» » » Шығарма: Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы

Шығарма: Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы

Шығарма: Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы казакша Шығарма: Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы на казахском языке
Амангелді Мирас
Алматы қаласы, № 148 мектеп-гимназияның
6 сынып оқушысы
Жетекшісі: А.А. Салықбаева

Мүгедек емес олар! Жаралылар Жеңістің қолдарында жалауы бар. ...Парадтан барады өтіп жаралылар. Ей, Адам, Басыңды и де, қарауыңа ал! М. Мақатаев
Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі де үлгі тұтар дара тұлғалар болады. Олар арқылы бүкіл әлемге танылып, олармен мақтана алады. Олардың аты барда халқы әрдайым басын тікке, көкке көтереді... Олардың есімімен, рухымен, аруағымен туған халқы талай асу, талай белестерден өтпек... Қазақта да осындай мақтан тұтуға тұрарлық азаматтары бар. Бұл қырандар өз артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Адамгершілікке сапар шегу үшін ең ізгі жолды таңдап, салып берді. Енді, сол ізгі жолды екі айыр жолдан ажырата білу - біздің міндеткерлік. Сондай бір ерекше өшпес тұлғалардың бірі – Әлия мен Мәншүк... Қазақтың қос қарлығашы...
Қос қарлығаштың есімізде есімі әрқашан да сақтаулы. Ал, олардың бар жасаған ерліктері тарих парақтарында мәңгі қалады. Таста қашалған ОрхонЕнисей жазбаларындай... ...Мәншүктің елі үшін жасаған бар іс-әрекеті мені таң қалдырады. Артық демі қалғанша жалғыз бір өзі болса да, ештеңеден тайынбай, қорықпай қаншама жауға төтеп берді, қарсыластық көрсетті. Қобда, Нева суларын сүйіп өскен даламыздың еркелеген құсы – Әлия да асқан ерлік көрсетті. «Он тоғыз жасар жас қыз оқып жүргенінде оқуынан сұранып, қан сасыған майданға бет алды» деген сөздерді кішкентайымда әкемнен естіген едім. Қазақ халқының қос қарлығашы Азияның ғана емес, әлем мақтанышына айналды. Қаршадай қыздар Отан үшін қасық қандары қалғанша шайқасты. Кішкентайымнан «халық жауының» қызы боп қорлық көрген Әлия, әкесінің жау еместігін дәлелдеймін деген сөзінде тұрды. Оның шын аты-жөні Лая Нұрмағамбетова еді. Әкесі «халық жауы» атанып репрессияға ұшыраған деседі. Кейін нағашы ағасының қолында өскен Әлия, әкеге жазылған қара күйені жоюдың бірден-бір жолы деп осындай әрекетке барады.
Адамзат тарихында қанқұйлы жойқын соғыс болып табылатын Ұлы Отан соғысындағы Әлия мен Мәншүктің ерліктері алдында біз тағзым етеміз. Бұл – барша халық үшін аса қатал сын болған сұрапыл жылдар еді. Осы Отан соғысының шежіресіне қос қарлығаш аса зор үлес қосты. Олар жаумен ерлікпен шайқасып жатқан Қызыл Армияның алғы шебінде болды. Отанды қорғаудың алдыңғы қатарынан көрінді. Әрине, батырлар даңқ іздеген жоқ. Оны Отады қорғаушыларға өмірдің өзі берді. Осы даңқты сақтау, отанға берілгендікті, Отанға деген сүйіспеншілікті жастардың бойына сіңіру, тамаша жауынгерлік дәстүрді бойға дарыту бүгінгі ұрапақтың абыройлы борышы. Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте – бірте алыстап барды. Бірақ, адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес. Майдандағы жауынгерлер өз халқының аманатын адал орындап шықты. Ерлермен қатар Әлия мен Мәншүк апаларымыздай талай қазақ қыздары Отанын, елін қорғағаны созсіз. Олардың ерлік жылдары бізге - үлгі- өнеге. Тәуелсіз Қазақстанымыздың патриоты болу – бізге сын. Ол үшін біз де кез келген ерлікке бас тігіп, дайын болуға тиіспіз деп ойлаймын.
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегені бар ата – бабаларымыздың даналық ғибратында. Ғасырлар бойы талассыз өркендеп, жан – жақты қалыптасып келген Отанға деген сүйіспеншілік – мызғымас күш. Осындай күші сарп еткен ата – апаларымыздың ерліктері алдында біз әрқашан бас иеміз.
Жері мен елінің өшпес те өлмес тартымды да әсерлі тарихын, ата – бабаларымыздың өмірлік және қаһармандық тамаша да қайсар өнегелері мен тәжірибелерін баға жетпес қазына деп түсінген және сол қасиеттерді бойына терең сіңіре білген ұрпақ қана құрметке лайық. Өйткені, кешегісіз бүгінгіміз, бүгінгісіз ертеңгіміз болмаған және болуы мүмкін емес. Бұл – өміріміздің мәңгілік заңы мен ақиқаты.
Қасиетті Отаны мен ардақты халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі, болашақ ұрпақтарының бақыты үшін майдан даласында қасық қаны қалғанша жан қиярлық ерлікпен күрескен, Ұлы жеңіске баға жетпес үлес қосқан ата – апаларымыздың бейнесі алдында бас иіп, перзенттік қорымыз бен парызымызды өтейміз. Қаһармандар о дүниеге аттанған болса да, олардың жаны туған халқымен бірге болсақ...
Қазағымның қос қарлығашы... Әлия... Мәншүк... Топырақтарыңыз торқа болсын. Жатқан жеріңіз жайлы болсын. Сіздердің алдарыңызда біз, жас ұрпақ мәңгілік қарыздар болып қаламыз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 33 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!
Шығарма: Туған жер
Шығармалар жинағы
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Өнер адамы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Өнер адамы
Тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Шығарма: Елбасы – ел мақтанышы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Елбасы – ел мақтанышы
Шығарма: Менің атам - жауынгер болған...
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің атам - жауынгер болған...
Шығарма: Білімді ұрпақ – ел тірегі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Білімді ұрпақ – ел тірегі
Шығарма: Қазақстан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақстан
Шығарма: Сәлемдесу
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сәлемдесу
Реферат: Қазақ әдебиеті | Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Қазақша өлең: Абай атаға сағыныш
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай атаға сағыныш
Қазақша шығарма: Менің Отаным
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Менің Отаным
Қазақша тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Тақпақтар жинағы
Қазақша тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Қазақша реферат: Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922 - 1943)
Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922 - 1943)
Қазақша презентация (слайд): Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қазақша Мультфильм: Қарлығаштың құйрығы неге айыр (2012)
Қазақша Мультфильмдер жинағы
Қазақша Мультфильм: Қарлығаштың құйрығы неге айыр (2012)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Казактын кос карлыгашы – ултымыздын мактанышы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы, шығарма Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Казактын кос карлыгашы – ултымыздын мактанышы на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармала, Шығарма: Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы