Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Өмір бар жерде адамдар арасындағы қарым-қатынас толастамақ емес. Әр адамның өзіне жақын адмға деген айтар тілегі болады. Сол орайда әртүрлі мәтіндегі тілектер топтастырып, көпшілік қауымға ұсынылып отыр.
автор: Төлебаев Бағдәулет
Жыл сайын жаныңызға нұр, құшағыңызға гүл, жанұяңызға әсем ән сыйлайтын тәл мерекеңіз құтты болсын. Алла Тағала таусылмас бақытка кенелтіп, атар таңдыарыңызды тек жақсылықтармен қарсы алып, әр күніңіз нұрлы болсын. Көңіліңізде көктем әні шырқалсын. Әулетіңіздегі бірлік пен татулық нығая берсін.
Біз өзіңізге өкінбес өмір, кіршіксіз көңіл, сарқылмас бақыт, шалқыған шаттық, тұнық тыныштық, отбасыңызға ырыс – құт тілейміз. Әрқашан Алланың нұры жауып, ортамызда аман – есен жүріңіз. Асау толқынды өмір арнасында жанұяңыз бақ пен қуаныш нұрына шомылып, жыры мен сыры, әні мен мәні көп жақсылық жайлаған жағалауға тұрақтаңыз.
Өрге өрлейтін өмір – ол өмірді жеңетін алтын уақыт. Ешқашан таусылмайтын бақыт, сөнбейтін шырақ, әрқашан орындалар арман тілейміз. Аман болыңыз.
Туған күнің құтты болсын! Қарның тоқ болсын! Өмірің ұзақ болсын! Дастарханың майлы болсын! Жүрегің нәрлі болсын! Ұрпағың күшті болсын! Денсаулығың мықты болсын! Өмірің тәтті болсын! Жүрегің сырлы болсын!
Өмірің мәнді, шаңырағың сәнді болғай! Дастарқаныңнан дәм-тұзың үзілмей, барың берекеге, берекең мерекеге ұлассын.
Сіздердің "айналайын" деген жылы сөздеріңізден, алақандарыңыздан ешқашан Алла ажыратпасын. Алтындай бағалы, құндыздай жағалы, өркендеген ұрпақтарыңыздың үзілмес сабағы болыңыздар.
Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы келінімізге әлемдегі бар жақсылықты , дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын анық етсін.
Сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
Жанұяңа тілерім бақытты өмір
Қуаныш келе берсін ағыл-тегіл
Ұлдарың осы жылы аяқтанып
Қызықтап осы үйіңе келін түсір.
Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз.
Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
Қажетті сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?