» » » Шығарма: Отты жылдар шежіресі

Шығарма: Отты жылдар шежіресі

Шығарма: Отты жылдар шежіресі казакша Шығарма: Отты жылдар шежіресі на казахском языке
Орынбасарова Сымбат
7 сынып, № 158 орта мектеп
Шиелі ауданы
Жетекшісі: Кетепова Ж.Қ.

«Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.»
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Шығанақ Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сондай-ақ, менің де нағашы атамның отты жылдар шежіресінің тарих беттерінде алтын әріппен есімі ел есінде қалды. Нағашы атамның ерен ерлігі ескеріліп, ауылдың атындағы бір көшенің есімі берілді.
Бұл күнде нағашы әжемнің көзі тірі. Жасы тоқсаннан асты. Атамды соғысқа аттандырып, оны күтіп алып жеңіс күнін бірге тойлап, одан кейінгі өмірлерін де мәнді - мағыналы етіп өткізген аяулы жандар. Бізге бейбіт өмірді сыйлаған ата – әжелерімізге бас игеннен басқа еш қызметіміз жоқ. Мен осындай ата- әжемнің барына шүкіршілік етіп, әрдайым мақтанып жүремін.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 23 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Жеңдік жауды күресте
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңдік жауды күресте
Шығарма:  Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері
Шығарма: Мәңгі өшпес ерліктер
Шығармалар жинағы
Шығарма: Мәңгі өшпес ерліктер
Шығарма: Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс
Шығарма: Шын жеңіске жеткен елім
Шығармалар жинағы
Шығарма: Шын жеңіске жеткен елім
Шығарма: Жасасын Жеңіс!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жасасын Жеңіс!
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығармалар жинағы
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығарма: Жеңісті күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңісті күн
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Ұлы Жеңіске 72 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіске 72 жыл
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Отты жылдар шежіресі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Отты жылдар шежиреси на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Отты жылдар шежіресі, шығарма Отты жылдар шежіресі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Отты жылдар шежиреси на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен О, Шығарма: Отты жылдар шежіресі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы