Үйлену тойында ана тілегі

ана тілегі, ана, тілек, үйлену той, мұсылманша тілек, тойға тілек, мама

АНАНЫҢ ТІЛЕГІ:

Айналайын, құлындарым! Алла Тағала Құранда ерлі-зайыптыларды: «Олар – сендер үшін киім, сендер де – олар үшін киімсіңдер» , - деп сипаттаған. Демек, адамның киімге, киімнің адамға қарым-қатынасы қандай болса, әйелдің еріне, ерінің әйеліне деген қарым-қатынасы да тура сол секілді болуы керек. 
Киім адамды безендіреді, ажарландырады, көркін ашады! Дәл сол секілді бір-біріңе жарасымды, жағымды жұп болыңдар! Киім - ыстықта пана, суықта қорған болатыны секілді сендер де жақын қарым-қатынаста болып, қиындықта, сынақта, ауыртпашылықта біріңе-бірің қорған болыңдар.  . 
Киім адамның айыбын, ұятты жерін жасырады, Әйел мен еркек те – бір-біріне перде, кемшіліктерін жасырушы, сыртқы дұшпаннан көлегейлеуші болуы тиіс. Олай болса, бір-біріңе сүрінгенде сүйеніш боп, алдымызда жарқырап, өсіп-өніп, жадырап жүре беріңдер! Алла сендердің бақтарыңды ашып, алдарыңнан ақ күн тудырсын!


Қуаныштан толқиды мына жүрек, 
Өріс кеңіп, жатырмын құдалы боп. 
Ашық екен қабағы келінжанның, 
Жұрт көңілінен ойлаймын шығады деп. 
 
Айтып жатыр ел түгел пәк тілегін, 
Береке мен келеді бақ тілегім. 
«Аяғынан келіннің» деген сөз бар, 
Өтсін дәйім аялап нақсүйерін. 
 
Дейді екен «Той – құдайдың несібесі», 
Өрлей берсін жастардың көші, қосы. 
Тату-тәтті екі жас ғұмыр кешіп, 
Есте қалсын мәңгіге осы кеші. 
  
Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір, 
Мәңгілік балаларымды бір ет, Тәңір! 
Түтіні түзу өрлеп жас отаудың, 
Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл!


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу