Қысқы ойындар

 Қысқы ойындар

Қалимоллин Дінмұхамед
5 сынып, №42 орта мектеп
Петропавл қаласы

Бір күні біз сабақта «Қысқы ойындар» деген тақырып өттік. Бәріміз қыс мезгілінде,қар үстінде қызыға ойнайтын ойындарымыз туралы мұғалімімізге жарыса айта бастадық.Сабақта спорттық қысқы ойындардың түрлері жайлы білімдерімізді толықтырдық және келе жатқан олимпиада ойындары туралы сөйлестік.Сабақ соңында үйге мынадай тапсырма берілді: биылғы қысқы олимпиада ойындарына Қазақстаннан кімдер,қанша ойыншы және қандай түрлерінен қатысады деген мәлімет дайындап келіңдер деді.
Сонда мен біздің спортшыларымыз жайлы газеттен,теледидардан, интернеттен біле бастадым.Ең қызығы бұған дейін мен еліміздің спортшылары жайлы көп білмейтінмін. Сол кезден бастап күнде интернеттен, теледидардан қысқы олимпиада және біздің спортшыларымыз жайында шығатын материалдарды асыға күтетін болдым. Сабаққа дайындалғанда, мені біздің фигурист Денис Тен туралы мәліметтер аса қызықтырды, себебі мен қыста коньки тебуді ұнатамын.Ол -жас әрі талантты қазақстандық спортшы. Теледидардан оның мұз айдынына шыққанын күттім.Ал Денистың сырғанауын көріп,ең бірінші елімізге қола медаль әкелгеніне қатты қуандым. Жарайсың,Денис! Оның жеңісі –біздің еліміздің мақтанышы,еліміздің жеңісі.Денис Қазақстанның абыройын көкке көтерді деп ойлаймын. Ол тек қана өз денсаулығы ,абыройы үшін емес, біздің мемлекетіміздің намысын қорғап,даңқын биіктетті.
Мен осы Сочидегі олимпиадада ,тағы басқа жарыстарға қатысқан біздің спортшыларымызды мақтан тұтамын,өйткені олар біздің еліміздің атын елге танытады. Олар салауатты өмір салтын ұстанып,өзгелерге де денсаулықты сақтауға,нығайтуға жол көрсетеді.Сонымен қатар еліміздің осындай азаматтары халқы,елі үшін тынбай,ерінбей жаттықса,үлкен белестерге жетуге болатындығын көрсетеді. Осындай адамдармен біздің Республикамыз дамыған мемлекеттердің қатарында көріне берсін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі