Зекет беру

 Зекет беру

Қиналғанға көмек берсең көңілмен,
Алла нұры үстіңе кеп төгілген.
Зекет беру – жақсы істердің жаршысы,
Қайырыммен иманды боп көрінген.

Зұлым істен аулақ болсаң сананың,
Дейді екен Алла менің адамым,
Қол көмегің ертеңгі күн аралар,
Ана өмірге себеп болар сауабың.

Зекет беру- имандылық белгісі,
Бермегеннің болар әр кез кем тұсы.
Зекетпенен еселенер жиғаның,
Жомарт болсаң бақтың келер ергісі.

Ана өмірде тозақ оттан алып өтер,
Жырақтан аулақ ізін салып өтер.
Зекет берсең кемшінге өз әліңше,
Оралып сауап болып барып жетер.

Байлықты бермес Алла тектен-текке,
Тәубе қылып барсаңдар іздеп Мекке.
Жарлыны жарылқасын деп береді,
Кеудесін кермесін деп қалың көпке.

Зекетің зейнет болсын алдыңдағы,
Аузыңнан кетпесінші бардың дәмі.
Бар болсаң өзгелерге көмектескін,
Сонда ғой өмір сәні, өмір мәні.

Қол көмекті аяма қолдан келсе,
Сол жетеді Жаратқан қолдап жүрсе.
Қол –аяғың аман-сау болып тұрса,
Бәрі келер бақытың шыңдап күлсе.

Байлығың мәңгілікке тұрмақ емес,
Түбіне жетем деуің құрғақ елес.
Тапқаныңды аямаса мұқтаж жаннан,
Иманы асып-тасқан жанға теңес.

Тойса да өзі, біреулердің өзі тоймас,
Менікі деп жолдағының бәрін қоймас.
Сені де керек етер мұқтаждар бар,
Бөлігін берсең байлық дәмін жоймас.

Қолдан келсе берген іске не жетсін!
Алла бізді нұрыменен кенелтсін.
Мұқтаж жанды ұмытпасақ өмірде
Алла бізді көмек етіп жөнелтсін.

Бұл өмір-сынақ өмір, жалған өмір,
Адамды сынамаққа салған өмір.
Қайырыммен іс етейік сауап болар,
Ізіне ермейікші жалған көңіл.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі