірақ осы міндеттің орындалуы - орындалмауы ол өзіңе байланысты. Белгіленген міндеттердің бәріне бірдей қол жете қоймас, әйтсе де, біздерге - қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді бет алыс керек, өйткені бәрі өз қолымызда, халық қолында. Мұқағали Мақатаев өз өлеңіде жырлағандай оты сөнген жалғанда жан бар болсаң, ойланбай-ақ менен кел от ал деп айтады

Мен үшін Отан қасиетті ұғым. Ол маған бәрінен де - асыл, бәрінен де - ыстық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі