Үйлену той: жас жұбайларға ең әсерлі тілектер топтамасы

Үйлену той: жас жұбайларға ең әсерлі тілектер топтамасы

Үйлену тойы әрбір отбасының басына туатын қуанышты жайт. Ата-ана той-думанның барынша жақсы өтуіне тер төксе, келген меймандар өздерінің ізгі ниетті тілектерін білдіріп әлек. Алайда, тойда сөз сөйлеуден қашқақтап журетіндер де кездесіп жатады. Ойда жоқта тұрғаныңызда асабаның микрофон төсеп қалуы ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін жас жұбайларға арналған ең әсерлі тілектер топтамасын ұсынады.



Мазмұны:



Үйленген жастарға тілек

Бір пәлсапа: «Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», - деген екен. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін! Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», - деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар! Өмір сүрудің екі негізі бар екен: Біріншісі – үйретуден аянбау; Екіншісі – үйренуден жалықпау. Міне, осы қағиданы басшылыққа алыңыздар.

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты. Екі жүрек ұғынысты, табысты. Тілейікші аппақ арман-ағысты. Тұлпарға тән озып шығар шабысты. Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп. Кел, достарым, жақсы тілек етелік! Үйленгендер – алтын сарай салғандар. Балалығы естелікке қалғандар! Қалады енді балалық шақ ертек боп. Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп! Екі жұбай – қатар тұрған періште. Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!

Құрметті жас-жұбайлар сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүретен құттықтаимыз. Жана омірге аяк бастыныздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсін. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын…аспанда канша жұлдыз болса сонша бақыт тілеймін!

Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

Армысын айналайын күйеу бала. Қызымызға ертенгі сүйеу жарыңның жұлдызы, бол құндызы бол. Біз үшін Саядай дос біреу ғана. Ал …….. қолына қондырған ақ құсын құтты болсын. Біздің …….ды ешқашан ренжітпей аялап отет деп сенемін. Құрып жатқан шанырақтарыңыз ешқашан шайқалмай, іші сәбидін былдыры мен ойыншықтың сылдырына толы болғай. Тек қана Аллахтың ажарында, бақыттың базарында болыңыздар

Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!! Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар! Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын! Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін! Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!

Бақыт адамнын басына бірден қонбайды. Бақыт ең бірінші адамның аяғына қонады. Оны көтерген адам котереді. Көтермеген адам талтаңдап жүре алмай қалады. Одан кейінгі бақыт адамның аузына қонады. Оны көтерген адам көтереді көтермеген адамның аузынан ақ ит кіріп көк ит шығады дейді. Одан кейінгі бақыт адамның көз жанарына қонады дейді. Оны көтермеген адамның козін шел басып қасындағы жақындарын кормей калады дейді. Ал одан кейінгі бақыт адамның басына қонады дейді. Бұдан менің айтқым келіп тұрғаны – сендердің бастарыңа да тек бақ қонсын!


Қарап көріңіз:


Құрметті отау иелері, сендерді бүгінгі шаңырақ көтеріп отырған мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Осы ауылдың «ат байлар» беделді, сыйлы, улгілі отбасы болуларыңды шын жүректен тілеймін! Махаббаттарың баянды, өмірлерің бақытқа толы болсын!

Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын.
Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын!
Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», - деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!
Өмір сүрудің екі негізі бар екен:
Біріншісі – үйретуден аянбау;
Екіншісі – үйренуден жалықпау.
Міне, осы қағиданы басшылыққа алсаңдар, иншалла, бақытты боласыңдар деп ойлаймын.
Той ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Тойларың құтты болсын!

Таудан құлаған егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – Біздікі!
Барша гүлдің сыйлайтын ляззаты бір – сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы мен қарасы – қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз: түйісу болсын, соңынан сүйісу болсын! Құшақ жайып, төс қағысайық, қымбатты құдалар!



Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!!
Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар!
Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын!
Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын!
Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін!
Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!


Тойға қызықты әңгіме

 Бір күні бақ келіп жаңа отаудың есігін қағыпты:
- Кім-ей бұл? – депті жаңадан түскен жас келін.
- Мен Бақпын ғой, үйіңе кіргіз, - депті Бақ.
- Жоқ, есікті аша алмаймын: төргі үйде атам жатыр, ауызғы үйде өзіміз жатырмыз, - дейді келін.
Екінші күні есік тағы да тықылдапты.
- Бұл кім?
- Мен – Дәулетпін ғой, үйіңе қонып кетейін, - депті есік сыртынан Дәулет.
- Жоқ үй бос емес, - деп тағы да есігін ашпайды.
Үшінші күні есік тағы тықылдайды.
- Кім екен дейді? – дейді келін.
- Ынтымақ едім. Келін есікті ашып, Ынтымақты үйіне кіргізіпті. Барлығын естіп жатқан атасы сонда:
- Дұрыс жасадың, шырағым, ынтымақ орын алған жерге бақ пен дәулет өзі-ақ келеді, - деген екен.
Біз де отауларыңыздан өмірлік ынтымақ кетпесін деп тілегіміз келеді.  



Тойға өлең

Шарықтап бақыттың жүр өмір көгін,
Қосылған қос бәйтеректей, армысыңдар!
Той үстінде гүлдесін көңілдерің
Ақ ниетті көпшілік алңысынан!

Бұл жүрек қуанышқа тойған емес,
Сол алғыстан гүлдесін дала мынау.
Марат та сабау басты бойдақ емес,
Сен енді күйеу болдың, қарағым-ау!

Күтеді сыбағасын алдан көп күн,
Жаныңның оты мәңгі жалындасын.
Киноға жеке барар халден кеттің,
Сен енді келін болдың, қарындасым.

Кешегі ұяң Жанат қыз да бүгін келін атанды,
Енді адал ана болсын, адал сүйсін Отанды.
Марат-інім қос жұлдызға әке болсын ақ шашты,
Сол болашақ ұрпақ үшін берейін мен батамды.



 Аяқ екеу, қол да екеу,
Көз дегенің – ол да екеу.
Екеу және құлақ та,
Жүрек жалғыз бірақ та.
Сондықтан да сол жүрек
Күйіп, жанып, өртеніп
Естісін деп лебізін
Іздейді екен серігін
- дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! 


Пайдалы сілтемелер:


Аяқ екеу, қол да екеу, Көз дегенің – ол да екеу. Екеу және құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. Сондықтан да сол жүрек Күйіп, жанып, өртеніп Естісін деп лебізін Іздейді екен серігін - дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! 


Тойға 8 шумақ өлең

Той бастап жатып сыйлас, дос адамым,
Жақсы сөз-лебіздерді қош аламын.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз беріктігін босағаның.

Шырқаса шабыттанып ақын бүгін,
«Тойбастар» деп айтайық атын мұның.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен
Тілейік құдалардың татулығын.




Білімің қатарыңнан асып өтсін,
Бақытың абыроймен тасып өтсін!
Артыңнан өлмейтұғын ат қалдырып,
Жалғанда жалпағынан басып өтсін!

Нұрланып жол ашылсын қадамыңнан,
Мерейің үстем болсын талабыңнан,
Ұл мен қыз қуанышы қабаттасып,
Көркейсін келініміз балағынан!



Оразақын Асқардың тойға арналған өлеңі

Оңайда емес, қиында емес үй болу
Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену
Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның
Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру

Болады онда, ішкі де сыртқы саясат
Аяық жарды, біреуді егер аясақ
Жақсы үйде болмақ, әскери қатаң құпия
Жүрмеңдер әсті, ішкіні сыртқа жаясап

Қашанда жарға керегі жылы назарың
Жалғыссыратпа тартқызба өмір азабын
Мен сөйтіп едім, сен неге бүйтпей журсің бе
Сауданың үйге орнатпау керек базарын

Асығыстықтан ашудан абзал безінген
Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен
Жар деген өзің, өзің деп тапқан жалғызың
Кешірімді бол келіспей жүрме өзіңмен

Киелі зат жоқ жарыңның махаббатынан
Екеуінді де аялау оны шақыра
Көсегелерің көгерсін берген ақ батаң
Сендерден бұрын үй болғандардың атынан.


Үйлену тойға қысқа тілек

Өмір-тойы, көңіл-тойы – үйлену,
Үйлену, бұл – мәңгі көктем күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.



Ағайынның ақ ниеті деп ұғын,
Келін-бала, ажырамас тел ұғым.
Елден бұрын төбем көкке жетеді,
Десе біреу: «Жақсы екен келінің!»



Кел сүйейін маңдайыңнан, кел, күнім,
Ақ тілеуім ақ отауға ен, гүлім.
Шайқап ішіп бал шарабын бақыттың,
Қуаныштан мас болайын мен бүгін.



Келін боп түскен бүгін әдемі қыз,
Үлкенге түзу болсын сәлеміңіз!



Бірге тойлап жастардың қуанышын,
Байқатайын жүректің жыр ағысын.
Көтеремін, туғандар, осы тосты
Ұл-қызы ортақ құдағи-құдам үшін!



Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын!
Достық пенен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!



Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол.
Бір баламыз екеу болсын,
Жас жұбайлар одағы бекем болсын!



Егіз аққу сияқтанған достарым,
Бастапсыздар жұбайлы өмір-дастанын.
Мықты болсын тіккен ордаң-отауың,
Құтты болсын алғаш түндік ашқаның!



Бір ісіңнен асып түсіп бір ісің,
Шарықтасын құт-береке – ырысың.
Отауың да кішігірім – отаның,
Мәңгі болсын,
Мәнді болсын Ұлысың


    Тойға 16 шумақ өлең

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

Ақ тілегін ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.

Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!



Құрметті тойшы қауым!
Бүгін міне Сырымның ауылында,
Алатаудың бауырында
Жадырасып жарасатын,
Жамырасып тарасатын,
Балдай тәтті тілектер тыңдалатын,
Ән тербеген жүректер нұрланатын,
Қызығы күннен күнге жырланатын,
Келмегендер қызықтан құр қалатын
Бір тамаша той болып жатыр.
Ол-бүгінгі Асқар мен Ботаның шаттыққа толы шаңырақ көтеру екені баршаға мәлім. Сол той тойларға ұласып жалғасын таба берсін!




Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!



"Махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!



Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер!



Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

«Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Ќос өзен сынды ќос тағдыр бүгін ќосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі ќадамдар.

Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшыраќ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу, ќараќтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан ќуаныш кетпей, баќ күліп.

Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп, бабадан ќалған әулеттің
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.

Адами ғұмыр болары айќын бір нүкте,
Жаќсылыќ келер, ынтымаќ бар да, бірлікте.
Бас ќосќан жастар сендерге үлкен тілегім –
Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.

Жас жұбайлар, кездессе не күндер,
Мұқалмаңдар мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен,
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер.

Сүйген жүрек сөнбесін, жалындасын!
Сүйген жүрек өзгені сағынбасын!
Жас жұбайлар қосағымен қоса ағарып,
Бақыттары алдарынан жарылқасын.

Қымбатты жас жұбайлар .... - .........!

Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ......... осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған .......... жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!

Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.

«Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» немесе «Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді» деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын.
Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.

Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар.


Тойға әзілді тілектер


Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады:

Құрметті...........! Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп, шалбардың қырын сымдай, көйлекті тегіс жымдай жатсам, атын атамай-ақ қояйын, біреу келіп, «мына хатты тойда оқып берші», - деп қиылып тұрып алды. Уәде берген соң, оқымасқа амал жоқ:

Қымбатты ..........! Жанымнан жақын көрген жүрегімнің жартысы өзің едің! Енді міне сен де мені қиып, басқа жанмен отау құрып жатырсың. Қалайша ғана ұмыттың, естен кетпес талай айлы түндерді екеуміз бірге өткізіп едік қой. Сонда сен мені, мен сені қимай, арман құшағына терең бойлап, талай арайлы таңдарды қарсы алған едік. Жұбымыз жазылмаған кездерімізді еске алсам, қаяулы көңілім қарс айырылады. ....., өзің айтшы, қалай мені басқаға айырбастап кеттің? Өзіңмен қоштасу атты тойыңа келе алмасам да, хатымды жолдап отырмын. Тым құрығанда анда-санда еске алып отырарсың. Тағы не жазайын, мен сенің жүрегіңде мәңгі орын теуіп қалмасымды біле тұрсам да, бірге өткізген жалынды жастығымыз, уылжыған бал түндеріміз бен шуақты күндеріміз сенің есіңде мәңгіге жаңғырып қалатындығына кәміл сенуші өзіңнің сүйікті /біраз үнсіздік/ бойдақ кездерің!



Құрметті ....... мен .......!
Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге тілерім жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын!
Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.
Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын.
Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарыңыз биік босағаларың берік болсын
................. Жаңылға адал жар бол, Жаңыл осы шаңыраққа қонған бақ құсы бол. Ата-ана, туған-туыс пен бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын.

Қадірлі қонақтар!
Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!
Сіздерге осы қуанышты күнде босағаларыңның берік, керегелеріңнің кең, абыройлы, көңілдеріңнің тоқ, адал еңбектің арқасында табыстарыңның мол, алақандарыңның ашық, өмірге машық, жаңалыққа ғашық, ұрпақтарыңның ер болуын тілей отырып, мына өлең жолдарын өздеріңізге арнаймын;
Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену,
Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз босағаның беріктігін.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілеймін құдалардың татулығын.
Өмірлерің бақытты әнді болсын,
Өңірлерің осындай сәнді болсын.
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

Құрметті, отау құрып отырған қос ғашықтарға тілерім:
Махаббат деген биік тас,
Оған ешкім жете алмас,
Жетеді оған тек қана
Қол ұстасқан екі жас...
Бұл өмірде мәңгі қол ұстасып жүріңдер, жұптарын ажырамасын, қосақтарын қос ағарсын. Бақытты болыңдар!!!


Сіңілісі немесе інісі әпкесіне тілек

 Қалықтап махаббаттың аспанда әні,
Жайылды думан-тойдың дастарханы.
Ұғынысқан жүрекпен тұр ғой бүгін,
Тағы бір жұбайлық жол басталғалы.
Сақталып салт-дәстүрім ұлтымда әлі,
Азаттықтың бесікте бұлқынды әні.
Бүгінгі той аяулы әпкеміздің,
Қалыңдық боп бақытқа ұмтылғаны.
Қосылып ақ батамен тағдырлары,
Тілеулес болды айнала жанның бәрі.
Бүгінгі той әпкені жездеміздің,
Аялап алақанға қондырғаны.
Той деген-қос жүректің атар таңы,
Жұбайлық жолда үлкеннен бата алғаны.
Бүгінгі той сезіммен екі жастың,
Бір кемеде жолаушы атанғаны.
Естіді ме олардың таң сырларын,
Деді ме екен бақыт боп қонсың жарың.
Осынау аппақ тілек-ақ сапарда,
Әпкеме деймін енді: "Жансын бағың!"
Қуаныш жүректерге құйды лебін,
Той деген шаттықты ән,күй-білерім.
Болашақ өзі тіккен ақ отауда,
Әпкеміз болсын енді сыйлы келін!
Уақыт жылжыр-дағы баяу алға,
Келер күн талай мақсат қояр алда.
Жезде,әпке сол жолда сүрінбеңдер,
Жар деген жаралған ғой аялауға.
Нұрынан қуат алып Дала-таңның,
Бір-біріңе әркезде бақ атанғын.
Ішінен шаттық күлкі үзілмесін,
Өздерің қалап тіккен ақ отаудың!
Жалғаған халықпыз ғой сан дәстүрін,
Иман-серік,сабыры-жолдас бүгін.
Жездем мен әпкеміздің осы тойы,
Тапсыншы мәңгілікке жалғастығын!


 Жеңгесі

Келін көп бүгін,
Кемел боп көңіл тасуда,
Өрімдей жастар аттанды өмір-асуға.
Ананың күткен таңы да атты арайлап,
Ағайын-туған тілегін аппақ қосуда.

Құдалардың да
Қадамы құтты болса екен,
Заманың тыныш,
Еліңе ырыс толса екен.
Аға мен жеңгең жас шаңыраққа тілекші,
Бақ құсы келіп осынау үйге қонса екен.

Бақыттың құсын
Қолыңа, қалқам, қондырдың,
Шаттықтан шалқып шадыман болып мен жүрмін.
Біреудің ол да әлпешпен өскен баласы,
Балалығыңды байсалдыққа жеңдіргін.

Көркем ұл едің
Көріне білгін биіктен,
Өркенім едің,
Біріңді – бірің сүйіп пе ең?
Әкенің мейірін,
Ананың төсін иіткен!

Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
Жеміске толы болсын әрбір күзің.

Шуағын,
Төге берсін,
Тәңір нұрын.
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
Үйіңе үбір-шүбір,
Ұл-қыз толып,
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың.


Анасының тілегі

 Табыстырып махаббат-алау, жалын,
Орындапты екі жас пәк арманын.
Біріңді-бірің сүйіп, отау құрдың,
Құтты болсын алғашқы қадамдарың.

Өмір-керуен,
Әлі алда сынар күн,
Көрініңдер қасынан жақсылардың.
Ақ батамды беремін қос батама,
Бір құдай мен құдама тапсырамын.

Сарқылмасын сыйластық, сіз-бізіміз,
Қуанышсыз өтпесін бір күніміз.
Ұяда ұл-қыз өрбіп өнегелі,
Жарқырай берсін бақыт-жұлдызымыз.

Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір,
Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!
Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,
Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл! 


Досының тілегі

Бұл күні тойың боп жатыр,
Ей, асыл досым елдегі.
Мені де ортақ деп білгін,
Шаттыққа осы сендегі.

«Тілегім айтар –
Болғай да
Келіннің құтты аяғы», -
деп жатқан ұлы тойыңда
Жан досыңмын ғой баяғы!


 Бойдақтық қалды қынжылма,
Тағдырың теліп бір қызға.
Құрметпен қара, жан досым,
Қолыңа қонған жұлдызға.



 Күн өтті шалқып желпінген,
Бұғауға түстің еркіңмен.
«Сүйемін!» дедің жарыңа,
Таймағын сол бір сертіңнен.



 Азамат дейді сені жұрт,
Басыңнан кештің серілік,
Әке де әлі боласың,
Жарыңды сүйгін беріліп.
Ұлдарын болсын тұлымды,
Қыздарын болсын бұрымды.
Қосағыңмен қосыла айт,
Махаббат атты жырыңды. 



Айтар біздік тілек – сол:
Тойың тойға жалғассын!
Ойың ойға жалғассын!
Заңғар ұл-қыз отау тіксін,
Ұрпақ көрсін – жалғассын!
Тотыдайын таранған бұл ханымның,
Аппақ қардай әже болып,
Етегіне немерелер, шөберелер жармассын!
Бұл тілектер орындалып жатқанда,
Өзің де, құрдас-досым жерде қалмассың!


Құрбыма тілек 

Бір-бірлеріңе бағынышты, сағынышты сезімдерің мәңгі сөнбесін, сыйластықтарың, қимастықтарың ешқашан таусылмасын, махаббат әлемінің нұрлы аспанында жұптарың жазылмай, қанаттарың талмай самғай беріңдер!
Өмірде қалса екен жарқын іздер, Жарасып, қол ұстасып өтіңіздер. Жұптарың жазылмасын өмір бойы, Арманға – алтын тойға жетіңіздер.



Ер жігіттің зор міндеті- үй болу,
Сәбилердің күлкісіне үй толу.
Жалғастырып баба жолын басталған,
Шаңырағын биік етіп үй жону.
Шайқалмасын шаңырағың тілеймін,
Орамасын отбасыңды дүлей күн.
Босағалар берік болып, терезең
Теңдей болсын өзгелермен күн игің.

Махаббат аспанында,
Қосылып бастарың да,
Бақ қонып құтты болсын басқан қадам.
Тілектің астарында,
Бірге өмір бастадың ба,
Отбасыңа таң қалсын көрген адам.


Атасының тілегі

 Әкесіне – ұл айбын,
Шешесіне қыз – айдын.
Келінді сүйіп маңдайдан,
Бергені деп құдайдың.
Бағын аш деп Алладан,
Амандығын сұраймын.

Көсегесі көгеріп,
Бала-шаға көп өніп,
Өндірдей екі өркенің,
Қуанышын көрейік,
Батамызды берейік.
Тоймен өтсін талай күн,
Тең-құрбыдан қалыспай,
Алды болсын талайдың! 


Әріпесінің тілегі

Әріптесіміз .... шаңырақ көтеріп, отау құрып жатқан мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, төмендегі жыр жолдарын арнаймыз!
Жақсыға төрден орын табылады,
Қолдайды ата-баба аруағы.
Бірге соққан аяулы қос жүректің,
Биік болсын көтерген шаңырағы.

Тепсе темір үзетін отағасы,
Гүл-гүл жайнап, құлпырып отанасы.
.... мен .... дей екі жастың
Берік болсын мәңгілік босағасы. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: ZHARAR
  • 1 140 692



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 16
  1. Досымның Тойына тілек керек еді
    2 + 1 -
    ?Досым Үйлену тойына тілек керек еді
  2. үйлену тойға тілек
    5 + 1 -
    Сендерге нәзіктік мен шынайы махаббат, сенім мен түсіністік, бақыт тілеймін. Барлық жерде бір-біріңе қолдау көрсете біліңдер. Бір-бірің үшін өмірдің тірегі мен мән-мағынасы болыңдар. Шаңырақтарыңнан тыныштық пен молшылық, мейірімділік пен жылулық кетпесін, үйлерің сәбидің қуанышты күлкісіне толсын. Бірге өткізген әрбір сәтті бағалай біліңдер. Өмір атты өзендерің тұнық, суы мөлдір, арнасы терең, бай болсын. Алла сендерге барлық бастамада қолдау көрсетсін. Ұстасқан қолдарың мәңгі болсын!
    -----------------------
    Құрметті жас-жұбайлар! Сендерді бүгінгі айтулы мерекелерің – шаңырақ көтерген күндеріңмен шын жүректен құттықтаймын. Бір-біріңді мәңгі сүйіп, бақытты болыңдар, сезімдеріңді бағалап, үнемі бір-біріңе қолдау көрсетіңдер. Отбасылық бақыттарың махаббатқа, нәзіктікке және қамқорлыққа толы болсын. Бір-біріңді түсініп, кешірімді болыңдар. Шаңырақтарыңнан көп күттірмей сәбидің қуанышты күлкі естілсін! Махаббаттарың мәңгі болсын!
    ---------------------------------
    Қымбатты жас-жұбайлар! Бұл өмірде адамдардың бір-бірін, өздерінің махаббатын табуы өте маңызды! Бұл бақыттың да сендерге бұйырғанына қуаныштымын. Екеуіңді махаббат кездестірді! Сендерді бүгінгі үйлену тойларыңмен, қуаныштарыңмен, махаббаттарыңмен, жаңа өмірлеріңмен құттықтаймын! Сендерге ұстасқан қолдарыңды берік сақтауға көмектесетін, барлық қиындықты жеңіп шығатын адал махаббат, шыдамдылық пен кішіпейілділік тілеймін. Бір-біріңді түсініп, бір-біріңді кешіре біліңдер! Бақытқа, қуаныш-шаттыққа толы ұзақ күндер тілеймін. Күндерің жарқын, берекелі, мерекелі болсын, үйлерің бала-шағаға толсын!
  3. екі жасқа тілек
    екі жасқа тілек 25.04.2021 13:05
    2 + 0 -
    Құрметті жас-жұбайлар көтерген шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер! Екі жасты осы қуанышты күндерімен құттықтаймын. Босағаларың берік, керегелерің кең болсын! Жездем әпкеме адал жар болсын, әпкем осы шаңыраққа қонған бақ болсын! Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер! Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!
    --------------------------
    Құрметті жас-жұбайлар жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын! Сендерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңмен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңбмн шын жүректен құттықтаймын. Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын! Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін. Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын. Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын.
  4. Меруерт Айса
    Меруерт Айса 08.10.2017 06:15
    3 + 0 -
    маған туған әпкемнің тойына айтатын тілек керек еді ... Тауып бере аласыздарма?
  5. Серикбай Маханов
    0 + 0 -
    МАЙ ТОПЫРАҚ . Май топырақ шаң көтердің тездетіп , Балаң келді өскен жерге ер жетіп . Сағынышым , топырағым туған ел Елестейді өңіріңнен жел есіп . Бұлдыр сағым есімде тұр балалық , Жаза алмадым дер кезінде жаңалық . Жастық шақта тұлым шашты қыздармен Талай бірге топыраққа аунадық . Есейсемде жасырайын мен неге , Шомыламыз суға түсіп өзенге . Күн шыққанда іздеп жүріп көлеңке Жүгіреміз қыр гүліне – беленге . Өтті дәурен оралмайтын енді бір , Міне бүгін сол күндерде өмір жүр . Сыр ғып өскен қыздар қайда маралдай Іздеймін кеп топырақтан өлең жыр . Елеңдеймін өзгеріске шарқұрып. Сүгіреттер тұр қыздың көркін жамылып . Шілдедегі майдай ыстық топырақ Шақырасың қыз бантикті сағынып . Ізім қайда табынамын топырақ , Қасиетің тұмар болып тағылмақ ? Алақанға уыстаймын қос қолдап , Кеудемдегі арманымсың бір жұмбақ .
  6. Серикбай Маханов
    0 + 0 -
    МАЙ ТОПЫРАҚ . Май топырақ шаң көтердің тездетіп , Балаң келді өскен жерге ер жетіп . Сағынышым , топырағым туған ел Елестейді өңіріңнен жел есіп . Бұлдыр сағым есімде тұр балалық , Жаза алмадым дер кезінде жаңалық . Жастық шақта тұлым шашты қыздармен Талай бірге топыраққа аунадық . Есейсемде жасырайын мен неге , Шомыламыз суға түсіп өзенге . Күн шыққанда іздеп жүріп көлеңке Жүгіреміз қыр гүліне – беленге . Өтті дәурен оралмайтын енді бір , Міне бүгін сол күндерде өмір жүр . Сыр ғып өскен қыздар қайда маралдай Іздеймін кеп топырақтан өлең жыр . Елеңдеймін өзгеріске шарқұрып. Сүгіреттер тұр қыздың көркін жамылып . Шілдедегі майдай ыстық топырақ Шақырасың қыз бантикті сағынып . Ізім қайда табынамын топырақ , Қасиетің тұмар болып тағылмақ ? Алақанға уыстаймын қос қолдап , Кеудемдегі арманымсың бір жұмбақ .
  7. Серикбай Маханов
    2 + 0 -
    МАЙ ТОПЫРАҚ . Май топырақ шаң көтердің тездетіп , Балаң келді өскен жерге ер жетіп . Сағынышым , топырағым туған ел Елестейді өңіріңнен жел есіп . Бұлдыр сағым есімде тұр балалық , Жаза алмадым дер кезінде жаңалық . Жастық шақта тұлым шашты қыздармен Талай бірге топыраққа аунадық . Есейсемде жасырайын мен неге , Шомыламыз суға түсіп өзенге . Күн шыққанда іздеп жүріп көлеңке Жүгіреміз қыр гүліне – беленге . Өтті дәурен оралмайтын енді бір , Міне бүгін сол күндерде өмір жүр . Сыр ғып өскен қыздар қайда маралдай Іздеймін кеп топырақтан өлең жыр . Елеңдеймін өзгеріске шарқұрып. Сүгіреттер тұр қыздың көркін жамылып . Шілдедегі майдай ыстық топырақ Шақырасың қыз бантикті сағынып . Ізім қайда табынамын топырақ , Қасиетің тұмар болып тағылмақ ? Алақанға уыстаймын қос қолдап , Кеудемдегі арманымсың бір жұмбақ .
  8. Серикбай Маханов
    1 + 0 -
    ӨЗІҢ БОЛСАҢ ҚЫР ГҮЛІ . Өзіңе бір ойым бар айтылмаған , Даланың қыр гүліндей ашылмаған . Көңілде бар ма екен сірә жазық ? Сырыңды толғандырмай айтшы маған . Жаралған сәулем едің елден ерек , Боламын сені көрсем көңіл сергек . Тулайды жүрек қылы мазаланып Тұрғандай ақ қайыңды дауыл тербеп . Оятты мөлдір көзің жүрегімді , Зар етпей қабыл алшы тілегімді . Сәуле -тай сен гүлім бол мен баптаушың Мәпелеп өсірейін жемісімді ? !
  9. Серикбай Маханов
    1 + 0 -
    не айтам ғұмырлы өмір болсын екі жас бақытты болсын. ӨЗІҢ БОЛСАҢ ҚЫР ГҮЛІ . Өзіңе бір ойым бар айтылмаған , Даланың қыр гүліндей ашылмаған . Көңілде бар ма екен сірә жазық ? Сырыңды толғандырмай айтшы маған . Жаралған сәулем едің елден ерек , Боламын сені көрсем көңіл сергек . Тулайды жүрек қылы мазаланып Тұрғандай ақ қайыңды дауыл тербеп . Оятты мөлдір көзің жүрегімді , Зар етпей қабыл алшы тілегімді . Сәуле -тай сен гүлім бол мен баптаушың Мәпелеп өсірейін жемісімді ? !
  10. Серикбай Маханов
    1 + 1 -
    ӨЗІҢ БОЛСАҢ ҚЫР ГҮЛІ . Өзіңе бір ойым бар айтылмаған , Даланың қыр гүліндей ашылмаған . Көңілде бар ма екен сірә жазық ? Сырыңды толғандырмай айтшы маған . Жаралған сәулем едің елден ерек , Боламын сені көрсем көңіл сергек . Тулайды жүрек қылы мазаланып Тұрғандай ақ қайыңды дауыл тербеп . Оятты мөлдір көзің жүрегімді , Зар етпей қабыл алшы тілегімді . Сәуле -тай сен гүлім бол мен баптаушың Мәпелеп өсірейін жемісімді ? !
  11. Серикбай Маханов
    1 + 0 -
    ӨЗІҢ БОЛСАҢ ҚЫР ГҮЛІ . Өзіңе бір ойым бар айтылмаған , Даланың қыр гүліндей ашылмаған . Көңілде бар ма екен сірә жазық ? Сырыңды толғандырмай айтшы маған . Жаралған сәулем едің елден ерек , Боламын сені көрсем көңіл сергек . Тулайды жүрек қылы мазаланып Тұрғандай ақ қайыңды дауыл тербеп . Оятты мөлдір көзің жүрегімді , Зар етпей қабыл алшы тілегімді . Сәуле -тай сен гүлім бол мен баптаушың Мәпелеп өсірейін жемісімді ? !
  12. Perizat Makashova
    Perizat Makashova 23.09.2016 16:24
    0 + 0 -
    Тапсаң маган да айтшы))
  13. Дико Азаматова
    Дико Азаматова 28.06.2016 15:07
    0 + 2 -
    Маган агамнын тойына тилек керек еди жасым, 13 те (Рахмет! )
  14. Adok Aruov
    Adok Aruov 01.10.2015 00:40
    1 + 0 -
    Асан Пердеш. Киында емес, онайдв емес уй болу деп жазсан шыгады.
  15. Гость Ринат
    Гость Ринат 07.11.2020 14:27
    1 + 1 -
    Керемет тілектер, ұнады
    1. Оқырман Тамара
      Оқырман Тамара 05.08.2022 21:03
      2 + 0 -
      Інімнің тойына тилек керек еди кушти кып шыгарып беретин адам болса ишине ата анасын нагашыларын косып жекеме жазса