Елбасы - елімнің тірегі
Мұқаш Жансая, 8 сынып оқушысы, 14 жас
Жетекші: Гүлжиан Серікбайқызы Бегайдарова

«Елбасы - елімнің тірегі»
Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңізді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым.
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Көңіл - күй серпілісімен сырымды ақтарсам, оның еш айыбы жоқ деп ойлаймын. Менің көңілімді серпіп, жүрегімді тербеп отырған бүгінгі күннің жеңістеріне жеткізуші, елін Абылай бабамның ақ жолымен, Махамбет бабамның өр рухымен басқарып отырған еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Осындай дана Елбасымен мақтанудың өзі, Елбасына арнап шығарма жазудың өзі бір бақыт деп білемін. Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш күннің Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Өз халқына қолынан келген жақсылықтың бәрін жасап жатқан Елбасымызбен мақтанамын. Осындай іргелі мемлекетті басқару үшін асқан көрегендік, білім, адамгершілік керек. Осы қасиеттердің барлығы тал бойына тоғысқан Елбасымыз – халқымыздың ең таңдаулы адамы. Бір данышпаннан: «Дүниеде кім бақытты?» – деп сұрапты. Сонда данышпан: «Елін бақытқа кенелткен адам бақытты», – деген екен. Халықтың дамуына сара жол салған, қазақстандықтарды бақытқа кенелткен қадірлі Елбасы, Сізден асқан бақытты адам жоқ шығар мына дүниеде?
Нұрсұлтан атамыз ат құлағында ойнап, шахматтан «мат» қойып, домбыраны күмбірлете күй тартып, әншілік өнерін де бойына тұндырған. Біз бақытты балалық шақты бастан кештік. Ата - анамызға еркеледік, достарымызбен алаңсыз ойнадық. Ал жас Елбасының балалық шағы ел өміріндегі қиын кезеңдермен тұспа - тұс келді. Бірақ әже өнегесі, ана тәлімі мен әке тәрбиесі оның бала жастан ширақ, батыл болуына ықпал етті. Қазақ халқында үйдің тірегі әке деп саналады ғой, ал Нұрсұлтан Әбішұлы – елінің тірегі, халқының қорғаны, тыныштығын сақтаушы. Әке баласына қалай қамқор болса, ол кісі халқына солай қамқор, бәріміздің әкеміздей.
Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар? Бұл тәуелсіздік – басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек деп ойлаймын. Басты біріктірер басшысыз ел болу қиын. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуды ойлаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының Тұңғыш Президенті болды. Сол кісінің бастауымен еліміз әлемге танылды.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тәуелсіз елін мақтан тұтатын жөні бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері талай - талай асқарлы асулар бағынды. Елімізде ұлттар достығы қанат жайып келеді. Бұл жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы - ең бақытты халық. Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауы – біздің адаспайтын жолымыз, айқын бағдарымыз. Елбасының әрбір сөзінде мән – мағына бар. Тәлім алар, тағылым боларлық құндылықтар жетерлік. Тәуелсіздіктің жиырма жеті жылында еліміз әлемге танылды. Ғалам бағалайтын қуатты елге айналдық. Елбасы жасөспірімдерге «Еліміздің ертеңі – сендерсіңдер, сондықтан қазақтың тарихын біліңдер, сабақты жақсы оқыңдар деп әрқашан өсиет айтады. Қазір мені «Болашақта елім үшін не істей аламын?» деген ой толғандырады. Ал осы сұраққа жауапты тек көп іздену мен мол білімнің арқасында табуға болатынын түсінемін. Сондықтан менің басты мақсатым – талмай оқу, білімнің биік шыңдарын бағындыру.
Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме, қазақ екеніме мақтанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында, Қазақстанды әлемдік биік белестерге көтеруге өлшеусіз әрекет етіп жатқан Елбасына ерекше ілтипатпен қараймын.
Елбасының елеулі істерін бір шығарманың барысында қамту мүмкін емес. Сондықтан бүкіл ұлтымыздың айбынды абыройы, киесі атана алған Елбасымызды мақтан ете отырып, біздер, өскелең жас ұрпақ, оның арманын іске асыратын тірегі болып, еліміздің Көк Байрағын биіктете берейік!
Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген ниетпен өз ойымды жүрекжарды өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Гүлденсін, көркейсін жеріміз,
Бақытты болсын тек еліміз.
Елбасым - елімнің тірегі,
Біргеміз, мәңгілік бір елміз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?