Қазақша шығарма: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Туған тілім - тірлігімнің айғағы) » ZHARAR © 2016 | Туған тілім тірлігімнің айғағы шығарма, туган тилим шыгарма, туған тілім тірлігімнің айғағы туралы шығарма, ана тілім тірлігімнің айғағы туралы шығарма, тілім менің тірлігімнің айғағы тақырыбына шығарма, тілім менің тірлігімнің айғағы эссе, туган тилим тирлигимнин айгагы туралы шыгарма




  • »

Қазақша шығарма: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Туған тілім - тірлігімнің айғағы)

Қазақша шығарма: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Туған тілім - тірлігімнің айғағы) казакша Қазақша шығарма: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Туған тілім - тірлігімнің айғағы) на казахском языке

Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының
3 класс оқушысы Габдуллинна Динара

Тілім менің тұрағым, мекен - жайым, тірлігім,
Тіл арқылы танытам туған елдің ірілігін.
Тілім менің паш етер, қайта оралған шағында,
Қазағымның Елдігін, Тұтастығын, Бірлігін.
Ілияс Құрмаш

Туған тілім - асыл анамның әсем үнімен бойыма сіңген ана тілім. Әр адам өз анасын қалай қадірлеп сыйласа, туған тілін де солай құрметтеп, сүйе білуі керек деп ойлаймын.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,- Қадыр Мырза Әли атамыздың осы өлең жолдары нақыл сөз боп кетті. Бұл өлеңнен көп нәрсені байқауға болады. Ана тілді арға, ұятқа теңеп тұр. «Өзге тілді білу - мақсатың, ал өз ана тіліңді құрметтеу - міндетің», – дейді ақын ата.
Мағжан Жұмабаев атамыз «Қазақ тілі» өлеңінде:
Ерлік, елдік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!- деп жырлайды. Яғни, қазақ халқының басынан әр түрлі жылдарда ашаршылық, ұлт¬ - азаттық қозғалыс, жаугершілік, отаршылдық секілді қиын заман өтті, бірақ халқымыз қайыспай, ұлт болып аман қалды. Бабасынан қалған алтын мұрасы тілін ұмытпады.
Батыр аталар, қайсар аға - апаларымыз өмірдің қиын өткелдерінен ұлтымызды адастырмай алып шықты. Сөйтіп, көптен аңсаған, барша халық арман еткен тәуелсіздікке де қолымыз жетті.
Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр азаматының жүрегі Әнұранды айтты, барша халық туған тілі – Қазақ тілімен қайта табысты.

Әбділда Тәжібаев атамыз:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- дейді. Яғни, туған тілім арқылы іштегі сырымды, ақиқат шынымды айта аламын, ойымды анық жеткіземін, туған тілім өссе де, өшсе де халқымен бірге болады. Бірақ, менің тілім өшпейді, себебі қазақ елі егемендік алды, қайта жанды. Еліміздің бірлігінің, тірлігінің, бостандығының дәлелі, айғағы – туған тілім!



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 3 180
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы, Туған тілім тірлігімнің айғағы шығарма, туган тилим шыгарма, туған тілім тірлігімнің айғағы туралы шығарма, ана тілім тірлігімнің айғағы туралы шығарма, тілім менің тірлігімнің айғағы тақырыбына шығарма, тілім менің тірлігімнің айғағы эссе, туган тилим тирлигимнин айгагы туралы шыгарма, тілдер күні шығарма, 22-қыркүйек қазақстан халықтарының тілдер күні, қазақстан халықтарының тілдер күні шығарма, қазақстан халықтарының тілдері күні реферат, Туған тілім тірлігімнің айғағы шығарма, туган тилим шыгарма, туған тілім тірлігімнің айғағы туралы шығарма, ана тілім тірлігімнің айғағы туралы шығарма, тілім менің тірлігімнің айғағы тақырыбына шығарма, тілім менің тірлігімнің айғағы эссе, туган тилим ти, Қазақша шығарма: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Туған тілім - тірлігімнің айғағы) шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .