» » » » Балабақша сабақ жоспары: Сылдырмақ

Балабақша сабақ жоспары: Сылдырмақ

Балабақша сабақ жоспары: Сылдырмақ казакша Балабақша сабақ жоспары: Сылдырмақ на казахском языке
Мақсаты: Сылдырмақ туралы түсінік беріп,оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру; «3Д»форматында суретті бояуды,ұнаған түстерін таңдай білуді дамыту;ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: ойынға қажетті құралдар:ойыншықтар және олардың көлеңкелі бейнесі,сылдырмақтар,техникалық құрал:бейнетаспа
Билингвальды компонент: сылдырмақ-погремушка,қызыл-красный,сары-желтый,жасыл-зеленый,көк-синий.
Жылулық шеңбері
-Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Балалар жылулық шеңберін көтеріңкі көңіл- күймен орындайды.
Ойын: «Суреттің көлеңкесін тап»
Мақсаты:Танымдық,ойлау қабілеттерін дамыту.
Балалар ойыншықтардың суреттерін көлеңкелеріне орналастырды.
-Балалар,тыңдайықшы,біреудің жылаған дауысы естілетін сияқты.
Сол кезде есік қағылады.
Ішке немересімен әже кіреді. Әжемен амандасады.
Әже:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар.Менің немерем ғой жылап жатырған.Ойыншықтары да көп,ойнатсам да көнбейді.(Әжей ойыншықтарды көрсетеді) -Балалар,әжейдің немересін жұбату үшін дыбыс шығаратын ойыншық қажет шығар.Ал,әжейдің немересінің дыбыс шығаратын ойыншықтары жоқ екен.
Мен тапқан сияқтымын,қандай ойыншық екенін білу үшін жұмбақ шешейік.
-Бесікке іледі,
Әнін де,дәмін де,
Сәбилер біледі.
Бұл не?
-Сылдырмақ.
Слайд көрсету.
Сылдырмақ түрлерімен танысу үшін теледидарға назар аударады.
Билингвальды компонент: сылдырмақ-погремушка, қызыл-красный,сары-желтый,жасыл-зеленый,көк-синий.
Балалар қайталайды.
-Сылдырмақтың түрлері көп.Ол кішкентай сәбилерді жұбатып, сылдырлатып ойнататын ойыншық.Сылдырмақты сылдырлату арқылы аналары балаларына бесік жырын айтқан.Жылап жатырған сәби сылдырмақтың дыбысына жұбанған.Сонымен қатар сылдырмақ сілкімелі музыкалық аспап.
-Балалар,әженің немересін жұбату үшін сылдырмақ салып берейік.
Сергіту сәті:"Сылдырмақпен би"
Қолымызда сылдырмақ,
Сылдыр-сылдыр етеді.
Аяғымыз тыпылдап,
Өзі билеп кетеді
Тып,тып,тып,тып,
Тыпылдатып биге шық.
«3Д» форматында жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп ,түсіндіру.Екі түсті алмастыра пайдаланып,салынған суретті солдан оңға қарай бояу.
Балалар жұмыстанады. Сылдырмақты «3Д»форматында әдемілеп бояйды.
-Енді,балалар, жұмысымызды аяқтасақ саусақ жаттығуларын жасап алайық.
-Кел,санайық,санамақ,
Саусақтарға қарап ап.
Басбармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Саусақ жаттығуларын өлең жолдарын қайталай отырып орындайды
Ән: «Сылдырмақ»
Сылдырмақпен ән айтады.
«Қайтала»ойыны.
Шарты:Тәрбиеші сылдырмақты сылдырлатады,балалар қайталайды.Егер дұрыс орындамаса-нәрестенің жылаған дауысы естіледі,дұрыс орындаса-күлген дыбыс шығады Ойынға қызыға қатысты.
Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай сылдырмақтарды орналастыр»
Шарты:Нәрестелердің киімінің түсіне сәйкес келетін сылдырмақтарды қою.
Балалар түрлі-түсті сылдырмақты нәрестенің киіміне сәйкес тауып қояды.
-Балалар,бізге кімдер келді?
-Әженің немересіне не жасап бердіңдер?
-Сылдырмақтың түстері қандай?
Балалар сұрақтарға толық жауап береді
Әже «рақмет» айтып сыйлық береді.
Мадақтау.Балаларға «таңбашалар»үлестіру.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Ойын арқылы ойыншықтарды көлеңкесіне орналастыруды;
Қандай түсініктерді игерді: сылдырмақ және оның не үшін қажет екендігін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сылдырмақты «3Д»форматында әдемілеп бояуды біледі......



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 46 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Сылдырмақ арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Сылдырмақ, балабақшаға Сылдырмақ арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары балабақша жы, Балабақша сабақ жоспары: Сылдырмақ