Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ініме) » ZHARAR © 2016 | ініге туған күнге тілек, ініме тілек, ініме туған күніне тілек, тілек ініме, Туған күн ІнІ қазақша Құттықтау тілек, ініме тілекiнiме туган кунине тилек, туган кунге тилек иниме




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ініме)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ініме) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ініме) на казахском языке

Үмітке сенім жалғасып,
Тіршілік үшін талпынып.
Келесің інім, алға асып,
Арманды қуып шарқ ұрып.

Жолыңнан жүрген жаңылма,
Кедергі болса кесіп өт.
Жаңғырып тұрсын жадында,
Ағалар айтқан өсиет!

Құрметті ағайын! Міне, желіп отырып, [жасы] деген белеске де келіп қалыпты. Мен өзім пайғамбар жасы 63 жасқа келсем, артымнан ерген өкшелес інім бұл да [жасы] шығып отыр. Өткен өмір көз алдыңа кино болып елестейді екен. Ауылда бозбала болып қатар өстік, оқыдық, отау құрдық, өстік-өндік, талай елмен дәмдес болып, қызмет еттік. Әркім өзінің пешенесіне жазылғанды көріп келеді, Аллаға шүкір, жаман емеспіз деп ойлаймын. Осы аралықта дүние емес, дос жинауға, ағайынмен аралас болуға ұмтылдық. Міне, інім жиған байлығын көрсетіп отыр. Ол байлығы: ұйыған отбасы – келін, балалар, өсіп-өнген ұрпақ, осы тойға жиналған қауым, ағайын, дос-жаран. Солардың ортасындағы абырой. Байлық деген осы. Бақыт деген осы. Бір күн дәмдеске қырық күн сәлем деген. Тойға алыстан – Атыраудан, Астанадан және басқа да жерлерден ағайын-туыстар, құда-жекжаттар, дос-жарандар, қызметтес жолдас-жоралар қатысып отыр.

Үлкендердің батасын алған, Құдайдың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Сіздердің тілектеріңіз ініме, оның ұрпағына жұғысты болсын.

Қуанғаның рас болса, шақырған тойына бар деген осы. Жер қашық демей, қыстың көзі қырау демей жиналып отырмыз.

Ініме, бала-шағасына, баршаңызға дүниенің бар жақсылығын тілейміз. Еңбек жемісін, бала-шағаларыңыздың рахатын көріңіздер. Көргеніміз той болсын. Басымыз тойда қосылып жүрсін. Рахмет.

Мен көрмесем деп ем,
Төккенін көзіңнің мол мұң,
Шыққанын сөзіңнің солғын,
Менің өмірім бір кітап десем,
Үлкен ғой онда өзіңнің орның.
Бар күйі шертілген жоқ
Жастықтың сазының да әлі,
Жайлауым жазы құмындағы,
Сен бір қызық тараусың, інім!
Өмірімнің мазмұнындағы.
Мен саған саясын тіледім
Шаңқайда шынар талдың да,
Өкпелетсең де, кінә арта алдым ба?
Үмітімді ақтадың ба сен?
Жылағанда қуанта алдың ба?
Жаман болсаң мені де құлатасың,
Жақсы болсаң аспанға шығарасың да,
Өмірде әлі талай сыналасың да.
Менің кітабымның жақсы болуы
Саған байланысты, ұға аласың ба.
Өрмекшінің ізіндей ойнар
Санамды сызып торлайды,
Бір сазды үзіп толғайды,
Сен бақытты болмасаң, інім,
Менің өмір кітабым қызық болмайды.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 26 590
Рейтинг:
(голосов: 6)

.

. .