» » » Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық

Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық

Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық казакша Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық на казахском языке
Құсаинов Әділхан
10 сынып, Полтавка орта мектебі
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы
Жетекші: Өкенова Гүлбән Зейнелқызы

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.
Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Мәскеу, сенің іргеңді ел, ер болып сақтаймыз, сенен аяр жан да жоқ. Барлығы да сен үшін, саған қауіп төнгенде, жау таянып келгенде, қамсыз тыныш жатпаймыз. Алпыс ұлттың адамы, қол ұстасып үн қосып, қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған Нұрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы атамыздың өзі сүйген халқы үшін ерлігі ерекше үлгі болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат береді. Осындай аталарымыздың ерлігін үлгі етіп, біз ,болашақ ұрпақ өз жадымызда сақтай отырып, еліміздің өсіп – өркендеуіне бар күшімізді, білімімізді, үлесімізді қосамыз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 25 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз
Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес
Шығарма: Жеңіс жыры- асқақтасын жаңғырып!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс жыры- асқақтасын жаңғырып!
Шығарма: Ең ауыр күндер
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ең ауыр күндер
Шығарма: Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығарма: Ұлы соғыс – Ұлы жеңіс!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы соғыс – Ұлы жеңіс!
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығармалар жинағы
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығармалар жинағы
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығарма: Батырдың аты өлмейді
Шығармалар жинағы
Шығарма: Батырдың аты өлмейді
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығарма: Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Толарсактан саз кешкен жауынгер халык на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық, шығарма Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Толарсактан саз кешкен жауынгер халык на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс ж, Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы