» » » Шығарма: Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі

Шығарма: Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі

Шығарма: Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі казакша Шығарма: Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі на казахском языке
Асыл Камила
10 сынып №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі Астана қаласы,
Жетекші: Ермағанбетова Айдын Қабдырашовна

Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет
Қазақ халқы

Біз – қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз. Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз.
Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес ХХІ- ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, перғауындардың саркафагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлде қашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқалы қашан.
Ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тілінің түп атасы-түркілердің сына жазуы славян-кирилл жазуынан 15 ғасыр, грузин және армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болған. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық. Қазақ екенімізге мақтана алатын артықшылықтарымыз аз емес. Алайда ХХІ-ғасырда, жаһандану дәуірінде қазақ халқын тағы бір үлкен сын күтіп тұр. Ол-қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалу және Қазақстанды әлемдегі озық мемлекеттердің алдына шығару. Бұл-ұлы мақсат. Қазақстан мемлекеті мен қазақ ұлтын дамыту мен гүлдендіру мақсаты.Оған жетудің оңай емес екені де белгілі. Бұл идеология Қазақстан болашағы үшін, қазақ ұлтының келешегі үшін жаны ашитын, тілі мен діні, жарқын болашағы, ертеңгі алаңсыз өмірі, келешек ұрпағының бақыты үшін күресетін, берік бірлігін сақтай отырып, бір мақсатқа жұмыла әрекет ететін, «Мен қазақпын, мен қазақ екенімді мақтан тұтымын, ұлтым үшін у ішуге дайынмын» деген адамдарға арналады. Біздің ұлттық идеологиямыздың түп қазығы: «Көп балалы бол және оларды ұлттық рухта тәрбиеле».
Біздің ұлттық идеологиямыздың ұстанымы: «Қазақ баласы- жер сенікі, ел сенікі. Жеріңе, еліңе ие бол. Өз жеріңде, өз Отаныңда тұрып басқаның құлы болма». Біздің ұлттық идеологиямыздың ойтұмары: «Қазақ қызы біздің ең негізгі байлығымыз. Қазақ қызын сыйламаған адам бізден емес, ол біздің жауымыз». Біз-қазақ ұлтының патриоттары өзіміздің ұлтымызды сүйетінімізді, әрқандай жағдайда ұлтымыздың болашағы үшін күресуге дайын екенімізді басқаларға мақтана айтуға тиіспіз. Бұл күресте біз аса білімді және жылдам болуға міндеттіміз. Ол үшін бізге берік денсаулық керек. Берік денсаулыққа жету үшін жат қылықтардан, өрескел әдеттерден алыс жүруге тиіспіз.
Әркім өзінің ата-анасын, бауырын, қарындасын, туып-өскен жерін, ана тілін, дінін жақсы көргені үшін айыпты бола алмайды. Жақсы көрмеген адамсатқын, екіжүзді болып есептеледі. Алла бізге өзімізге ғана тән түр берді, тіл, дәстүр берді. Байтақ жер мен орасан байлық нәсіп етті. Оның бәрі үшін бір Аллаға ғана қарыздармыз. Ата-бабамызға бас иеміз. Қазақ болып тудық, қазақ болып өлеміз. Америкадағы арабтардың, Ресейдегі грузиндердің жағдайын ойыңа ал. Ондаған миллион күрдттердің, сығандардың тағдырын есіңнен шығарма. Өз жерің үшін күрес, өз еліңде еркін, алаңсыз, қорықпай өмір сүр, ұрпақ өсір. Міне бүгінгі осы баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен ақтағым келіп отыр:
- Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейімінің қайтарымы.
- Біз бабалары басының қадірін арттыруда басты мұрат санаған елдің баласымыз.
- Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат енді тәуелділікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз деп ой-санасын қамшылауы керек.
- Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 78 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді
"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді
Шығарма: Біздің даңқты бабаларымыз
Шығарма: Біздің даңқты бабаларымыз
Шығарма: Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием
Шығарма: Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием
Шығарма: Тілім менің- тірлігімнің айғағы
Шығарма: Тілім менің- тірлігімнің айғағы
Шығарма: Мен Қазақпын!
Шығарма: Мен Қазақпын!
Әңгіме: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл
Әңгіме: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл
Шығарма: Ер қанаты - ат
Шығарма: Ер қанаты - ат
Шығарма: Қазақ тілі
Шығарма: Қазақ тілі
Шығарма: Қазақ мемлекеттілігі
Шығарма: Қазақ мемлекеттілігі
Қазақша шығарма: Жаһандану үрдісінде менің тілімнің мәдениеті, тағдыры қалай болмақ?
Қазақша шығарма: Жаһандану үрдісінде менің тілімнің мәдениеті, тағдыры қалай болмақ?
Қазақша шығарма: Тәрбие басы – тал бесік
Қазақша шығарма: Тәрбие басы – тал бесік
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ұлтты ұлт ететін тағылымдар
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ұлтты ұлт ететін тағылымдар
Қазақша шығарма: Қазақ әдебиетінің арғы тарихы
Қазақша шығарма: Қазақ әдебиетінің арғы тарихы
Шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - ел тірегі)
Шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - ел тірегі)
Қазақша шығарма: Қазақ тілі - ғажап тіл
Қазақша шығарма: Қазақ тілі - ғажап тіл
Қазақша шығарма: Тіл – ұлттық қазына
Қазақша шығарма: Тіл – ұлттық қазына
Шығарма: Ана тілі
Шығарма: Ана тілі

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиздик - азаттык ушин алыскан мын-мындаган азаматтырдын касиетти канынын отеуи на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі, шығарма Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском эссе сочинение про Тауелсиздик - азаттык ушин алыскан мын-мындаган азаматтырдын касиетти к, Шығарма: Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы