Ана тілі - жүрек үні

 Ана тілі - жүрек үні

Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өйткені, қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,»-деп аталарымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің әрбір азаматы өз тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, жетік меңгеруі – міндет. Бірақ, қазіргі кезде адамдардың барлығы да туған тілінде сөйлей бермейді. Өз ана тілін біліп жүріп өзге бір жат елдің тілінде сөйлеп жүргендер де аз емес. Осы кезде: «Неге осылар қаншама қиыншылықпен мұраға қалдырылған тілімізде сөйлемейді?»-деп налисың. Осындай жағдайларда қолдан келер шара аз...
Дүние жүзі бойынша алты мың сегіз жүз тіл болса, солардың ішінде сөз байлығы жағынан қазақ тілі үшінші орынды иемденіп отыр. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының ағартушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев:
«Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырлағандай, Мағжан Жұмабаев та:
«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың,»-деп толғанады, осы екі ақын да сол кездегі тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр. «Ана тілі – жүрек үні»деген көркем сөзді мен былай түсінемін: Біздің жүрегіміздің түбінен «ана тілім» деген үн шығып тұруы тиіс, анық естілуі керек. «Өз тілін сезінбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен тең,»-деп Бауыржан Момышұлы қаһарманымыз айтып кеткендей, өз тілін қадірлемеген бала, оны жан жүрегімен сезінбеген адам ана сүтін де қадірлемеген, оны мүлде татпаған жанмен тең. Егер өзіміз сондай болсақ, намысымызға тимей ме? Өз намысымызды да, тіл намысын қорғау – біздің иығымызға жүктелген парыз. Сондықтан, бабаның үмітін ақтап қалатынымызды, тілімізді биіктен көрсететінімізді дәлелдеп көрсететін нағыз тіл жанашырлары – бізбіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Жайлыжан Уалихан
    1 + 0 -
    базар жоқ тамаша жазылған????????
  2. Madiar Inoyat
    Madiar Inoyat 04.02.2015 14:21
    2 + 0 -
    Куштиии ким жассада
  3. Диас Таскынов
    Диас Таскынов 31.01.2015 05:27
    1 + 0 -
    кушти
  4. Асем Ерланова
    Асем Ерланова 09.09.2014 13:13
    1 + 0 -
    Кушти
  5. Elaman Berik
    Elaman Berik 22.08.2014 17:45
    1 + 0 -
    poidet

Ілмектер: ана тілі туралы шығарма, ана тілі туралы шығарма қазақша, сочинения на казахском про казахский язык, сочинение на казахском языке ана тілі, сочинение на казахском языке на тему ана тілі, скачать сочинение на казахском языке ана тілім, Қазақша шығарма: Ана тілі, Қазақша шығарма, Ана тілі казакша шыгарма, сочинения на казахском языке на родной язык, Қазақша шығарма: қазақ ана тілі, қазақша шығарма: ана тілі, ана тілі казакша шыгарма, қазақша шығарма: қазақ ана тілі, ана тили шыгарма, ана тили шыгарма казакша, ана тили шыгарма скачать