Үйлену тойында жеңге тілегі

жеңге, жеңеше, тілек, үйлену той, мұсылманша тілек, тойға тілек, жас жұбайлар

ЖЕҢГЕНІҢ ТІЛЕГІ:

Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін, 
Өзінің тапқан екен жар-жұлдызын. 
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің, 
Жеміске толы болсын әрбір күзің. 
 
Шуағын төге берсін, 
Алла нұрын. 
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын. 
Үйіңе апыр-топыр 
Ұл-қыз толып, 
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың! 

 

ҚҰРБЫ-ҚҰРДАСТАРДЫҢ  ТІЛЕГІ:

Бойдақтық қалды қынжылма, 
Тағдырды теліп бір қызға. 
Құрметпен қара, жан досым, 
Қолыңа қонған жұлдызға. 
 
Ұлдарың болсын тұлымды, 
Қыздарың болсын бұрымды. 
Қосағыңмен қоса ағар, 
Еліңе болып жұғымды.


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу