Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды

 Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды

Абдразакова Саида
6 сынып оқушысы №2 жалпы білім беретін мектеп
Жетекшісі: Умбетова Жанат Кулпыбаевна

Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлім мен өмір алысты.
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алады. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.
Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті, Украйнаны, Венгрия,Чехословакия, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Польша, Прибалтиканы азат етті. Румыния, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өткен болатын.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатынаспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. «Өз халқын құрметтеп,сүймеген адам-опасыз,оңбаған адам»,-деп Бауыржан Момышұлы айтқандай,Отан үшін өз басын өлімге байлап,ажалмен алысып,өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күйіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізді жарып шыққандай,мақтаныш сезімін ұялатады.
«Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды»,-дейді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы.Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржан атамыздың еңбегі ерекше. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшін өз басын ажалға тігіп, өліммен алысып, жеңіс туын тікті. Бауыржан ата бір естелігінде: «Мен-өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын»,дейді. Батырдың әр қазақтың жүрегінде сақталуының себебі де ұлтын сүйгендігінен шығар. Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашан да мұзарт шыңнын басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді.
1941 жылы Мәскеу түбіндегі қанды шайқастарда теңдесі жоқ ерлігімен әлемді дүр сілкіндірген Қазақстадық 316 атқыштар дивизиясының батальон командирі ретінде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлігімен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Оның бізге қалдырған мәңгілік өшпес, ғасырдан ғасырға жетер мұралары үшін ұрпақтары мәңгі қарыздар. Мен ержүрек батырдың шығармаларын, әңгімелерін оқи отырып, терең ойға қаламын. Отанға деген сүйіспеншілігінен, халқына деген махаббатынан,ұлттық биік рухынан қуат аламын. Оның шебер суреткерлігіне адам психологиясын танып-білудегі сезімталдығына таң қаламын.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:«Ұлы Жеңіс-Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл-қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдары «бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы деп атап өткен болатын.Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қарумен де қаламмен де үлес қосқан аты аңызға айналған қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі-Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтанұрпаққа өнеге болады деп санаймын. Біздер, кейінгі жас ұрпақтар, осындай батыр ағаларымыздың істерін мәңгі ұмытпаймыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?