Сүйікті пәнім - Ана тілі!

 Сүйікті пәнім - Ана тілі!

Рымбаева Ажар
1 сынып, Ә. Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ
Жетекшісі: Сұраған А.С.

Мен алты жасқа толдым, енді мектепке барамын, мына кітаптардың барлығын оқимын деп алғашында қуанышым қойныма сыймай сол күнді қатты асыға күттім. Бірақ та кітаптарды ашып көріп, оның ішіндегі суреттерге қайта-қайта қарап, анашым мына кітаптардың барлығын оқимыз ба? Оңай бола ма? деген сұрақтар күнде мені мазалай бастады.
... Алғашқы қоңырау, қолыма бір шоқ гүл алып мектепке әжеммен бірге бардық, бәрі де қызықты, бәрі де көңілді болды. Алғашқы ұстазымды көрдім. Ұстаз маған, Қадамың құтты болсын! деп басымнан сипады. Сыныпқа келдік, қолымда әліппе кітабы. Екінші күннен бастап сабақ басталып кетті...
Әріптерді үйрене бастадық. Күнде жұлдызшаларды алып мәзбіз. Сөйтіп жүріп әліппемен де қоштасатын уақыт келіп қалыпты. Алғашында қорыққан менің ойыма, осы уақытта әжемнің «Көз қорқақ, қол батыр» ертең-ақ үйреніп кетесің, деп мадақтау, мақтау сөздерін әлі де жиі айтады. Екі тоқсан бітіп үшінші тоқсан да басталып кетті...
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім – адам тілі - өз тілім!- деп ана тілі оқулығының алғашқы парқтары осылай басталған. Алғашында кітапты қолыма алып, анашым мына кітаптың барлығын оқимыз ба? Бір жылда екі кітап деп таң қалған менің ең сүйікті пәнім Ана тілі пәні болды. Себебі, ұстазымыз сабақты өте қызықты өткізеді. Оқулық ішіндегі өлеңдерді, тақпақтарды да жылдам жаттап аламын, түсінбеген сөздерімді де анам мен әжемнен сұрап отырамын. Ол кісілерде маған үйретуден жалыққан емес. Ана тілі кітабы өте қызықты. Менің бос уақытымдағы хоббиім де осы ана тілі пәніне деген қызығушылығымнан басталды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші әр елдің азаматы өз ана тілін білуі керек. «Білім инемен құдық қазғандай», «Білікті бірді, білімді мыңды жығады». Мақал- мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаштарды, нақыл сөздерді тіпті салт- дәстүрлерді арнайы бір дәптерге жазып алып жүремін. Себебі болашақта маған қажет болады. Тәуелсіз Қазақстаннның болашағы біздің қолымызда. Сондықтан да Туымыз биікте желбірей берсін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі