» » » Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!

Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!

Шығарма: Соғыс – күйретуші күш! казакша Шығарма: Соғыс – күйретуші күш! на казахском языке
Балгожина Гульзат
11 сынып, Ю.А. Гагарин атындағы №7 орта мектебі,
Ақмола облысы, Степногорск қаласы
Жетекшісі: Жахина Гульжахан Канатовна

Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, — деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол — өмір заңы. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар.
Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316 - атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды.
Жеңiстiң 70 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi бердi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген құрмет едi. Оның «Ежелден ер тiлегi – ел тiлегi, Адал ұл ер боп туса – ел тiрегi» деген өсиетiнің өмiрде орындалғанын көрiп қуандық. Ержүрек батырдың кiтаптарың оқып отырып, терең ойға қалам. Отанға деген сүйiспеншiлiгiнен, халқыңа деген махаббатынан, ұлттық биiк рухынан қуат аламын. Бауыржан атаның қаламынан шыққан «Москва үшiн шайқас», «Қанмен жазылған кiтап», «Ұшқан ұя», т. б. шығармаларыңызды оқып шықтым. Оның шебер суреткерлiгiңе, адам психологиясын танып - бiлудегi сезiмталдығыңа таң қаламын. Шығармаларыңызда әр кейiпкер өзгеше бiр әлем... Әр сөйлемде тұнып тұрған сыр жатыр. Бұларды оқып қана қоймай, жаттап, үлгi өнеге алуымыз керек. Оның бiзге қалдырған мәңгiлiк өшпес, ғасырдан ғасырға жетер мұралары үшiн ұрпақтары мәңгi қарыздар. Бақытты болашақ, Тәуелсiз ел - аңсаған арманы едi. Бүгiн сiздiң арманыңыз – ұлттық тiлдiң, дәстүрдiң, салт - сананың мызғымас тiрегi, күшi, алтын дiңгегi – халықтың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн.
Сiздiң тағлымыңызды зер сала оқып - үйрену бүгiн де, ертең де келешек ұрпақ үлесiнде. Ұлт болашағының негiзiн жасайтын жастар санасы өркениет деңгейiне сай болуы шарт. Осыны ойлаған кезде сiздiң: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едiм, ендi қорқынышым көбейiп жүр. Балаларын бесiкке бөлемеген, бесiгi жоқ елден қорқам. Екiншi, немересiне ертегi айтып беретiн әжелерiнiң азаюынан қорқам. Үшiншi, дәмдi, дәстүрдi сыйламайтын балалар өсiп келедi. Оның қолына қылыш берсең, кiмдi де болса шауып тастауға даяр. Қолына кiтап алмайды. Үйренiп жатқан бала жоқ, үйретiп жатқан әже, әке жоқ», – деген өсиетiңiз ойға оралады.
Бұл – үлкен алаңдаушылық. Өзiн халықтан бөлiп қарай алмайтын тұлғаның алаңы. Бұл үн бүгiнгi дәуiрмен де үндесiп жатыр.
Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын. Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері 1418 күн мен түн бойына шайқасып, жеңіске қол жеткізіпті. Үлкен қиындықпен, қанмен келген ұлы күннің қаһармандарын қ анша дәріптесек те артық емес.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 39 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы ерлік өшпейді, Ер ұмытылмайды
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы ерлік өшпейді, Ер ұмытылмайды
Шығарма: Жеңіс жыры
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс жыры
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Шығарма: Ерлік жырын жырлаймыз !
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік жырын жырлаймыз !
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысына 70 жыл!)
Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысына 70 жыл!)
Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Соғыс – күйретуші күш! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Согыс – күйретуши күш! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Соғыс – күйретуші күш!, шығарма Соғыс – күйретуші күш туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, Шығарма: Соғыс – күйретуші күш! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы