» » » Шығарма: Тәуелсіз ел – бабалар арманы

Шығарма: Тәуелсіз ел – бабалар арманы

Шығарма: Тәуелсіз ел – бабалар арманы казакша Шығарма: Тәуелсіз ел – бабалар арманы на казахском языке
Нөкен Рахима (ФМБ НЗМ Алматы оқушысы)

Елу жаста «елім бар» деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің мұңлы Абай.
Қасым Аманжолов

Қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында еліміздің тәуелсіздігіне салғырт, немқұрайлы қарау етек алып бара жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл құбылыстың негізгі себептерінің ең бастысы – «Қазақстанға тәуелсіздік ХХ ғасырдың аяғына таман КСРО-ның ыдырауы барысында оның құрамындағы республикалар егемендігін алып жатқан тұста, 1991 жылдың желтоқсан айының он алтыншы жұлдызында ешқандай қантөгіссіз, өзінен-өзі келе қалды, бұл – қазаққа Құдайдың берген сыйы болды» деген солақай түсініктің қалыптасуы. Осының нәтижесінде жастар ел тәуелсіздігіне «мәңгілік сыйдай», еш алаңсыз қарайтын сияқты. Бұл эсседе тәуелсіздіктің ешқандай оңайлықпен келмегенін, оны арман еткен бабаларымыз бен аналарымыз, ағаларымыз бен апаларымыз ғасырлар бойы күресіп өткенін, сондықтан бүгінгі біз өмір сүріп отырған тәуелсіз, бейбіт елдің іргесі атажұртты аман сақтап қалу үшін төгілген есепсіз қан мен көз жасына суарылғанын ешқашан ұмытпай, ел тәуелсіздігін сақтауға әрқайсысымыз зор жауапкершілікпен қарап, бұл бақытты келесі ұрпаққа табыстау – біздің парымыз, ұлы міндетіміз екенін таратып айтамын.

Өзіне дейінгі түрлі тарихи оқиғалардың нәтижесінде тоз-тоз болып әртүрлі елдердің құрамында қалған қазақ рулары бір ел, бір мемлекет болуды көздеп, бас біріктіріп, Керей мен Жәнібектің соңына еріп, Қазақ хандығын құрғаны – он бесінші ғасырдың орта тұсы. Демек, оның арғы жағындағы қанша заманды айтпағанның өзінде, бабаларымыз ХV ғасырдан бері тәуелсіз ел болуды армандап келеді. Оған бір сәт қол жеткізгендей болғанымен, ол кезеңдегі қазақ дәл бүгінгідей бейбіт, мамыражай өмір сүрмегені тарихтан белгілі. Жаңа құрылған жас мемлекеттің жері мен байлығына көз алартпаған көршілеріміз кемде-кем. Әсіресе жұтып жіберуге дайын тұрған арыстан мен айдаһардай екі алпауыт елдің арасында заманға сай қару-жарақсыз, халық саны өте аз, басқа да жақтарынан әлсіз мемлекеттің тәуелсіздігінен айырылмай, 300 жылға жуық өмір сүруі елім деп туған қаншама боздақтарымыздың жанкештілігінің арқасында болатын. Ақтабан шұбырынды оқиғасынан кейінгі қалған халықты аман сақтап қалу мәселесі Тәуке, Абылай, Әбілқайыр, сол сияқты басқа да хан-сұлтандарымыздың, батырларымыздың, ақын-жырау, би-шешендеріміздің қабырғасын қайыстырды, ұйқысын қашырып, төсектен безіндірді. Ақыры, шарасыздықтан, басқа жол таппағандықтан, сенімі мен үміті аз болса да, соған тәуекел етіп, ұрпағын мүлдем құрып кетуден сақтау үшін, арыстанның аузына өз еріктерімен апарып салып беруден басқа амал таппады. Қаншама күшпен келген тәуелсіз мемлекеттің туын жығып, елдігінен айырылуы қандай өкінішті. Сол заманды елестетсең, жүрегің қан жылайды.

Кейінгі үш жүз жылдай уақыт ішінде не көрмедік?! Шаруашылығымызға жайлы қаншама шұрайлы жерлерімізден айырылғысы келмей, бабасының сүйегі жатқан атамекенді оңайлықпен бере салуға намысы жібермей, ұрыс бастап, қарулы дұшпанының қолынан ат жалын құшқан ерлеріміздің санында есеп бар ма?! Көктемгі жауқазындай қаулап өсіп келе жатқан қаншама аруларымыздың ары тапталып, періштедей пәк ғұмырларының күл-талқаны шыққаны кеудесінде жаны бар тірі азаматтарымыз түгілі, көрде жатқан аруақтарымыздың сай-сүйегін сырқыратпады деп ешкім айта алмас. Ресейге бодан болған үш ғасыр ішінде билеуші елдің езгісіне қарсы еліміздің әр түкпірінде толассыз көтерілістер жүріп жатты. Солардың ішінде тарихымыздан елеулі орын алған ең ірілері –Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының он төрт жылға созылған шаруалар көтерілісі, 1836 – 1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы көтеріліс, Үш жүздің аумағында патша өкіметінің отарлаушылық саясатына ойсырата соққы берген, он жылды қамтыған Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы бастаған Сыр бойы мен Арал өңіріндегі қазақтардың азаттық күресі және Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжіұлы бастаған Маңғыстау қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы. Сондай-ақ соғыстың алдыңғы шебінде жүретін қара жұмысына қазақ жастарын алу туралы 1916 жылғы патша жарлығына қарсы шыққан Жетісудағы, Торғай өңіріндегі, Сыр бойындағы ірі ұлт-азаттық көтерілістерін ұйымдастырып, бас көтерген бабаларымыз қаншама?! Бұл батырларымыз ел тәуелсіздігіне ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жетеміз деп атқа қонса, Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты ойшылдарымыз ендігі күшті білім мен бірлігімізді нығайтуға салмайынша, тәуелсіздіктің ауылы алыста екенін терең ұғынып, ағартушылыққа ден қойды, елді өнер-білім үйренуге шақырды. Олардың ізін басқан Міржақып Дулатов алты алашқа «Оян, қазақ!» деп ұран тастаса, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай секілді біртуар азаматтарымыз бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында әлсіреген Ресей империясынан қазақтардың тәуелсіздігін алып шығуы үшін бар білімін салып күресіп бақты. Өкінішке орай, Алаш зиялыларына да тәуелсіздік қолжетпес арман болып қала берді.

Барлық оқыған, білімді, елге көсемдік жасар текті ұрпағымызды қырып салып, қазақ деген ұлтты мүлдем жойып жіберуді мақсат тұтқан Кеңес өкіметі тұсындағы ел билігіне наразылықтар да асыл азаматтарымыздың оққа ұшуымен аяқталып отырғанына тарих куә. Ақмола облысында неміс автономиясын құруға жол бермеу үшін 1979 жылы алаңға шығып, алғаш рет өз талаптарын жүзеге асырған қазақ жастары бойларына күш-қуат, жігер алып, 1986 жылы желтоқсанда «Қазақстанды қазақ басқарсын!» деген ұранмен тағы да алаңға шығып, ел тәуелсіздігін, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуын сұрап, жоғары биліктің саясатына наразылығын білдіргісі келген үніне өкімет құлақ аспақ түгілі, адам төзгісіз озбырлықпен аяусыз жазалап, мұз жастандырғаны әр қазақтың жүрегін аяздай қарып өтіп, санасын дүр сілкіндірді деп ойлаймын. Кеңес өкіметінің бұл айуандық әрекеті қазақ жастарын ықтырып емес, керісінше бойларында ыза мен кегін оятып, кейінгі 1990-1991 жылдардағы Алматыдағы, Жаңаөзендегі, Қарағандыдағы, Теміртаудағы, Атыраудағы секілді әртүрлі саяси ереуілдерге батыл шығуына себеп болды. Одақтас республикалардың әрқайсысындағы осындай бас көтерулердің нәтижесінде КСРО-ның іргесі сөгіліп, егемендігімізді алуға мүмкіндік туды.

Қорыта айтқанда, біз сан ұрпаққа арман болған тәуелсіздікке ешқандай да бейбіт жолмен емес, керісінше ғасырлар бойғы бабаларымыздың қанымен, аналарымыздың көз жасымен, «мың өліп, мың тіріліп» жүріп қол жеткіздік. Сондықтан құны қанмен, көз жасымен, намыспен, армен өлшенетін тәуелсіздігіміздің бағасын біліп, қадір тұтып, оны қырағылықпен, үлкен жауапкершілікпен қорғап, мәңгілік елге айналдыру – біздің парызымыз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 10 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Тәуелсіз ел – бабалар арманы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиз ел – бабалар арманы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Тәуелсіз ел – бабалар арманы, шығарма Тәуелсіз ел – бабалар арманы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Тауелсиз ел – бабалар арманы на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Тәуелсіз ел – бабалар арманы, Шығарма: Тәуелсіз ел – бабалар арманы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы