👈 қаріп өлшемі 👉

Қысқы қиял

 Қысқы қиял

Муканова Дарина Саматовна
Степногорск қаласының
«А. Косарев атындағы №9 орта мектебі»
ММ 2 «Ә»сынып оқушысы
Жетекшісі Акназарова Фариза Ерназаркызы
Бастауыш сынып мұғалімі


Жоспар
1. Қыс келбеті
2. Қыстағы табиғат
3. Қыс қызығы
4. Қорытынды


Қыс келді, өзімен бірге қарды ала келді. Қала аппақ қардың қоршауында қалды. Адамдар аяз тістеп алғандай асығыс жүреді. Қысқы демалыста қаланың қасындағы Қырыққұдық ауылына қыдырып бардық. Даланың қары қалың болады екен. Аязата үйлердің әйнектеріне әртүрлі суреттер салып тастаған.

Ауылда орман бар, ондағы ағаштар тоңып, бір-біріне тығылып тұр. Қысқы орманның ауасы таза, табиғаты тамаша. Бірақ, орман өзінің достары аң-құстардан айрылып қалғандай болып көрінді. Үстіне ақ тон киген бір қоян жүгіріп барады. Тиын ағаштың басында секіріп ойнап, жылынып алады. Қысқы орман көктемді ойлап, сағынып, қалғып тұрған сияқты.

Қыс қанша суық болып көрінгенімен, қызығы да бар, көңілді жүресің. Балалар шанамен сырғанақ теуіп жүр. Кейбір балалар шаңғымен сырғанап барады. Бір топ бала аққала соғып жатыр. Қыстың тағы бір қызығы Жаңа жыл мерекесі. Балалар бұл мерекені асыға күтеді. Өйткені жаңа жылдың қызықты сәттері көп.

Менің ойымша қыс өте әдемі мезгіл. Қыстың аязында шынығасың, мамық қарда ойнайсың, қызығына тоймайсың. Маған қыс қатал болса да қатты ұнайды.

Мен қыс туралы өлең де жаздым, соны жіберіп отырмын.

Қаладағы қыс
Қалада көп, көп қар жауды,
Далада жамылды мамықты.
Сағындым жазды, жайлауды,
Ата-әжем тұрған ауылды.



Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Қар жауған кезде, қыс келіп,
Табиғат ұйықтап қалады.



Балалар шығып далаға,
Сырғанайды шанада.
Шаңғы теуіп барады,
Қызық мол қыста балаға.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Екінші деңгейлі банктер қалай жұмыс істейді? 12.01.2022, 0
» Мемлекет кейбір мұғалімдердің баспана немесе коммуналдық қызмет ақысын төлейді 12.01.2022, 0
» 2022 жылы Мәуліт мерекесі қай күні атап өтіледі? 04.01.2022, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы