Отан үшін күрескендер
Естемесова Аяла
6 сынып оқушысы №2 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
Жетекшісі: Умбетова Жанат Кулпыбаевна

Опасызда Отан жоқ,
Отанда опасызға орын жоқ
Б.Момышұлы
Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» деп, өз ойын айтып еді. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы өмірінен,тағдырымен тығыз байланысты. Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстокга Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі. Атабабамыз майданға жан аямай арпалысты. Олардың біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған тіліміз үшін арман-үмітін ақтауымыз керек. Себебі,болашақ- біздің қолымызда.
Менің ойымша, қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып, жайбарақат отыра алмайды. Мұны жадымыздан шығарып, өшіріп тастау біздің қолымыздан келмейді. Өйткені Ұлы Отан соғысы бізге өз туған тілімізді, жерімізді, отбасымызды және қасымызда жүрген туған-туыстар мен достарымызды қадірлеп,бағалай білу керек екенін көрсетті. Бірақ соған қарамастан ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес. Дәл солай!…. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, тіршілік атауының бәрін жалмап жұтты сұм ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе кинолар, радиотелехабарлар ата-бабамыздың ерлігін мақтаныш тұта жеткізеді. Ұлы Отан соғысы...
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі төзімділіктерін мақтан ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Мен соғысты жек көремін. Соғыс адамдарға азаптан басқа ештеңе бермейді. Елімізді қорғау үшін адамдар соғысқа аттанды. Бірақ бұл соғыстан кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне оралды. Қайтыс болған адамдардың үйіне қара қағаз жіберіледі. Зар жылап отырған аналар үмітін үзбей, оларды күтеді. Баласының өлгенін ана ешқашан мойындамайды. Сөйтіп жүріп, ауырып, бұл дүниеден өтеді.Осындай жағдайды ойласам, көңіл-күйім түсіп, көзімнен еріксіз жас шығады. Мұндай соғысты кім жақсы көріп, кім қалайды?! Мен соғыстың болмағанын қалаймын. Біз,қазақтар, бәріміз біргеміз.
Бұл-біздің ең басты байлығымыз. Себебі,барлығымыз тату-тәтті ,достықпен бірлікпен өмір сүріп жатырмыз. Мұның барлығы ата-бабамыздың арқасы деп ойлаймын. Біз ата-бабамыздың алдында бас иіп, оларды құрметтеуіміз керек. Бұл- адамгершіліктің белгісі. Біз Ұлы Отан соғысының Ұлы жеңісіне ештеңеге теңеспейтін күшпен жеттік. Ол күш-бірлік. Қаншама халық бір тудың астында бірігіп, күштерін бір арнаға бұрды. Ұлы Жеңіс- он бес одақтас болған мемлекеттің ортақ мерейтойы. Әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыштай Б.Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда қалып, өнегесі болашаққа күш-қайрат,рух береді. «Ер есімі ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт елімізде нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Егер біз өз тәуелсіздігімізді алмасақ,өзге елдің қол астында өмір сүріп,жұмыс істеп жүрер едік. Сонда қазақтар біреуге тәуелді болып, еркіндік дегеннің не екенін білмей өтер едік. Қазақ деген халық болмай, өз жерімізде қорлық пен мазақтан басқа еш нәрсе көрмейміз. Қазір, құдайға шүкір, бізегеменді елміз.
Қаз дауысты Қазбек би өте дұрыс айтады: «Әрбір адамға туып- өскен Отаны қымбат» деп. Менің Отаным - маған өте ыстық. Мен жырақта жүрсем де, көруге асығамын, сағынамын. Мен оз Отанымды өте қатты жақсы көремін! Отанымды көркейтіп,өркендету үшін сабағымды жақсы оқып, көп еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын. Мен ата-бабамның, атаанамның , туған-туысымның, дос-жаранымның үмітін ақтағым келеді. Сол үмітті ақтауға тырысамын, ол үшін бар күш - жігерімді жинап, жақсы оқып, уәдемді міндетті түрде орындаймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?