Біздің жарқын болашағымыз

 Біздің жарқын болашағымыз

Қожабек Аяна
9 сынып, Т.Тоқтаров орта мектебі
Ақсу ауд., Сағабүйен ауылы
Жетекшісі: Махсат Н.М.

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті.
Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ – ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал, айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Соның ішінде біздің мектепке аты берілген Төлеген Тоқтаровтың жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғандығын, батыл да бекем қимылдайтын автоматшы болғандығын және жуынгерлерді сан рет жауға бастап шыққандығын ешқашан ұмытпаймыз! Ер есімі – ел есінде мәңгі сақталады! Біз үшін, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлаған ата-апаларымды мақтан тұтамын! Ұлы Отан соғысына Қазақстан одақтық мемлекет – КСРО-ның субьектісі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында ол қомақты адами және стратегиялық маңызы бар аса мол табиғи ресурстарға иелік ететін еді. Мейлінше бүлінген күйде болса да, социализм тұсында Қазақстанда таптық және ұлттық езгі, сауатсыздық пен ортағасырлық арттақалушылық жойылды, әйелдердің теңдігі жарияланда, ұлттық татулық пен келісім ұраны көтерілді. Бұл жетістіктерге жету жолында патриоттық дәстүрлерінің маңызы зор болды. Қазақ халқы ғасырлар бойы өзінің ұлан-ғайыр даласын мүмкін болар агрессиядан қорғай білді. Жауынгер ерлігіктері ешқашанда ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындағын мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік.
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал потриоттары ретінде достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың таныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!
«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар», - дегендей Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде Отан үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз! Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түкпірінде сақтаймыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!