Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы) » ZHARAR © 2016 | заң туралы тәрбие сағаты, Заңды білу заман талабы, заңды білу заман талабы тәрбие сағаты, заңды білу заман талабы ашық тәрбие сағаты, 30 тамыз конституция күніне арналған тәрбие сағаты, 30 тамыз қазақстан конституция күні тәрбие сағаттары, 30 августа день конституции тарбие сагат, 30 тамыз конституция куни тарбие сагаты




  • »

Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы)

Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы) казакша Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы) на казахском языке

Тәрбие сағат тақырыбы: Заңды білу – заман талабы
Сыныбы: 9 сынып
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
2. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3. Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сыныпішілік, топтық сайыс
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Қ. Р - ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р - ның Конституциясы, тб. заң жинақтары, көрме, заң туралы қанатты сөздер;

Тәрбие сағаттың барысы.
Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгендеу,

ә) Оқушыларды үш топқа бөлу:
1 - топ «Ақиқат»,
2 - топ «Заңгерлер».
3 - топ «Болашақ»
б) Әділқазылар алқасын тағайындау.
в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Заңды білу – заман талабы»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс жоспары:
1. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)
2. «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан
3. «Тапқырлық»
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
5. «Жағдаяттық сұрақтар»
6. Пікірсайыс
7. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»
8. Қорытынды

Қанатты сөздер:
“Тәртіпке бас иген құл болмайды,
тәртіпсіз ел болмайды” Б. Момышұлы.
“Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу - ақ”,
“Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”
(Ж. Баласағұн)
Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар»
(Халық мақалы)
«Бір қазаға екі жаза жоқ»
(Халық мақалы)

І бөлім.
Визиткалық карточка
(топ аты, топ ұранымен таныстыру)
ІІ бөлім
«Тікелей сұрақ»әр топқа 10 сұрақтан

Ақиқат тобының сұрақтары:
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай?
(Латынның «constitution» құрылым, өкілім);
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)
6. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?
(демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
(Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы
туралы заң т. б.)
10. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

«Заңгерлер» тобына
1. «Құқық» дегеніміз не?
2. Қазақстан Республикасының
Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
3. Қ. Р - да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар?
4. Қ. Р - да ресми түрде қолданылатын тіл?
5. Қ. Р - да «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді?
6. Қ. Р - ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді?
7. Қ. Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?
8. Қазақстан Республикасы қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас?
9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша?
10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды?

«Болашақ»тобына…
1. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
3. Қ. Р - ның басқару нысаны қандай?
4. Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
5. Қ. Р. «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды?
6. Қ. Р - дағы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады?
7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті?
8. 17 - желтоқсан қандай күн?
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?
10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?

ІІІ бөлім «Ақиқат» тобына:
Сұрақ: 36 - бап, 1 - тармақ.
Қазақстан, әрбір, азаматының, парызы, оның, және, Республикасын, қасиетті, міндеті, қорғау,

«Заңгерлер» тобына:
Сұрақ: 22 - бап, 1 - тармақ.
Құқығы, бостандығына, бар, ар - ождан, әркімнің.
«Болашақ» тобына:
Сұрақ: 14 - бап, 1 - тармақ.
Тең, алдында, мен, бәрі, заң, сот, жұрттың.

ІV - бөлім
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері»деп аталады. Әр топ парақша таңдау арқылы, тақтадағы суретке қысқаша анықтама береді.
Ақиқат тобына:
(ту суреті)

Заңгерлер тобына:
(елтаңба суреті)

Болашақ тобына:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

V бөлім.«Жағдаяттық сұрақтар».
«Ақиқат» тобына:
Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата - анасы қарсы. Себебі, олар Мәдина ҚР - ның азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Мәдина азаматтығын жоғалтады ма, әлде?

«Заңгерлер» тобына:
Ирина мен Қайрат ҚР - ның азаматтары. Бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс жасайды. Олардың отбасында ұл бала дүниеге келді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі?

«Болашақ» тобына:
Қарт адам Париж қаласындағы ҚР - ның елшілігіне келіп, оған ҚР - ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыруы керек қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме?

VI бөлім.
Пікір сайыс. Берілген бейне клипке байланысты сұрақтарға әр топ өз ой тұжырымдарын білдіру керек.

Тақырып: «Жастар және қылмыс»
Сессия кезіндегі студенттер. Осы кезде бейне фильм көрсетіледі, яғни соған сыбайлас жемқорлықтың пайдасы ма? әлде зияны ма? Деген сұрақ туындайды.
«Заңгерлер»тобына:
Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
“Ақиқат”тобына:
Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар?
«Болашақ»тобына:
Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

VII бөлім
«Мұны әрбір оқушы білуге тиіс».
Тақырып:
«Ақиқат» тобына: «Оқушы құқықтары»
«Заңгерлер» тобына: «Оқушы міндеттері»
«Болашақ» тобына: «Оқушы жауапкершілігі»

VIII - бөлім.
Қорытынды бөлімде 3 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 8 896
Рейтинг:
(голосов: 1)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, 30 тамыз конституция күні тәрбие сағаты, 30 тамыз конституция күніне арналған тәрбие сағаты, 30 тамыз қазақстан конституция күні тәрбие сағаттары, конституция күні Құқық пәнінен қазақша Тәрбие сағат: Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе, Құқық пәнінен қазақша Тәрбие сағат, Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе, Құқық пәнінен қазақша Тәрбие сағат: Сен еліміздің Ата Заңы день конституции, заң туралы тәрбие сағаты, Заңды білу заман талабы, тәрбие сағаты, заң туралы, сайыс түрінде, заңды білу заман талабы тәрбие сағаты, заңды білу заман талабы ашық тәрбие сағаты, день конституции рк сценарий на казахском языке, 30 августа день конституции тарбие сагат, 30 тамыз конституция куни тарбие сагаты, заң туралы тәрбие сағаты, Заңды білу заман талабы, тәрбие сағаты, заң туралы, сайыс түрінде, заңды білу заман талабы тәрбие сағаты, заңды білу заман талабы ашық тәрбие сағаты, 30 тамыз конституция күніне арналған тәрбие сағаты, 30 тамыз қазақстан конститу, Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы) сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

. .