Келешек ұрпақ үшін

 Келешек ұрпақ үшін

Нұрланбек Балнұр
9-сынып оқушыс «І.Жансүгіров атындағы
№130 гимназия»КММ Алматы қаласы
Жетекшісі : Жаксымбетова Алма Алимбаевна

Шүйінші ,халқым,шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан ата-анамыз,
Шаттан ата-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл болады. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған , станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз- өздерінің әкелерін,ерлерін , ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар,қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды.Ұлы Жеңіс күн елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына , жақын-жарандарына,туған жеріне,аулына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымзға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жрі мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да лайықты үлесін қосты.Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде,Днепр өткелінде,Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті.
Иә, біздер жеңіске жеттік.Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті.Біздер жер бетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған , жүз мыңдаған боздақ көз жұмды.Жеңіс жолында жанын пида етті.Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды.Жеңіс күні
Сұлтан,Нүркен,Әлия,Мәншүк,Бауыржан,Мәлік,Төлеген бастаған батырлар- дың жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарды еске алу орынды.Соларды еске ала отырып,9 мамырды Жеңіс мерекесі дейміз. Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы миллиондаған еңбекші халық маңдай терін төкті,табан етін тауысты. Ұлы Жеңістен кейін ел есін жиды, етегін жапты. Миллиондағы халық соғыста қираған қалалар мен шаруашылықты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстанкөп ұлтты мемлекет, бұл ұлы соғысқа жүздеген ұлт өкілдерінің барлығы қатысты. Бұл соғыс сол кездегі кеңес халқының басына келген нәубет еді. Сол апаттың бетін барлық халық бірігіп қайтарады.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс- достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел дауысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін, халқының өмірін, өзі туған өңірін, ақ сүт берген анасын, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама?! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі