» » » » Балабақша сабақ жоспары: Ертегі ертегі сыр шертеді

Балабақша сабақ жоспары: Ертегі ертегі сыр шертеді

Балабақша сабақ жоспары: Ертегі ертегі сыр шертеді казакша Балабақша сабақ жоспары: Ертегі ертегі сыр шертеді на казахском языке
Тақырыбы: Ертегі- ертегі сыр шертеді.
Мақсаты: Балаларға ертегідей жағдайларды жұптаса орындату барысында сөйлей отырып,тілдік қорларын, ойлау қабілеттерін, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапсырмаларды жұптаса орындата еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: магнитофон, математикалық лото, кірпіштер, қоян, қасқыр, аю киімдері.
Технология: ТРИЗ технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойнату.
Сөздік жұмыс: жұптаса, көмектесеміз, зәулім, домалату.
Тәрбиеші: Кәне, балалар біз бір-бірімізбен амандасайық.
Балалар: Аппақ қардай көңілмен
Көк өрім көктем өмірмен
Жаздай жарқын сезіммен
Күздей жеміс төгілген
Қол ұстатсып шықтық біз
Қос бұрымды өрілген
Төрімізде отырған
Сәлем бердік сіздерге.
Тәрбиеші: Бізге келген қонақпен танысайық. Бұл кім екен?
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, балалар?
Тәрбиеші: Бауырсақ, сен бізге қалайша келіп қалдың?
Бауырсақ: Сендер білетін «Бауырсақ» атты ертегіден келдім.
Тәрбиеші. Балалар, сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?
Балалар: Қолдарын көтеріп айта бастайды.
Тәрбиеші: Өте тамаша ертегіні жақсы біледі екенсіңдер ғой. Ал, бауырсақ, сен қайда бара жатырсың?
Бауырсақ: Мен орманға саяхатқа бара жатырмын.
Тәрбиеші: Сендердің де барғыларың келеме?
Балалар: Барғымыз келеді. Жүріңдер. Ендеше бәріміз бірге барайық. (бауырсақтың соңынан еріп домалай жөнеледі). Балалар қолдарын домалата отырып «домалап-домалап» деген сөзді айтып отырады. Бір кезде алдарынын қоян шығады.
Қоян: Мен сені жеймін.
Балалар: Бізді жемеші саған ән айтып берейік.
Қоян: Жоқ менің ән тыңдағым келіп тұрған жоқ, оданда маған әдемі, зәулім үй салып беріңдер.Сонда ғана бауырсақты жемеймін.
Тәрбиеші: Ендеше қоянға көмектесіп, үй салып берейік. (балалар екі топқа бөлініп үйді сала бастайды).
Аю:(ойланып тұрып) Менде әдемі әуен бар. Маған сол әуенге билесеңдер мен бауырсақты жемеймін.
Балалар: Әрине, белеп береміз. ( балалар жұптасып билейді).
Аю: Балалар, сендердің билерің маған ұнады. Мен енді бауырсақты жемеймін.
Балалар: (бауырсақпен бірге домалап кете барады).
Түлкі: Бауырсақ-бауырсақ мен сені жеймін.
Балалар: Түлкі-түлкі сен бізідің досымызды жемеші. Біз саған ән айтып береміз.
Түлкі: Менің ән тыңдағым келмейді.
Балалар: Енді сізге не ұнайды. Ұнаған затыңызды айтыңыз?
Түлкі:Маған алжапқыш керек. Менің алжапқышымның әбден тозығы жетті.
Балалар: Түлкіге арнап әдемі алжапқыш дайындайды.
Түлкі: Рахмет. Қандай тамаша! Мен сендерге риза болдым. Енді бауырсақты жемеймін.(балаларбауырсақпен бірге домалап-домалап кете барады.)
Қасқыр: Бауырсақ -бауырсақ мен сені жеймін.
Балалар: Қасқыр аға бауырсақты жемеші біз сізге билеп берейік.
Қасқыр: Менің биді көргім келмейді. Маған мына есеп лотосын дұрыстап құруға көмек беріңдер.
Балалар: Жарайды, құрып береміз.
Тәрбиеші: Міне, балалар, бауырсақпен саяхатымыз аяқталды. Өз тобымызға да жеттік. Жұптаса жүріп, топтаса жүріп талай-талай қиындықтарды жеңдік. Бүгін бәріміз бауырсақты қорғап қалдық. Оны аюға, қасқырға, түлкіге жегізбей алып қалды. Енді біз қандай балалар екенімізді көрсетіп, тақпағымызды айтайық.

Біздің топтың ұл-қызы
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық сыйлаймыз......



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 64 | 6.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Ертегі ертегі сыр шертеді арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Ертегі ертегі сыр шертеді, балабақшаға Ертегі ертегі сыр шертеді арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жосп, Балабақша сабақ жоспары: Ертегі ертегі сыр шертеді