Геймерлер деген кімдер?

 Геймерлер деген кімдер?

Автор - Ғаббасов Берекет

Қазірде компьютерлік ойындарға әбден әуестеніп алғандар,бүгінде өздерін «геймерлер» деп атайды , Ал геймерлердің көбі киберспортпен айналысатын командаларға мүше болып табылады. Осы ретте, «киберспорт» деген ұғымға түсінік берейік. Себебі, компьютерлік ойындар арқылы пайда болған бұл термин әлі күнге құлаққа тосын естіледі. Сондықтан, «гейлер» мен «геймерлерді» шатастыратындар әлемде жетерлік. Ғаламтордағы анықтамалықтарға сүйенсек, киберспорт – топтық компьютер ойындары бойынша өтетін спорттық жарыстар. Бұл спорт түрі бізге бертінде ғана танылғанымен, киберспорттың тарихы 1997 жылдан бастау алады. Сол уақыттан бері киберспорттан турнирлер әр жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл жарыстардың жүлде қоры да қомақты болып келеді. Түрлі ойындардың шығуы бұл саланың дамуына ерекше серпіліс берді. Ал 2015 жылдан бері Ресей, Корея, Қытай мемлекеттерінде киберспортшыларды оқытатын арнайы кафедра ашылған болатын.
Бүгінде қазақстандық геймерлер кез келген жарыстарда бой көрсетуде . Өткен жылы тарихта тұңғыш рет Қазақстан командасы киберспорт ойындарында жеңіске жетті. Қазақстандық "Counter Strike" ойыншылары тұңғыш рет әлемдегі ең бір беделді турнир «PGL Major Krakow» чемпионатының жеңімпаздары атанды. Бұл жекпе-жекті дүниежүзіне таратқан HLTV шетелдік порталы мэйджордың ең құнды ойыншысы деп «AdreN» лақап атымен танылған Дәурен Қыстаубаевты таныды. Оған қоса, қазақстандық геймерлер кәсіби командаларын құру және одан әрі дамытуды көздеп отыр.
Біздің елде киберспорттың халықаралық турнирлерімен қоса әр түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Тіпті, компьютерлік ойынға құмартқандардың арасында сайыс өткізу бүгінгі қоғамда сәнге айналғаны бесенеден белгілі. Бәске қомақты қаражат тігіледі. Мысалы, 2016 жылы «Dota 2 The International» жарысының жүлде қоры 20 млн 770 мың 460 долларды құрады. Осы жарыста жеңімпаз команда 8 млн доллардан астам табыс тапты. Осыншалық жүлде тігілетін әлемдік спорт түрлері де көп емес. Тек теннис турнирлерінде ғана жүлде қоры киберспорттан асып түсуі мүмкін. Dota 2 чемпионатында жеңіске жеткен команданың әр ойыншысына 1 млн 600 мың доллар беріліпті. Осыдан кейін киберспорт саласына қызығатындардың саны күн санап артуда.
Қазақстандағы кибер сайыстарды ұйымдастырушылардың сөзінше, компьютерлік ойынмен әуестенетіндердің нақты санын айту мүмкін емес. Ал статистикалық мәліметтер бойынша,елімізде 100 мыңнан астам адам компьютерлік ойындарды ойнайды.
Ұйымдастырушылар киберспортты білімге, әрі инновацияға жетелейтін жол деп санайды. Онымен әуестенушілердің жыл сайын артып келе жатқанына қуанатындықтарын жасырмайды.
Компьютерлік ойындардың адамды тәуелді етіп қоятыны рас, талай жанның өмірінің мағынасына айналған ойын. Олар виртуалды әлемде өмір сүреді. Мамандар бала тәрбиесіне назар салмайтын отбасындағы балалардың компьютерлік клубтарды жағалап, «Dota 2, Counter Strike» секілді ойындарға тәуелді болып қалатынын айтады. Әрине, компьютер ойынын ойнайтындардың бәрі ауру деп айтуға болмайды. Елімізде компьютерлік ойындардан зардап шегіп, психиатрлық орталықтарда тіркеуде тұрған адамдардың белгілі бір тізімі жоқ екені расталды. Сондықтан,компьютерлік ойынға бейім болу немесе болмау - әр адамның өз шешімі,ойы. Оны бірден дерт деп қабылдауға болмайды,өйткені,жәй ойындардан ляззат алып,сергіп жүретіндер біршама. Мұндай ойындардың қоғамдық рөлі ерекше болатынын ұмытпаған жөн.
Осылайша мониторға тәуелділерді бұрын жатып ішер десе, қазір олай деуге болмайды. Өзінің шынымен ең сүйікті ісі компьютер ойынымен де қарапайым жұмысшыдан 10 есе көп қаражат табатын геймерлерді ресми жұмыссыздар санатынан алып тастауға болатын уақыт та келді. Жер жаһанды жаулаған онлайн ойындар ең соңында саусақтар ғана қозғалатын киберспорттың туындауына әкелді. Егер компьютер клубтарында ойын ойнаған жасөспірімдер мен жастарды көрсеңіз оларды сөкпеңіз. Бәлкім, болашақта Қазақстанның атын шығарар киберспорт жеңімпазы болар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!