30 жас: туған күнге тілектер, өлеңдер, құттықтау топтамасы


Құрметті оқырмандар! Сіздерге арнап 30 жасқа туған күніне тілектер мен құттықтаулар жарияланды. Туған күндеріңіз құтты болсын!


Орда бұзар отыз жас келді міне,
Құтты болсын, бар жақсыны тілеймін.
Гүл көктемдей құлпырып сен жыл сайын,
Ортамызда амандықта жүр деймін.

Арайлы таң шуағына бөлесін,
Әрбір күнің сәттілікке толы боп.
Армандарың орындалсын аңсаған,
Лайым әркез жорытқанда жолың боп.

Бақытты бол, қиындықтар болмасын,
Әрбір күнің жарқырап күн нұрындай.
Жаратқаным бір өзіңді қолдасын,
Жолында боп иманды, әр күнің бай.



Құтты болсын туған күн

Құтты болсын туған күнің қарағым,
Қуанышпен бүгін міне кеп жеткен.
Отыз жасың сыйласыншы бақытын,
Жан дүниеңді нұрға бөлеп тербеткен.

Болмасыншы өміріңде қиындық,
Ақ жүзіңнен күннің нұры күлімдеп.
Жан дүниең қуанышқа толы боп,
Сәттілікте өте берсін күнің тек.

Ақ жүзіңнен күлкі кетпей мейрімді,
Шаттана бер әрбір күннен бақ таба.
Денсаулығың мықты болып жүрші тек,
Жұмысыңды аброймен атқара.


Құтты болсын отыз жас

Құтты болсын отыз жас,
Келіп жеткен бүгінгі.
Қуанышта, шаттықта,
Өткізе бер күніңді.

Орда бұзар отыз жас,
Бар жақсысын сыйласын.
Бар әлемнің жақұтын,
Бір өзіңе жинасын.

Мықты болып саулығың,
Көңілде мұң болмасын.
Жаратқаным лайым,
Әрқашанда қолдасын.




Күн соңынан күн өтіп айлар, жылдар,
Отыз жас та кеп жетті бүгін міне.
Хош келіпсің отыз жас төрлет, төрлет,
Шүкір етем өтіп жатқан әр күніме.

Ризамын мен шүкір деп тәубе етемін,
Отыз жастың есігінен кіріп бүгін.
Жаратқаным рахмет бір өзіңе,
Сыйладыңыз отыздың сәтті күнін.

Рахмет саған ата-анам өсірген,
Қатем болса мына мені кешірген.
Рахмет саған туған-туыс достарым,
Шықпайсыңдар ешқашанда есімнен.




Келді міне отыз жас,
Құтты болсын қарағым.
Қуанышын сыйласын,
Әрбір басқан қадамың.

Қиындықтар болмасын,
Бар жақсылық орналып.
Жаратқаным қолдасын,
Қуаныштар жалғанып.

Мықты бллып саулығың,
Жадырай бер жайнай бер.
Шаттандырып тағдырың,
Күліп тағы ойнай бер.




Қуандырсын отыз жас,
Сыйлап саған ән-жырын.
Денсаулығың мықты боп,
Шаттықта өтсін әр күнің.

Жүзіңнен күлкі кетпесін,
Отыз жасың бақ сыйлап.
Жаратқаным жар болсын,
Абыройлы ат сыйлап.

Қиындықтар болмасын,
Жаңа жасың құтты боп.
Қуанышың жалғансын,
Көңіл-күйің күшті боп.




Бүгін туған күніңмен,
Құттықтаймын кеп жеткен.
Отыз жасың қуантсын,
Ән-жырымен тербеткен.

Бар әлемнің бақытын,
Бір өзіңе тілеймін.
Жаратқаным жар болып,
Аман-есен жүр деймін.

Ұзақ болсын ғұмырың,
Әрбір күнің сәтті боп.
Орда бұзар жасыңда,
Өтсін күнің тәтті боп...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу