Тілім менің- тірлігімнің айғағы

 Тілім менің- тірлігімнің айғағы

Каримбекова Ахмарал
10 сынып, №25 гимназия
Екібастұз қаласы

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым,
Сағат сайын саулығыңды тілеймін.
Сенсіз мынау керегі не ғаламның?!
Ана тілім әрекетімнің азығы, бар ғаламды танудың қазығы. Ой санамның дамуының өсуінің куәсі.Ғасырлардың кейінгіге әз үні. Тіл адамзат болмысының қайнары, ұлттық тарих пен әдебиетіміздің шамшырағы. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілі . Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады. Ол Алтай тілдері ортбасының түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілінің байлығы, көркемдігі жыраулар поэзиясынан, би- шешендердің нақыл сөздерінен бастау алары хақ.Қазақ тілі түркі тілдер ішіндегі ең асылы. Бұлай деп айтуымның дәлелі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мына бір нақыл сөзі: «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсе,білім де осында,дін де осында. Дүниеде ең асыл араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары- қазақ тілі».Мені осындай асыл да бай тілімнің бүгіні және ертеңі алаңдатады. Бұлай дейтініме себеп қазіргі жастарымыздың көбісі дерлік бір- бірімен орысша сөйлеседі. Халқымыз: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», дегендей, орыс тілін білген жақсы, дейтұрғанмен ана тіліміз ұмыт болып бара жатқан сияқты.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына да көз жүгіртер болсақ , сол кездегі қазақ жастарының ұрандары: «Жеріміз тоналмасын, тіліміз жоғалмасын». Менің мұнымен айтпағым, осының барлығы тілімізді сақтап қалудағы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекетімізде барлық құжаттар мемлекеттік тілде және де осы орайда мемлекеттік тілді игеру барысында көптеген істер атқарылып жатыр.Солардан мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін игеру үшін тегін курстар барлығы,алайда мемлекеттік тілді меңгеру мерей емес міндет. Тіл әрбір ұлттың тарихи болмысы, дүниетанымы сақталатын асыл қазына, атадан балаға мирас болып отыратын асыл мұра. Сондықтан ертеңгі күнге ұласар құндылықтарымыздың ішінде тілімізден өткен асылы жоқ.Ендеше сол асыл құндылықтарымыздан айрылып қалмайық!?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі