Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек


"Жақсы сөз - жарым ырыс" демекші, аталы сөзге тоқтап, сөз төркінін жүйелеп, астарын тереңнен түсіне білген қазақ жүрекжарды лебізін туған күнде де зерделі сөзбен зерлеуге құмар. Осы мақалада туған күнге арналған топтастырған ақ тілектерімізді қабыл алыңыздар!

автор: Төлебаев Бағдәулет

Туған күнге арналған тілектер мен құттықтаулар жинағы 

Мазмұны:

Туған күнге тілектер

"Бақыт деген досыңның - қабағында, жарынның - жанарында" дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.

* * * * * *

Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!

Жүрегіңізге иман, басыңызға ақыл, сөзіңізге нақыл, өжеттілік, айбат, қажымайтын қайрат тілеймін. Бойыңа сергектік , имандылық, еңбекқорлық, сенімділік тілеп туған күніңмен құттықтаймын.

* * * * * *

Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарыңның ортасында қартаймай, жақындарың мен туыстарыңның сәні, өмір бақшасының әні болып жүре бер. Туған күнін құтты болсын.

* * * * * *

Құрметті … туған күнін құтты болсын!

Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы жанға әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілеймін! Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын анық өтсін деген тілегімді қабыл ал.

* * * * * *

Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіне тілектеспін. Сені тек биік шындардан көрейік. Өмірдегі бар жақсылықты Алла нәсіп етсін. Шаңырағыңа береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманың - аcқақ, шығар биігің aсқарaлы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!

* * * * * *

Бүгін сенің туған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

* * * * * *

Құрметті …!

Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болғай. Дастарханыңыздан дәм-тұзыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын.

* * * * * *

Құрметті .....! Сізді бүгінгі күні өмірге келген туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Қызыметіңізде әрбір ісіңіз оң болып, абыройыңыз асқақтай берсін! Еңбегіңіз жанып, жемісін көре беріңіз!

 * * * * * * * * * * * * * *

Ардақты асыл жан ......! Сізді бүгінгі тулған күніңізбен құттықтаймын! Қыстай мықты денсаулық, көктемдей жаңа күн, жаңарған тіршілік, жаздай жайдары көңіл, күздей жарқыраған, алтындай өмір тілеймін! Жүзіңізді мұң шалмасын! Жаныңызға жақын жандардык ортасында, жаныңыз жадырасын! Әр туған күніңіз бақытты да шаттықты сәттерін көптеп сыйлай берсін!

 * * * * * * * * * * * * * *

Аяулы да, қымбатты ... ! Туған күніңіз құтты болсын! Жасыңызға жас қоса беріңіз! Әр туған күніңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Жаныңызға жақын жандардың ортасында бақытқа кенеле беріңіз!

 * * * * * * * * * * * * * *

Бүгін өзі ерекше, мерекелі күн. Осындай мерекелі күнде туылып, айналасын шуақты етіп жіберген бір ерекше жан бар! Сол жанды бүгінгі жеке меншік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сізге өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Әр күніңіз берекелі, мерекелі болсын!

 * * * * * * * * * * * * * *

Аса қадірлі, құрметті жан ....! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймын! Жаңа жасыңыз бар жақсылығын сыйлай берсін! Өміріңіз жанданып, көңіліңіз шырайлана түссін! Саулығыңыз мықты болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, бақытыңыз баянды болсын!

 * * * * * * * * * * * * * *

Сені бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын! Саған бар жақсылықты тілей отырып, Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын, жақсы күннің көбін, қиындықтың жоғын тілеймін! Отбасың, бала-шағаң аман болсын!

 * * * * * * * * * * * * * *

Жаздың жайма шуақ күнінде келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Көңілің көтеріңкі болып, жаның жаздай жадырай түссін! Әрбір күнің сәттілікке толы болып, шаңырағыңнан береке кетпесін!

 * * * * * * * * * * * * * *

Күз айының алғашқы айында келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын қарағым! Саған аспанның ашығын, атқан таңның шапағатын, арманның асылын тілеймін! ӘӘрбір күні жаның жадырап, жаның жаманшылық көрмесін!!

 * * * * * * * * * * * * * *

Құтты болсын туған күнің, мерекең! Саған әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін! Денсаулығың мықты болып, өз ортаңда абыройың асқақтай берсін! Шығар асуың көп болсын! Жүзіңнен күлкі кетпей, жаның жадырасын! Әр туған күнің бақыты мен шаттығын ала келсін!

 * * * * * * * * * * * * * *

Көктемнің жанға жайлы күнінде өмірге келген .... ! Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Көктемдей құлпырып, жаның жадырай түссін! Жанарыңнан бір тамшы жас құламасын, бақыт, бақыт, тек қана бақыт тілеймін!

* * * * * *

Көңіліңіз көктемнің шуақты күніндей болып, жылы жүзіңізден күлкі кетпесін.

* * * * * *

 Сезіміңе берік болған барлық армандарың орындалсын.  Келген күн жақсылығымен келіп, шуағына шомылдырсын.

* * * * * *

Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.

* * * * * *

Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!

Жыл сайын жаныңызға нұр, құшағыңызға гүл, жанұяңызға әсем ән сыйлайтын тәл мерекеңіз құтты болсын. Алла Тағала таусылмас бақытка кенелтіп, атар таңдыарыңызды тек жақсылықтармен қарсы алып, әр күніңіз нұрлы болсын. Көңіліңізде көктем әні шырқалсын. Әулетіңіздегі бірлік пен татулық нығая берсін.

* * * * * *

Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!

Біз өзіңізге өкінбес өмір, кіршіксіз көңіл, сарқылмас бақыт, шалқыған шаттық, тұнық тыныштық, отбасыңызға ырыс – құт тілейміз. Әрқашан Алланың нұры жауып, ортамызда аман – есен жүріңіз. Асау толқынды өмір арнасында жанұяңыз бақ пен қуаныш нұрына шомылып, жыры мен сыры, әні мен мәні көп жақсылық жайлаған жағалауға тұрақтаңыз.

* * * * * *

Өрге өрлейтін өмір – ол өмірді жеңетін алтын уақыт. Ешқашан таусылмайтын бақыт, сөнбейтін шырақ, әрқашан орындалар арман тілейміз.     Аман болыңыз.

* * * * * *

Туған күнің құтты болсын! Қарның тоқ болсын! Өмірің ұзақ болсын! Дастарханың майлы болсын! Жүрегің нәрлі болсын! Ұрпағың күшті болсын! Денсаулығың мықты болсын! Өмірің тәтті болсын! Жүрегің сырлы болсын! 

* * * * * *

Өмірің мәнді, шаңырағың сәнді болғай! Дастарқаныңнан дәм-тұзың үзілмей, барың берекеге, берекең мерекеге ұлассын.

* * * * * *

Сіздердің "айналайын" деген жылы сөздеріңізден, алақандарыңыздан ешқашан Алла ажыратпасын. Алтындай бағалы, құндыздай жағалы, өркендеген ұрпақтарыңыздың үзілмес сабағы болыңыздар.

* * * * * *

Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы келінімізге әлемдегі бар жақсылықты , дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын анық етсін.

* * * * * *

Сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!

* * * * * *

Күннен күнге құлпырып, күмбезіңізге нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңызға сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре беріңіз.

* * * * * *

Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көзқуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.

* * * * * *

Дендеріне саулық, бастарына байлық, кіршіксіз өмір, кірбіңсіз таза көңіл сыйласын. Өмірлері алаңсыз, қайғы-мұңсыз болсын. Ата - анасын әрдайым жақсы қырларымен қуантып, артқан үміттерін ақтасын. Өмірдегі өз жолын тауып, ел аузында жүрер айтулы азамат атансын. Мектепті тек бестік бағамен тәмамдап, білікті маман иесі болып, биіктерді бағындыра берсін.

 туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туылған күнге құттықтау тілектер ту5ан к8нге т3лек туган кунге арналган тилек туған күнге тілек 

Жанұяңа тілерім бақытты өмір
Қуаныш келе берсін ағыл-тегіл
Ұлдарың осы жылы аяқтанып
Қызықтап осы үйіңе келін түсір.

* * * * * *

Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз.

* * * * * *

Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.

* * * * * *

Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.

* * * * * *

Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.

* * * * * *

Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.

Туган күнге қысқаша тілек өлеңдер

Жаңа жасың бақ әкелсін,
Әрбір күні күлімдеп сен.
Бар әлемнің бар жақсысын,
Бір өзіңе тілеймін мен. туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туылған күнге құттықтау тілектер ту5ан к8нге т3лек туган кунге арналган тилек туған күнге тілек Туған күнде күлімдей түс,
Жүзіңнен нұр кетпесін.
Армандарың орындалып,
Бар жақсылық беттесін.

* * * * * *

Жанарыңда мұң болмасын,
Туған күнің құтты болып.
Армандарың орындалсын,
Отбасыңа бақыт толып.

* * * * * *

Туған күнің құтты болсын,
Орындалып армандарың.
Денсаулығың мықты болсын,
Аман болып мал-жандарың.
туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туылған күнге құттықтау тілектер ту5ан к8нге т3лек туган кунге арналган тилек туған күнге тілек
Бүгін сенің туған күнің,
Бар жақсыны тілеймін.
Алла өзі жар боп саған,
Амандықта жүр деймін.

* * * * * *

Құтты болсын туған күнің,
Қуанышпен келетін.
Шаттанатын думан бүгін,
Әр жылда бір келетін.

* * * * * *

Күлім қағып жанарларың,
Бақ сыйласын жаңа жасың.
Денсаулығың мықты болып,
Дәмді болсын ішер асың.

туған күнге арналған тілектер

 "Ағаш - тамырымен, адам - достарымен қымбат" деген, ендеше, достарың көп болсын.

* * * * * *

Көңіліңіз қартаймасын, құт-берекеңіз ешқашан ортаймасын.

* * * * * *

Өміріңізде жеңісті күндеріңіз көп болсын.

Қарап көріңіз:

Отбасыңызға келген қуаныш тек өзінің жақсылығы мен ырзығын арқалап алып келсін.

* * * * * *

Күндеріңіз көркем, жылдарыңыз жемісті болсын.

* * * * * *

Ата-анаңның аяулысы бол, Алланың сүйкімдісі бол.

* * * * * *

Еңсеміз тік, қадамымыз тік болсын.

* * * * * *

Жаныңыз қашанда сәбидің жанындай таза болсын.

туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туылған күнге құттықтау тілектер ту5ан к8нге т3лек туган кунге арналган тилек туған күнге тілек

Жарық та жарқын аяулы күндеріңіз нұрға толсын.

* * * * * *

Өмірде әттеген-ай деген аз болып, шіркін-ай, пай-пай дегеніміз басым болсын.

* * * * * *

Өмірің нұрлы болсын, Көңілің жырға толсын.

* * * * * *

Бірімізге-біріміз шаттық сыйлап, әрбір күнді қуанышқа толтырайық.

* * * * * *

Әрқашанда жақсылық жандарыңыздың серігі болсын, қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін.

туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туған күнге тілек

Қыдыр қонып, бақ дарысын.

* * * * * *

"Кең болсаң, ештеңеден кем болмайсың" демекші, қашанда жүрегің ашық, пейілің кең болсын.

* * * * * *

Келген мүшел жасыңнан аман-есен, сүрінбей өтуіңе тілектеспіз.

* * * * * *

Алланың алақанындағы ғұмырыңыз ұзарсын.

* * * * * *

Ай мен күнге теңейтін балаңыз аман болсын, баңы жансын. туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туған күнге тілек

Tuğan künge tіlekter

Туған күніңмен құттықтаймын! Денсаулығың мықты болып, жүзіңнен күлкі кетпесін! Әрбір күнің бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сізге шексіз сәттілік, Өміріңіз нұрлы болсын! Әр қадамыңыз оң болып, Жаратқан иеміз өзіңізге жар болсын!

* * * * * *

Туған күніңмен! Бақытты сәттерің көп болып, әр күнің сәттілікке толы болсын! Алға қойған мақсаттарың орыналып, арманыңа қол жеткізе бер! Өміріңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын! Жаңа жасың жаңа қуаныштар мен табысқа жеткізе берсін! Саулығың мықты болып, бақыттың базарында, қыдырдың назарында бол!

* * * * * *

Деніңіз сау болып, аспаныңыз ашық болсын! Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете беруіңізге тілектеспін!

* * * * * *

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік, Тұрсын алдан арайланып таң күліп, Бақыт болсын әрқашанда жолығар, Шаттығыңыз тау суындай молығар. Тілеймін бақытты өмір ашық аспан, Жалғанда тілек бар ма одан асқан. Аман боп жанұяң мен бауырларың, Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан!

* * * * * *

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн!
Арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспін!

туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туған күнге тілек

Бүгінгі туған күнің құтты болсын! Арайлап атар әрбір таң саған қуанышы мен шаттығын сыйлай берсін! Денсаулығың мықты болып, жүзіңнен күлкі кетпесін! Бақытты бол! Өмір жасың ұзақ болсын! Бүгінгі ерекше күніңді жақсы өткіз! Аллам саған екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Жаңа жасың тек жақсылығын сыйласын! «Өмір» атты теңіздегі кемеңнің сапары тоқтатамасын! Жастан жасқа жете бер!

.
* * * * * *

Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Шаңырағыңызда шаттық, бақ- береке орнасын! Мерейтойдан мерейтойға жете беріңіз!

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, сәттілік, махаббат, бейбітшілік, жақсылық, күлкі, амандық тілейміз. Барлық армандар орындалсын. Өміріңіз ұзақ және тегіс, жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы болсын!

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймын! Сізге әдемі өмір тілеймін және оның әр бұрылысында әрдайым керемет оқиғалар болсын! Сізге қуаныш пен денсаулық, әрбір күннің сәттілігін тілеймін! Әр таңыңыз шырайлы және шуақты болсын.

* * * * * *

Туған күніңізбен құттықтаймын! Алға қойған мақсаттарыңа жетіп, асқақ армандарың орындала берсін! Жақсылық пен жақсы үміт серігің болсын! Көңілің шаттыққа толы, әр күнің бақытқа толы болсын!

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймын! Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын тілеймін! Әрбір істерің сәттілікке толы болып, көңіл-күйің көтеріңкі болсын! Адал достар қасыңнан табылып, абыройың асқақтай берсін! Махаббатқа толы өмір, шаттыққа толы көңіл тілеймін! Әр атқан таңыңның бір кесе шай мен қуанышты күлімсіреуден басталуын тілеймін!

* * * * * *

Туған күніңізбен құттықтаймын!
Сіздің туған күніңіз жарқын түстерге, жағымды тосын сыйлар мен қуанышты позитивтерге толы болсын! Сіздің бүкіл өміріңіз шексіз бақыт пен қуанышты сәттерден тұрсын! Сізге шынайы күлкі, жақсы достар және адал махаббат тілеймін! Жадырасын жаныңыз, шырайлы атып таңыңыз. Туған күнде жарқыра, жайнап жаздай жаныңыз!

туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туған күнге тілек

  Қуаныш иесіне әлемдегі бар игі жақсылықтарды тілейміз. Алланың тарту еткен әр күні тек қуаныштардан тұрсын. Тәтті өмірдің бақытына кенеліп, бау-бақшадай көгеріп өсіп-өніп, бақытты да ұзақ өмір кешіңіз.   Бала-шаға бақытына бөленіңіз. Бір Алла жақ болсын, жүрген жолың әрдайым ақ болсын.


  Жүзіңізге шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай сұлу болып, бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіз.

Досыма

"Бақыт деген досыңның - қабағында, жарынның - жанарында" дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.

* * * * * *

Туған күніңмен досым?. Саған бар жақсылықты тілеймін✨. Ғұмырың ұзақ болсын, ауырмай шаршамай əрқашан күлімдеп жүр. ? Саған екі дүние бақытын тілеймін?. ата-анаңның мақтанышы болып биік белестірге сүрінби жет. Достарыңның жанында биік тұрып бауырларыңның сүйеніші бол.❤

Сайттағы барлық досыма тілектер ?
туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туған күнге тілек

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

* * * * * *

Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

* * * * * *

Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!

* * * * * *

Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!

* * * * * *

Бағалым, сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Айналамда жақсы адамдар көп, бірақ олардың бәрін бірдей адал дос деп айта алмаймын! Мені өзіңмен өмірдің бір арнасында тоғыстырған тағдырыма ризамын! Шын жүректен өзіңе лайықтының барлығын алғаныңды қалаймын. Көреалмаушылардың жамандығынан сақ болып, алдыңға қойған мақсаттарыңа жете біл. Өзіңе ғашық жандар әдеттегідей көп болғай! Берекелі отбасы мен адам айтса нанғысыз табыстарға жетуіңе тілектеспін! Ең бастысы, әрдайым жаныңнан табылып, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге дайын екенімді біл!

Ағама

Бауыр — адамның бойындағы ауыстыруға келмейтін нәзік мүше екен. Сол секілді туған бауырларымды ешкім де алмастыра алмайтынын, олардың өзіндік орны бар екенін жақсы түсініп жатырмын. Ағатайым, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Бізге қалай демеу болып, жанымызды қаншалықты түсіне білсеңіз, сізге де дәл осындай қарым-қатынас танытар сүйікті жар жолықсын! Зор денсаулық пен мол махаббат бүгінде жаттанды тілекке айналып кетсе де, сізге ең бірінші кезекте осыларды тілеймін. Өзіңіз айтқандай, адамді биіктерге жетелейтін қос қанаты — сүйікті ісі мен сүйікті адамы болады. Алдағы уақытта сізді биік шыңдардан көру үшін осы қос қанатыңыздың талмай самғауына тілектеспін.

Осы күнге дейін жұмыстағы бастамаларыңыз бен ерекше мінезіңізді өзіме үлгі етіп келдім. Алдағы өмірде еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін! Туған-туыс, дос-жаран, сүйіктіңіздің ортасында сыйлы болып, мәңгілік бақытты ғұмыр кешіңіз! Тағы да туған күніңізбен!

Сайттағы барлық ағама тілектер

Қажетті сілтемелер:

Қысқаша тілектер

Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.

* * * * * *

Өткенге өкінбе, Болашақты болжама, осы шақты бағала.

* * * * * *

Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.

* * * * * *

Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін.

* * * * * *
Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.
туган күнге тилек туған күнге арналған тілектер туған күнге тілек

Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.

* * * * * *

Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін

* * * * * *

Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.

* * * * * *

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!

Әкеме

Өмірде сүйенетін асқар тауым Әкешім...Дүние есігін ашқан күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан жанымызда сүйенетін асқар тауымыз,шынайы бақытымыз болып жүре беріңіз..

Дүниеге келген күніңізбен,
Құттықтаймын мен сізді..
Аман жүріп әрқашан,
Қуантыңыз сіз бізді..
Сүйенерім әкешім,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жанымызда әрқашан,
Тірек болып жүріңіз.

* * * * * *

Асқар тауым — әкешім, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Әр туған күнде әдемі сөздер мен тілектер айтылып жатады. Менің қолымнан дәл осылай сөзді әсемдеп жеткізу келмесе де, сізге айтар алғысым шексіз. Өмірге тәй-тәй басқан сәттен сіздің қолдауыңызды көріп өстім. Жүрегім алабұртып, алдым тұманданған сәттерде өзіңізді іздеп тұрамын. Құдды маған кез келген уақытта дұрыс бағыт сілтеуге дайын Жетіқарақшы секілдісіз. Осы күнге дейін анам екеуіңізді шалалықпен көп ренжіттім. Бірақ, ешуақытта кеудемнен итеріп, теріс айналған емессіздер. Сол себепті сіздерге рахмет!

Болат қандай берік болса, сіздің де денсаулығыңыз дәл солай мықты болсын. Шырша қандай жасыл болса, сіздің де күндеріңіз дәл солай мәңгі қуанышты сәттерге толсын! Мәртебеңіз асқар таудан асып түссін. Ең бастысы, әрдайым сіздің атыңызға кір келтірмеуге лайық боламын деп уәде беремін. Анам екеуіңіз біздің ортамызда күліп-ойнап жүре беріңіздер!

Сайттағы барлық әкеме тілек ?

Анама 

Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан анашым сый-құрметке бөленіп жүре беріңіз.

* * * * * *

Бар жақсысын маған беріп, аялы алақанымен мәпелеген анашым, жүрегімнің түкпірінде әрдайым сақтап жүретін ыстық махаббатымды сізге сөзбен жеткізгім келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бізді аялап, осы күнге жеткізу үшін талай ұйқысыз да күлкісіз түндерді өткізгеніңізді білемін. Мұның қаншалық азап екенін, баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін енді ғана біліп жатырмын. Сол себепті әр атқан таңымды сізге алғыс айтудан бастаудан жалықпаймын. Отбасын құрып, бөлек кетсем де, әрдайым ыстық ұяма асығып отырамын. Жабыққанда сағынышымыз, тарыққанда ақылшымыз бола білген асылымыз, әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын! Құдай сіз бен әкеме алдағы уақытта тек бақытты күндерді жазсын!

* * * * * *

 Ананың аяулы алақаны мен жылы жұрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелерңмңз аман болсын.

Анама арналған өлеңдер, тілектер, тақпақтар

Әпкеге

Менің, алтыным, аяулым, періштем, өзіңіздің барыңыз үшін қаншалықты қуанышты екенімді білмейсіз. Өзіңіздей қиын-қыстау сәтте қамқоршы бола білген әпкені сыйлаған Аллаға мың да бір шүкір! Білесіз бе? Адамның адамдығы қайғыны емес, қуанышты сәттерді бөлісе білгенде көрінетін сияқты. Ес білгелі қуанғанымда қасымнан табылып, менен артық шат-шадыман болғаныңызды білемін. Кейде қабағыңызға қар жауып тұрса да, мен жақсы болсын деген оймен ғана ұрысатыныңызды сеземін. Алла сізге таудай талап пен бармақтай бақты қатар берсе екен деп тілеймін!

Есіктің алдында жайқалып тұрған емен ағашы жуан, жапырағы қалың болса да, қатты жел кезінде тамырымен бірге қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы керісінше нәзік болса да, сәл майысып, жел басылған соң бойын қайта тіктеп алады. Сіз де мен үшін күнделікті тұрмыста да, қызметте де басыңызға қандай қиын іс түссе де, жасымайтын, бағы жанса да, тасымайтын аяулы әпке, адал жар, айнымас адал доссыз. Тіршіліктің қандай ауырпалықтарын көрсеңіз де, ешуақытта мойымаңыз. Осы қасиетіңізбен мен үшін үлгі екеніңізді ұмытпаңыз. Сізді қатты жақсы көремін! Туған күніңізбен!

* * * * * *

Ал Жансая 16ға толған жасың құтты болсын зор денсаулық мол бақыт тілеймін ?. Әрқашан күліп ойнап жүребер талма шаршама күлімде.
Алдағы оқуыңа сәттілік?.  
Ал құтты болсын !

Сайттағы барлық әпкеме тілектер, өлеңдер

Бауырыма, ініме, ағама 

Менің сүйікті бауырым, бүгін ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа кезеңі басталғалы тұр. Жасың кіші болса да, бойыңнан табылған көшбасшылыққа, қарапайымдылық пен мейірімділікке қызыға қараймын. Осы қасиеттеріңнің арқасында діттеген мақсаттарыңа жетіп, әлемдегі ең биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспін! Бүгін ғана емес, әр атқан таңда саған шын жүректен әлемнің бар жақсысы мен асылын, қуанышы мен бақытын тілеуден жалыққан емеспін. Сүйікті ісің мен жақсы көрген адамың мәңгілік серігің болсын! Қайда жүрсең де, менің өзіңе тілекші екенімді, қиын сәтте қол ұшын созып, қуанышыңа бір кісідейін атсалысуға дайын екенімді ұмытпағайсың. Алла-тағала пешенеңе тек бақытты күндерді жазсын!

Сайттағы барлық бауырыма тілектер, өлеңдер

Қарындасыма, сіңіліме

Қарындасым, қарлығашым,
Бұл өмірде бағың жансын.
Қуаныштар орын алып,
Қайғы-мұңдар табылмасын.

Құтты болсын туған күнің,
Қарындасым бақытты бол.
Қадамдарың оң болсын тек,
Күндер көп боп шаттығы мол.

Гүл өмірің гүл жайнасын,
Сынды күндер байқалмасын.
Қарындасым, жан бауырым,
Қуанышың ортаймасын!

Сайттағы барлық қарындасыма тілектер, өлеңдер ?

Балаға, ұлыма, қызыма

Әрбір бала қай отбасында дүниеге келетінін өзі таңдайды дегенді естіп едім. Сенің біздің отбасымызда дүниеге келгеніңе бірінші Аллаға, екінші саған алғыс айтамын. Ұйқысыз түндердің көп болғанына қарамастан, өмір атты үлкен жолда алғашқы қадам жасауға көмектесу біз үшін үлкен қуаныш болды. Баға жетпес алтыным, өмір жасың ұзақ болсын! Саған осы күнге дейін жақсы тәрбие бердік сенімдемін. Қайда жүрсең де, абыройлы да арлы бол. Өмірден өз орныңды таба біл. Өміріміздің үлкен өзен іспеттес екенін жиі айтып жүремін. Осы өзенде алдыңнан кездескен қайғы-қиындықтардан жеңіл өтіп, жүрегіңнің иесін жолықтырып, бақыт сарқырамасына бірге жетуіңе тілектеспін!

құттықтаулар, тілектер, туған күн,

"Ақыл - тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен" деген. Қызымыздаң білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.

 Балама арналған тілектер жинағы

Әріптеске тілек

Алтын әріптесім, ұжымда сіздей адам барда ешнәрседен қорықпаймыз. Алдымызда кездескен қиындықтарды қасқайып күтіп алып, оларды өткеруге үнемі дайын тұрамыз. Мұның барлығы да сіздің ақыр-парасатыңыз бен мейірімге толы жүрегіңіздің арқасы. Туған күніңізбен құттықтай отырып, жастық келбет пен пысықтығыңыз сізге мәңгілік серік болсын деп тілеймін! Жұмыс күнделікті кішігірім мерекеге айналып, үйіңізде әрдайым жақындарыңыз күлімсіреп қарсы алсын. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болып, қалтаңыз қалыңдасын! Ең бастысы, деніңіз сау болып, осы жастың әлі онын жасаңыз!

Сайттағы барлық әріптеске тілектер

Қажетті сілтемелер:

Qūttyqtau öz sözіmen tuğan künge tіlek

Туған күніңмен құттықтаймын! Барлық бастамаларыңызға сәттілік, тілектерді орындау, әрқашан жарқын және жақсы көңіл-күй, өзіңізге сену және мақсаттарыңызға жету. Мереке күндері де, жұмыс күндері де керемет денсаулық, күлімсіреу және күн сайын бақыт пен жылулыққа толы болсын.

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймын! Жарқын позитивті көңіл-күй, жоғары жетістіктер, рухани үйлесімділік, өркендеу, мықты денсаулық, барлық жерде табыс! Осыман ешқашан мұнымен тоқтап қалмауды тілеймін. Жаңа идеяларды, өзін-өзі дамытуды және тек жақсылыққа ұмтылуда сәттілік!

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймын! Барлық армандар орындалсын, тілектер орындалсын, мақсаттар орындалсын, денсаулық жақсарады және ақша қосылады! Бақыт, қуаныш пен рухани үйлесімділік, керемет сәттілік, ұмытылмас әсерлер мен бас айналдыратын жетістіктер, шынайы махаббат, адал достар және жарқын эмоциялар туған күніне тілеймін! 

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймын! Сізге әдемі өмір тілеймін және оның әр бұрылысында әрдайым керемет оқиғалар болсын. Сізге қуаныш пен денсаулық үшін көптеген себептер тілеймін! Әр таң бақытты және шуақты болсын.

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, сәттілік, махаббат, сәттілік, бейбітшілік, жақсылық, күлкі, амандық тілейміз. Барлық армандар орындалсын. Өмір ұзақ және тегіс, жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы болсын!

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймын! Мен ауырмауды, мұңаймауды, көп күлуді, бақыттан жарқырауды, жылдар бойы тек жақсылықты, жақсылыққа және сөзсіз орындалатын арманға сенуді тілеймін. Сиқырлы сәттер сіздің көзқарасыңызды нұрландырсын, махаббат әрқашан сонда болады және сізге тек рахат сыйлайды!

* * * * * *

Туған күніңмен! Әр күн жақсылыққа, позитивтілікке, махаббатқа және жағымды эмоцияларға толы болсын. Барлық армандардың орындалуын және сол әдемі адам болып қалуына тілеймін! Сізді тек адал, мейірімді және ақкөңіл адамдар қоршап алсын. Күннен-күнге дамып, жақсарып, өміріңізді ұмытылмас сәттермен толтыруды тілеймін.

* * * * * *

Туған күніңмен құттықтаймын! Бүгін сізге көптеген жылы сөздер айтқым келеді. Мен сіздің арманыңыздың әрдайым орындалуын, қуанышты, жағымды сәттердің күн сайын сіздің өміріңізде болуын, достар тек сенімді, әрқашан көмектесуге және қуанышты бөлісуге дайын болуын тілеймін. Көңіл-күйіңіз керемет болсын, бұл күн жарқын және ұмытылмас болсын! Сәттілік сіздің барлық бастамаларыңызбен бірге болсын!

* * * * * *

Туған күніңмен! Әрбір жаңа күнін жақсы көңіл күйден басталсын! Жақсы денсаулық тұрақты серік болсын, сәттілік әр бұрышта күтсін! Армандауды тоқтатпаңыз және әрқашан керемет түрде ең керемет тілектерді жүзеге асыру мүмкіндіктері болсын!

* * * * * *

Бүгін, сіздің туған күніңізде, мен сізге ең жақсы, ең маңызды, ең басты нәрсені тілеймін. Ең жақсысы-қоршаған орта, оларды қолдау және түсіну. Ең бастысы — денсаулық. Ең бастысы-қаржылық әл-ауқат пен тәуелсіздік. Барлық армандар орындалсын және барлық есіктер ашық болсын! туған күн құтты болсын


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: ZHARAR
  • 4 421 590



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 67
  1. Ту5ан к8нге т3лек
    1 + 0 -
    41) Туған күніңіз құтты болсын!

    Туған күніңіз құтты болсын! Сізге өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Арайлап атар әрбір таңыңыз қуанышы мен шаттығына бөлей берсін! Жаныңыз жамандық көрмесін! Жасыңыз ұзақ болып, әр туған күнде жаныңыз жадырасын!

    42) Туған күніңізбен құттықтаймын!

    Сізді келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын! Көктемдей нурланып, жаздай жадырап, алтын күздей жарқырап, қыстай аппақ көңіліңді кір шалмай жандана беріңіз! Денсаулығыңыз мықты болып, жүзіңіз жайнап, жарқырай берсін! Аллам ұзақ ғұмырды нәсіп етсін!

    43) Туған күніңіз құтты болсын!

    Жаздың жайма шуақ күнінде келетін туған күніңіз құтты болсын! Жаздай жайдарлы, көтеріңкі күй, қыстай мықты денсаулық, көктемдей жаңашылық, алтын күздей әдемілік тілеймін! Ғұмырлы болыңыз! Жасыңыз ұзақ болып, жүзіңізді мұң шалмасын! Бақыттың базарында, қыдырдың назарында болыңыз!

    44) Туған күніңіз құтты болсын!

    Келіп жеткен туған күніңіз құтты болсын! Жаздай жайдарлы жаныңыз жамандық көрмесін! Саулығыңыз мықты болып, жүз жасаңыз! Жаратқан иеміз бар жақсысын сізге және отбасыңызға сыйлай берсін! Ғұмырлы болыңыз! Әрбір ісіңіз оңды болып, еңбегіңіз жемісті болсын!

    45) Туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!

    Сізді бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алла қаласа бар жақсылықтар орналып, жүзіңізді мұң шалмасын! Көңіліңіз көтеріңкі болып, жаныңыз жадырай түссін! Қызметте мәртебеңіз асқақтап, абыройыңыз арта берсін! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

    46) Туған күніңізбен құттықтаймын!

    Сізді қыстың әдемі аппақ қарымен бірге келетін туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Аңсаған арманыңыз орындалып, жүзіңізден күлкі кетпесін! Отбасыңыз аман болып, жаныңыз жадырасын! Жаңа жасыңыз бақытты да шаттықты күндерді сыйлай берсін! Отбасыңыз бен жаныңызға жақын жандар аман болсын?

    47) Туған күніңіз құтты болсын!

    Туған күніңіз құтты болсын! Әрбір ісіңіз оңды болып, еңбегіңіз жемісті болсын! Денсаулығыңыз мықты болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Отбасыңыз аман болып, немерелердің қызығын көре беріңіз! Шөбере сүйіңіз! Алла амандық берсін!

    48) Құтты болсын бүгін туған күніңіз!

    Құтты болсын бүгін туған күніңіз! Жаныңыз жадырап, көңіліңіз шырайлана түссін! Алла амандық беріп, отбасыңыз бен жаныңызға жақын жандардың ортасында бақытқа кенеле беріңіз! Ғұмырлы болыңыз! Қызметте мерейіңіз үстем болсын! Абыройыңыз асқақтай берсін! Жүз жасаңыз!

    49) Туған күніңіздей жалындай түсіңіз!

    Туған күніңіз құтты болсын! Туған күніңізде жарқырап, жалындай түсіңіз! Жаңа жасыңыз қуаныш пен бақытын бере берсін! Отбасыңыз бен жақыныңыз аман болып, жүзіңізден қуаныш кетпесін! Әрбір ісіңіз оңды болып, жаныңыз жадырасын!

    50) Құтты болсын бүгін туған күніңіз!

    Құтты болсын бүгін туған күніңіз! Жүзіңізден күлкі кетпей, отбасыңыз бен жаныңызға жақын жандардың ортасында аман есен жүріңіз! Басыңыздан бақ, астыңыздан тақ кетпесін! Әр туған күнді қуанышты да шаттықты күйде өткізе беріңіз! Аллам амандық берсін! Саулығыңыз мықты болып, жаныңыз жадырасын!
  2. Оқырман Nursulu
    Оқырман Nursulu 13.12.2023 13:02
    0 + 0 -
    Сәлеметсіз бе! Сайттағы материалдарды тексеріп салғандарыңыз жөн болады, компьютерлік аударма жасағаны корініп тұр, өңдеуті талап етеді, мағнасы жок сөз тіркестері көп.
  3. туған күнге арналған тілектер
    2 + 0 -
    Жан дүниесі сүлу, бауырмал, қамқор ағамызды туған күнімен құттықтай отырып, абзал азаматтық, абыз ақсақалдық, өнегелі өріс, мерейлі мереке, дастарханға береке, көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
    Өміріңіз нұрлы, өңіріңіз гүлді болсын!

    ** * * * ** ** ** **

    Туған күнің құтты болсын!
    Отбасыңды жақсы қадамынмен қуанта бер, қолтығыннан Қыдыр баба демесін, ғұмыр жасың ұзақ болып, жарқын болашақтың куәгері болғайсың! Ата-ананның ғана емес, еліңнің арқа сүйер азаматы боп, биік шыңдардан көріне бер.

    ** ** ** ** ** **

    Сіздің күлімдеген нұр жүзіңізді мұң шалмай, көрер қызығыңыз көп болып, бақытыңыз баянды болсын деп тілек арнаймыз. Өмір сізді жақсылық пен қуаныш арнасында шалқытып, бақыттың есігін айқара ашсын.
  4. Оқырман Асыл
    Оқырман Асыл 28.10.2023 03:19
    0 + 2 -
    Маған тілектер ұнайды рахмет ❤?
  5. қысқаша тілек туган күнге
    5 + 2 -
    Жарқырай бер, жайнай бер,
    Туған күнің құтты боп.
    Амандықта бол әркез,
    Денсаулығың мықты боп.

    -------------------
    Бүгін туған күніңде,
    Қуана түс, шаттана.
    Жүрші әркез күлімдеп,
    Әрбір күннен бақ таба..

    ----------------
    Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
    Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе.
    Аман болсын отбасың, жақындарың,
    Ойнап, жайнап, жадырап нұр жүзіңде.

    --------------
    Құттықтаймын бүгінгі мерекеңмен,
    Көтеріліп көңілің бақытты бол.
    Қуанышын сыйласын туған күнің,
    Амандық пен лайым саулықты зор.

    -----------------------

    Жеке меншік мерекең құтты болсын,
    Бүгін мына кеп жеткен, көңілді еткен.
    Жаңа жасың бақытқа жетелесін,
    Әрбір күнің шуақты, нұрын төккен...
  6. керемет тілек
    керемет тілек 15.09.2023 00:28
    1 + 0 -
    рахмет жаксы тилектер туган кунге
  7. Оқырман Рабиға
    Оқырман Рабиға 28.05.2023 14:20
    3 + 2 -
    Сауатты, қатесіз жазыңыздаршы!!!
    Сіңілім-сіңлім*
    Туылған күн- туған күн*
  8. Оқырман Жанар
    Оқырман Жанар 06.01.2023 00:03
    7 + 6 -
    Туылған күн деу дұрыс емес. Қазақ тілде "туу" ғана деген сөзі/етістік бар, "туылу" деген сөз жоқ!
  9. ту5ан к8нге т3лек
    15 + 8 -
    Туған күн - ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!

    Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!



    Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн - біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!

    Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің. Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.
    1. Оқырман Улмекен
      5 + 9 -
      Мекен туылган кунин кутты болсын Бакытты бол
  10. tugan kun
    tugan kun 16.10.2022 03:33
    2 + 6 -
    Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

    Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын, Өзендей өмір болсын сарқылмайтын. Аспаның айлы түндей ашық болсын, Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын. Айта берсек тілек көп таусылмайтын, Жаза берсек қалам көп майыспайтын. Жүректегі тілекті өлеңменен Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

    Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол, Екінші - тіл мен көзден аман бол, Үшінші - берекелі, беделді бол, Төртінші - арыстандай айбатты бол, Бесінші - ақылды, қайратты бол. Алтыншы - өнерлі бол.

    Аққудың - ақтығын Өмірдің - пәктігін Арманның - ажарын Бақыттың - базарын Денсаулықтың - зорын

    Махаббаттың - молын тілеймін
  11. туған күн құттықтау
    0 + 7 -
    ағылшын тілінен аударылған құттықтаулар, озгертип жиберерсиздер, рахмет

    1. Жаңа жыл үшін ішейік! Сіздің күніңіз махаббатқа толы болады деп үміттенемін (және көптеген мерекелік торт).

    2. Біз сіздің күнді айналып өткен соңғы сапарыңызды тойлап жатқанда, мен сіздің өміріме төгілген жарық туралы ойлана алмаймын. Барлық істегеніңіз үшін рахмет және бұл сіздің ең жақсы туған күніңіз болсын.

    3. Сізге өте бақытты туған күн және махаббатқа, шытырман оқиғаға және өркендеуге толы жыл тілеймін. Сіз үшін ішіңіз!

    4. Бірегей қыз үшін туған күнімен құттықтау. Сіздің туған күніңізге арналған барлық тілектеріңіз осы жылы орындалсын.

    5. Сіз шынымен менің өмірімдегі күн сәулесісіз. Туған күніңмен, менің қызым!

    6. Бүгін біз сізді және сізде бар әдемі өмірді атап өтеміз. Сіздің туған күніңіз сіз сияқты керемет болсын.

    7. Бұл сізді және өмірде қол жеткізген барлық нәрсені тойлайтын күн. Әрі қарай не істейтініңді күте алмаймын. Туған күніңмен!

    8. Торт, сыйлықтар, жақындардың сүйіспеншілігі-керемет күн туралы айтады. Сізге бүгінгі ең бақытты туған күн тілеймін!

    9. Егер менің өмірімді жақсартқан сайын менде бір доллар болса, мен әлемдегі ең бай адам болар едім. Міне, менің қызым — туған күніңмен!

    10. Міне, биылғы жылы дайындалғанның бәрі. Сыйлықтар әкеліңіз (және торт, әрине).

    11. Саяхат жалғасуда! Ал сенікі шынымен ерекше. Туған күніңмен менің өмірімдегі керемет күн сәулесі.

    12. Сүйкімді қызға арналған әдемі күн-Мен сені білгеніме қаншалықты бақыттымын. Сізді туған күніңізбен құттықтаймын!

    13. Туған күніңмен! Мен сіздің әдемі күлімсіреуіңіз бірнеше жылдар бойы бөлмені жарықтандырғанын көргенше күте алмаймын.

    14. Күннің айналасындағы тағы бір саяхат кітаптарда сипатталған, қымбаттым. Келесі сапар дәл сондай жарқын болсын. Туған күніңмен!

    15. Туған күніңмен-биылғы жыл шытырман оқиғаларға, баталарға және көптеген күлкілерге толы болсын.

    16. Мен сен сияқты керемет адамды білгеніме ризамын. Маған сіздің ерекше күніңіздің бір бөлігі болуға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет — туған күніңіз құтты болсын!

    17. Оған күн сайын бәрін беретін адамға: сен мені қолымнан келгеннің бәрін жасауға және толық өмір сүруге шабыттандырасың. Мен саған шексіз ризамын және сен менің өмірімде болғаның үшін өте бақыттымын. Туған күніңмен!
  12. туған күн қысқа тілек
    6 + 5 -
    Өмірде бәрі жақсы болсын,
    Жылы, жеңіл және үйлесімді!
    Мықты денсаулық, табыс,
    Көбірек қуаныш пен күлкі тілеймін!

    ++++++++++++++++++++++++++++

    Туған күніңмен! Армандар орындалсын, бақыт аяқталмайды, сәттілік кетпейді, ал жақын адамдар әрқашан жанында болады.

    ++++++++++++++++++++++++++++

    Туған күніңмен! Денсаулық, табыс, өркендеу және үлкен адам бақытын тілеймін!

    ++++++++++++++++++++++++++++

    Жақсы, бақытты оқиғалар тілеймін,
    Табысты, ең жақсы жаңалықтардың күнделікті өмірі,
    Күлкі, денсаулық және мейірімділік,
    Туған күніңнің арманын орындасын!

    ++++++++++++++++++++++++++++

    Денсаулық, бақыт, көңіл-күй,
    Мейірімділік, махаббат және шабыт,
    Көбірек қуанышты сәттер,
    Сені туған күніңізбен құттықтаймын!
  13. туған күнге тілек әйелге
    5 + 2 -
    Туған күніңмен, сүйіктім! Мен сенің өмірің қуанышқа толы болғанын және көз жасың тек бақыттан пайда болғанын қалаймын. сен менің күнімсің, менің нұрым, менің серігім.

    ++++++++++++++++++++++
    Туған күніңмен, сүйіктім! Сен тек ер адамда бола алатын ең жақсы әйел болғаның үшін рахмет. Адал дос, әдемі әйел және керемет ана. Саған мықты денсаулық пен бақыт тілеймін, барлық тілектерің орындалсын. Туған күніңмен, қымбаттым!

    -------------

    Әйеліме туған күнге тілек. Жарыма тілек
    Айналайын сүйген менің жан жарым бүгінгі келген жасың құтты болсын! Алла саған ұзақ ғұмыр нәсіп етсін! Аспаның әрдайым ашық болсын! Көргенің тек шаттық пен той болсын!

    Жүректің жанарынан от шығады,

    Төгіліп айналаны өрт қылады.

    Тынштықтың ұясы болатұғын,

    Жан дүнием менің бүгін шоқ болады.
  14. тәте туған күнге
    6 + 4 -
    Құтты болсын тәтешім,
    Бүгінгі туған күніңіз.
    Бар жақсыны тілеймін,
    Аман болып жүріңіз.

    Бал-бұл жанып жүзіңіз,
    Қуантсын сізді бұл өмір.
    Сәтті боп әпбір күніңіз,
    Жайнасын тәте бұл көңіл.

    Әрбір жылы тәтешім,
    Қуанта берсін гүл көктем,
    Күндеріңіз көп болсын,
    Шаттығымен тербеткен.

    -----------
    Қуантсын туған күніңіз,
    Тәте бүгін кеп жеткен.
    Шырқалсын тәте әніңіз,
    Жаныңызды тербеткен.

    Өміріңіз мәнді боп,
    Бар жақсылық орнасын.
    Әр күніңіз сәнді боп,
    Жаратқаным қолдасын.

    Жанданып өмір гүліңіз,
    Ұзақ ғұмыр сүріңіз.
    Таусылмасын тәтешім,
    Әніңіз бен жырыңыз.
    ------------------
    Мұңаймаңыз, күліңіз,
    Аман болып жүріңіз.
    Құтты болсын бүгінгі,
    Тәте туған күніңіз.

    Қиындықтар болмасын,
    Жаратқаным қолдасын.
    Қуанышқа кенеліп,
    Таба берсін жалғасын.

    Арайлы атып таңыңыз,
    Гүлдей жайнап жаныңыз.
    Әрбір күннен шынайы,
    Тәте бақыт табыңыз.
  15. көке туған күн тілек
    3 + 2 -
    Құттықтаймын мен сізді,
    Көке туған күніңмен.
    Бар жақсыны тілеймін,
    Қуанышты үніммен.

    Шаттаныңыз күліңіз,
    Жаратқаным жар болып.
    Шаттықты боп күніңіз,
    Жүріңіз атар таң болып.

    Күлімдесін жаныңыз,
    Шад шадыман күйге еніп.
    Шырқалсын бұл әніңіз,
    Шаттығы көп күй беріп.
    +++++++++
    Құттықтаймын бүгінгі,
    Күніңізбен сіз туған.
    Көке аман жүріңіз,
    Жайнап жүзің сыр тұнған.

    Қиындықтар болмасын,
    Көке сізге тілеймін.
    Жаратқаным жар болып,
    Амандықта жүр деймін.

    Арайлы атсын таңыңыз,
    Қуантып сізді әр күні.
    Жетелесін шаттыққа,
    Төккен шуақ таң нұры.
    ++++++
    Құтты болсын туған күн,
    Жылына бір келетін.
    Мықты болсын денсаулық,
    Өмірге үн беретін.

    Көке сізге тілеймін,
    Әлемнің бар жақсысын.
    Өмір сізге сыйласын,
    Бұл өмірдің тәттісін.

    Бар жақсылық орнасын,
    Жаратқаным жар болып.
    Көке аман жүріңіз,
    Шырайлы атар таң болып.
  16. Оқырман Мадияр
    Оқырман Мадияр 14.01.2022 21:25
    3 + 5 -
    Гичикчёчлслташуогиушстьап
  17. Қайным Сұлтан
    Қайным Сұлтан 27.12.2021 15:05
    11 + 10 -
    Туған күніңмен құттықтаймын! Денсаулық кетпесін, бақыт пен қуаныш әрқашан болсын. Сізге шексіз сәттілік, жылулық пен бейбітшілік тілеймін. Өмір тек оң сәттерді берсін, ал қамқоршы періште қиындықтар мен бақытсыздықтардан қорғасын.
  18. Ырысалды-Тоқтарбек
    4 + 2 -
    Бүгін сенің туған күнің,
    Бар жақсыны тілеймін.
    Алла өзі жар боп саған,
    Амандықта жүр деймін.
  19. туған күнге қысқа тілек
    4 + 3 -
    1) Туған күнің құтты болсын,
    Орындалып армандарың.
    Денсаулығың мықты болсын,
    Аман болып мал-жандарың.

    2) Бүгін сенің туған күнің,
    Бар жақсыны тілеймін.
    Алла өзі жар боп саған,
    Амандықта жүр деймін.

    3) Құтты болсын туған күнің,
    Қуанышпен келетін.
    Шаттанатын думан бүгін,
    Әр жылда бір келетін.

    4) Туған күнде күлімдей түс,
    Жүзіңнен нұр кетпесін.
    Армандарың орындалып,
    Бар жақсылық беттесін.

    5) Күлім қағып жанарларың,
    Бақ сыйласын жаңа жасың.
    Денсаулығың мықты болып,
    Дәмді болсын ішер асың.

    6) Жанарыңда мұң болмасын,
    Туған күнің құтты болып.
    Армандарың орындалсын,
    Отбасыңа бақыт толып.

    7) Жаңа жасың бақ әкелсін,
    Әрбір күні күлімдеп сен.
    Бар әлемнің бар жақсысын,
    Бір өзіңе тілеймін мен.
  20. Туған күнге өлең
    8 + 2 -
    Туған күнің құтты болсын
    Пәк көңілің шаттықта арайлансын,
    Ақ жүзіңде лайым нұр ойнасын.
    Туған күнің бүгінгі құтты болып,
    Жарқын күндер аша берсін шарайнасын.

    Көктемнің күлімдеген күніндей бол,
    Қырларды басып шыққан гүліндей бол.
    Шәмшінің әнін айтып, тербеп елді,
    Күлпаштың сағындырған үніндей бол.

    Бақытың мен байлығың ортаймасын,
    Ашық болып аспаның, гүлдей жайна.
    Бұл өмірдің сынды сәті байқалмасын,
    Әрбір күнің сәтті боп, күліп-ойна.
    ++++++++++++++++++++++++++++++++++++
    Құтты болсын туған күн
    Құтты болсын туған күнің келіп жеткен,
    Баршамызды шаттықты, көңілді еткен.
    Әр жыл сайын келетін бақыт сыйлап,
    Туылған күн шынайы тебіренткен.

    Жастан жасқа амандықта жете бергін,
    Арманың мен мақсатың бірге үндесіп.
    Отбасың мен жақындарың аман болсын,
    Бір жүретін қуанып, көңілдесіп.

    Бар әлемнің бақытын тілеймін мен,
    Алла өзі жар болсын, сені қолдап.
    Әрбір күнің сәттілікте бола берсін,
    Бақ-береке басыңа бақыт орнап.
    ++++++++++++++++++++++++++++++++++++

    Төл мерекең құтты болсын
    Туған күннің есуде таң самалы,
    Бұлбұл құстар шырқайды, ән салады.
    Құтты болсын туған күнің келіп жеткен,
    Бұл тілегім өзіңе арналады.

    Мерейлі жасың қуантып, бақ сыйласын,
    Қуанышын көп беретін сәт сыйласын.
    Арман менен мақсаттарың орындалып,
    Абыройлы, мақтан етер ат сыйласын.

    Жұлдыздайын жарқыра, шаршамағын,
    Жастан жасқа амандықта әркез жетіп.
    Алла өзі жар болсын, қолдап сені,
    Жүрсін деймін қуанышты, бақытты етіп.

    ++++++++++++++++++++++++++++++++++++


    Келіп жетті күнің де күлімдейтін,
    Жеке меншік мерекең, туған күнің.
    Құтты болсын бүгінгі төл мерекең,
    Сәттілікпен жалғасып әрбір күнің.

    Армандарың орындалсын сен аңсаған,
    Абыройың асқақтап, бағың артып.
    Биікке өрлеп, асуларды еңсере бер,
    Бұл өмірдің қызығына балқып-шалқып.

    Нұр ойнасын жүзіңде күлімдей түс,
    Жұлдыздайын жарқырап, жанып бағың.
    Алла жар боп әрқашан болшы аман,
    Аман болып отбасың, жақындарың.
    ++++++++++++++++++++++++++++++++++++

    Құтты болсын бүгінгі туған күнің
    Өмір сені бесігінде тербей берсін,
    Қуанышын, бақытын сыйлап саған.
    Құтты болсын бүгінгі төл мерекең,
    Тілегімді айтайын арнап саған.

    Әрбір күнің сәтті болсын, тәтті болсын,
    Сезіндіріп өзіңе балдай дәмін.
    Алла жар боп өзіңді қолдасын тек,
    Арайлы боп шуақты атар таңың.

    Көңіліңде жайма шуақ орнай түссін,
    Арманың мен мақсатың самғай түссін.
    Бақытты күн жалғасып әрбір күні,
    Жаратқаным бар жақсысын арнай түссін.
    ++++++++++++++++++++++++++++++++++++

    Туған күніңмен!
    Таудай талап тілеймін, бақытты бол,
    Таусылмас талант тілеймін, шаттықты мол.
    Туған күнің бүгінгі құтты болып,
    Бар жақсылық орнасын, айтарым сол.

    Табыстарың тамаша, көбейсін тек,
    Арманыңа жете бер сен күлімдеп.
    Жайдар көңіл тілеймін, ашық аспан,
    Сәттілік жалғасып әр күнің тек.

    Қайтпас жігер тілеймін, жайма шуақ,
    Алла жар боп өзіңе берсін қуат.
    Жастан жасқа амандықта жете бергін,
    Жаздың жайма күніндей сен жадырап.
    ++++++++++++++++++++++++++++++++++++

    Туған күніңізбен
    Өміріңіз көктемдей жайнай берсін,
    Бағыңызда бұлбұл құс сайрай берсін.
    Құтты болсын жеке меншік мерекеңіз,
    Қуаныш пен үйіңізге бақыт енсін.

    Жадырасын жаныңыз жаздай болып,
    Өміріңіз жалғассын балдай болып.
    Көңліңіздің аспаны ашық болып,
    Жарқыраңыз сәтті атар таңдай болып.

    Арманыңыз орындалсын, мақсатыңыз,
    Жан сарайы күлімдеп жайма шуақ.
    Жастан жасқа жетіп сіз амандықта,
    Берсін деймін әрқашан Алла қуат...
    -------------------------------+++++++++
    Туған күнмен құттықтау
    Құтты болсын бүгін сенің туған күнің,
    Сыйлай берсін өзіңе өмір гүлін.
    Арман менен мақсатың бірге ұштасып,
    Қуанышқа толы болсын әрбір күнің.

    Өмірің бұл көктемдей жарқын болсын,
    Жаздың жайма күніндей жылы болсын.
    Алтын күздей жарқырап ақ көңілің,
    Аппақ қардай тап-таза өмір болсын.

    Амандықта жете бер әрбір жасқа,
    Аман болып жақының, туыстарың.
    Алла өзі жар болып, қолдасын тек,
    Күннен күнге құлпырып жаздай жаның.
    -------------------------------+++++++++

    Құтты болсын жеке меншік мерекең
    Құтты болсын туған күн келіп жеткен,
    Жаныңызға нұр сыйлап, күлімдеткен.
    Бұл жасыңыз шаттығына бөлей берсін,
    Күндеріңіз көп болып бақытты еткен.

    Асқақ арман, мақсатыңыз орындалсын,
    Алла өзі жар болып, қолдап, қорғап.
    Бар әлемнің тілеймін бар асылын,
    Шын жүректен өзіңізге тілек жолдап.

    Аман болсын отбасыңыз, жақыныңыз,
    Шаттықта өтіп, қуантып әр күніңіз.
    Жүз жасаңыз Алла сізге ғұмыр беріп,
    Қасыңыздан табылып бақытыңыз.
    -------------------------------+++++++++

    Құтты болсын бүгінгі жаңа жасың
    Кеудеңдегі жүрегің тоқтамасын,
    Ұзақ ғұмыр тарту етіп Алла саған.
    Құтты болсын бүгінгі жаңа жасың,
    Шаттана бер күн сайын артып бағаң.

    Асқақ арман, мақсатың бірге үйлесіп,
    Орындалсын сәтті боп әрбір қадам.
    Көңіліңнің аспаны ашық болып,
    Бір өзіңе тәнті болсын барлық адам.

    Көкжиектен күн шығып, күлімдесін,
    Бұл өмірдің салқыны білінбесін.
    Жанарыңа қуаныш мәңгі орнығып,
    Қиындықтар есігіңнен үңілмесін!
    -------------------------------+++++++++

    Жаңа жас, туған күніңмен
    Бүгін шаттық, қуаныш тойланар күн,
    Бүгінгі күн бақытқа айналар күн.
    Әр жыл сайын келетін қуандырып,
    Құтты болсын меншікті туылған күн.

    Бойыңызда көшбасшылық бар қасиет,
    Жақсылықты жақсыға жалғап жүрер.
    Ашық-жарқын мінезіңіз жанды баурап,
    Бақыты мен шаттығын таңдап жүрер.

    Жаңа жастың сезініңіз бал-қаймағын,
    Жаңа күннің тіл үйірер балдай дәмін.
    Ғұмырыңыз ұзақ болып, жүз жасаңыз,
    Алла сізге сыйлап күннің арай-бағын.
    -------------------------------+++++++++

    Туған күніңмен құттықтаймын
    Мерейлі жүзің жайнасын, жарқырасын,
    Дархан пейлің өзіңе бақ әкеліп.
    Туған күнің бүгінгі құтты болсын,
    Қуанышты, шаттықты сәт әкеліп.

    Қанаттарың талмасын, биік самға,
    Өмір сыйлап өзіңе арай бағын.
    Күлімдей түс, саулығың мықты болып,
    Жаз көңілің мәз болып, жайнап жаның.

    Жігерің мықты болсын тек, алға баста,
    Сынды күндер кезіксе асып-саспа.
    Алла өзі жар болып, қолдап сені,
    Амандықта жете бер жастан жасқа.
    -------------------------------+++++++++

    ТУҒАН КҮНІҢМЕН
    Көрдің алғаш бүгін жарық әлемді,
    Іңгәләған даусың әнге бөленді.
    Сүтін емдің қосып ана үнімен.
    Құттықтаймыз!
    сені туған күніңмен.
    Тәй-тәй басып қадам жерден құлайсың,
    «Апа», «Ата» дейсің мәме сұрайсың.
    Мамалаған күнім балдай тіліңнен,
    Бірге толдың балам,
    туған күніңмен.
    Жеті құлап мамық жердің бетіне,
    Құлындайын тулап толдың жетіге.
    Тайға мініп, құмар едің ертекке,
    Жігіт болдың!барасың сен мектепке.
    Бәйге атындай баптап шықтық түнімен,
    Құттықтаймыз!
    сені туған күніңмен.
    Мамырлаған әлем ойың өрісте,
    Көңілің пәк, жаның нәзік періште.
    Балауса өмір құрбы доспен ғажап- ақ,
    Кәмелетке жеттің енді азамат.
    Он сегізге келгенің бе шынымен,
    Құттықтаймыз!
    сені туған күніңмен.
    Жиырма беске толдың сөзің салмақты,
    Аруларға жігіт салар қармақты.
    Көк аспанға сиқыр сезім шарлатты,
    Кеудеңдегі бақыт құсын сарнатты.
    Құттықтаймыз!
    сені ғашық гүліңмен,
    Құттықтаймыз!
    сені туған күніңмен.
    Өгіз болып өрге тартып арбаңды,
    Жегілесің иыққа асып дорбаңды.
    Бұзамын деп талпынасың ордаңды,
    Қамшылайсың намыс атты жорғаңды.
    Отыз көктем гүлдеп өткен жүзіңнен,
    Құттықтаймыз!
    сені туған күніңмен.
    Шыққаннан соң төбесіне қырқаның,
    Ойланасың бала қамын, қыр қамын.
    Алғаннан соң аздап өмір сабағын,
    Байыптайсың үлкен, кіші қабағын.
    Құрдастарың думандатып түнімен,
    Құттықтайды сені
    туған күніңмен.
    Ердің жасы еңселеген елуде,
    Тәңір жазар немерені көруге.
    Өтер қызу қызметтің бабымен,
    Той, қаза мен құдалықтың қамымен.
    Ақ самай мен бас қасқалау бүлінген,
    Құттықтайды сені туған күніңмен.
    Асқаралы алпыс екен нар қасқаң,
    Қара шашты өмір отап қар басқан.
    Болмаған соң мына тірлік ойыңдай,
    Шүкір дейсің бір құдайды мойындай.
    «Ата»-дейді қариялықтың басы деп,
    Пайғамбардың келген осы жасы деп.
    Жарқырап бір тасып жатса дәулетің,
    Құттықтайды
    мерей тоймен әулетің.
    Тағдыр салып кәрі әжім қолдарын,
    Келбетіңе сызып кетер жолдарын.
    Тісің түсіп жау шапқандай еліңді,
    Уақыт шіркін бүгіп берер беліңді.
    Ата, әже дейді күліп шөберең,
    Жетпіс жаспен дейді,
    сүйіп немерең.
    Бергеннен соң сексен жастың сапарын,
    Уақыт-өмір себер улы қаһарын.
    Көргеннен соң сирегенін қатарың,
    Сезінесің мына күннің батарын.
    Тәңірі өзі жібергендей жазасын,
    Көтере алмай дос, бауырдың қазасын.
    Ұл, келінің жас баладай мәпелер,
    Дәм бұйырып тоқсан келсе тозасың.
    Жүзге бірақ мыңның бірі жетеді,
    Ғасыр солай, өмір солай өтеді.
    Айдай анық дүние жалған екені,
    Шақырады мәңгіліктің мекені.
    Ойламайсың бұл өмірден өтем деп,
    Жатқаныңда мәңгілікті мекендеп.
    Әулетіңмен, туған-туыс, бауырың,
    Еске алады,
    туған күні екен деп