Қазақша шығарма: Қожа Ахмет Ясcауи » ZHARAR © 2017 | қожа ахмет ясауи шығарма, қожа ахмет ясауи шығармалары, қожа ахмет яссауи шығармалары, қожа ахмет яссауидің шығармалары, қожа ахмет яссауидің өмірбаяны, қожа ахмет яссауидің шығармалары, қожа ахмет яссауи шығарма, сочинения на казахском языке про кожа ахмет яссауи, қожа ахмет яссауи шыгарма, кожа ахмет яссауи шыгарма




  • »

Қазақша шығарма: Қожа Ахмет Ясcауи

Қазақша шығарма: Қожа Ахмет Ясcауи казакша Қазақша шығарма: Қожа Ахмет Ясcауи на казахском языке

Кіріспе
Қожа Ахмет Яссауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

Негігізгі бөлім
Қазақша шығарма: Қожа Ахмет ЯсcауиҚожа Ахмет Яссауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Яссауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді.

Яссауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Яссауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Яссауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Яссауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Яссауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Яссауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Яссауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Яссауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді.

Қорытынды бөлім
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Яссауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Яссауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Яссауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Яссауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.




Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 26 794
Рейтинг:
(голосов: 15)

KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы, қожа ахмет ясауи шығарма, қожа ахмет ясауи шығармалары, қожа ахмет яссауи шығармалары, қожа ахмет яссауидің шығармалары, қожа ахмет яссауидің өмірбаяны, қожа ахмет яссауи шығарма, сочинения на казахском языке про кожа ахмет яссауи, қожа ахмет яссауи шыгарма, кожа ахмет яссауи шыгарма, Қожа Ахмет Йасауи туралы шығарма, сочинен, қожа ахмет яссауи туралы қазақша реферат, жаяу муса туралы казакша реферат, жаяу муса туралы казакша омирбаяны, қожа ахмет яссауи туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жаяу муса, биография на казахском языке жаяу муса, биография на казахском языке, жаяу муса, реферат на казахском языке, қожа ахмет яссауи туралы, қазақша реферат, қожа ахмет яссауи, кожа ахмет яссауи туралы казакша реферат, кожа ахмет яссауи туралы казакша омирбаяны, реферат на казахском языке кожа ахмет яссауи, биография на казахском языке кожа ахмет яссауи, кожа ахмет яссауи, қожа ахмет ясауи шығарма, қожа ахмет ясауи шығармалары, қожа ахмет яссауи шығармалары, қожа ахмет яссауидің шығармалары, қожа ахмет яссауидің өмірбаяны, қожа ахмет яссауидің шығармалары, қожа ахмет яссауи шығарма, сочинения на казахском языке про кожа ахм, Қазақша шығарма: Қожа Ахмет Ясcауи шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .