» » » Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз

Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз

Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз казакша Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз на казахском языке
Рыспаев Мақсат
9А сынып, Қарағанды қаласының №82 жалпы білім беретін орта мектебі .
Жетекші: Битимбаева Карлыгаш Оразбековна

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері біраз уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлауы керек еді, дегенмен де аталарымыздың қатары азайып, барларының өзі қартайып, уақыт өз әмірін жүргізуде.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Сол аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Москва, сенің іргеңді Ел,
Ер болып сақтаймыз
Сенен аяр жан да жоқ,
Барлығы да сен үшін,
Саған қауіп төнгенде
Жау таянып келгенде,
Қамсыз тыныш жатпаймыз
Алпыс ұлттың адамы,
Қол ұстасып үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Шығыс қыздары Мәншүк пен Әлия –мәңгі ел есінде. Қаршадай қыз еш қорықпай жауды қыра берді. Қанша ән арналсада, қанша жыр арналсада аз көрінеді. Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы атамызды айтпай кету- күнә. Қазақ халқы үшін, қазақ жастары үшін Баукеңнің еңбегі зор. Қазіргі уақытта адам баласы адамгершілік, парыз, ар –деген ұғымдарды білсе де, түсіне бермейді. Себебі, қазіргі жастар тым ұсақталып кеткендей. Бұның дәлелі мектептерде Бауыржан атамыз туралы сынып сағаттар, өмірі туралы мәліметтер аз.Қазіргі біз сияқты, жастарға өз тарихын, өз елінің өткені туралы білуі тиіс.
Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 220 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Шығарма: Ерлікке – тағзым!
Шығарма: Ерлікке – тағзым!
Шығарма: Табан ет, маңдай термен келген Жеңіс!
Шығарма: Табан ет, маңдай термен келген Жеңіс!
Шығарма: Біздерміз азат етер адамзатты
Шығарма: Біздерміз азат етер адамзатты
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығарма: Неменеңе жетістің бала батыр...
Шығарма: Неменеңе жетістің бала батыр...
Шығарма: Жау таянып келгенде
Шығарма: Жау таянып келгенде
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығарма: Өлiм мен өмiр алысты
Шығарма: Өлiм мен өмiр алысты
Шығарма: Менің халқымның өміріндегі соғыс тауқыметі
Шығарма: Менің халқымның өміріндегі соғыс тауқыметі
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Жауынгерлердин ерлигин мактан тутамыз на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз, шығарма Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Жауынгерлердин ерлигин мактан тутамыз на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс ж, Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы