Менің алғашқы ұстазым

 Менің алғашқы ұстазым

Шымкент қаласы №3 жоббм
6 «д» сынып оқушысы Гайбуллаев Диярбек

Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.

Ғабиден Қожахмет

Ұстаз –деген ұлағатты сөз. «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш,қасиетті ұғым жатыр. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол-алғашқы ұстаз.Ұстаз -біздің екінші анамыз.Әр баланың сүйікті ұстазы болады.Менің алғашқы да сүйікті ұстазым- Мәлика Бақтиярқызы.

Ең алғаш бұл сөзді мектеп табалдырығын аттаған кезімде үйрендім.Менің ұстазым қолымнан жетектеп сыныпқа кіргізді.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның,-деп өлең сөздерінде жазылғандай Мәлика апайдың маған әліппе мен қаламды алғаш ұстатып,күлімсіреп оқушы атанғанымызбен байыптылықпен құттықтағаны әлі есімде. Мәлика Бақтиярқызы ең алғаш маған партаға отырудан бастап, әліппе оқулығын қолыма ұстатып, әріп тани білуді үйретті.Сондай-ақ ән айтуды, дүниені танып білуді, есеп шығаруды үйретті. Өмірдің қыр-сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге, адамгершілікке баулыды.

Менің ұстазым өте көрікті,ақылды, мейірімді. Ол- керемет мұғалім.Мен апайымды жақсы көремін, оның айтқанын мұқият тыңдаймын, ренжітпеуге тырысамын.Ұстазымыз бізге ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейді.Қанша қателік жіберсек те шыдамдылықпен, ыждағатпен үйретеді.Біз түсінбегенімізді сұраймыз. Бәрімізді өз баласындай көріп,ақыл айтады. Барлығымыз бірдей «апайлағанда» ұстазымыздың мейірімді жымиысын ұмыту мүмкін емес. Ұстазым- күлімдеген, күнім деген, жүрегімізге болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.

Ұстазымыз, Мәлика апайымыз біз қуансақ,қуанып, ал қайғырсақ қайғырады.Мен үшін Мәлика апайдың бейнесі –адамгершіліктің ең жоғары үлгісі.Шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген ұстазымызға, екінші анамыздай болып кеткен Мәлика Бақтиярқызына алғысым шексіз.Ұстазымыздың еңбегі зор.Мәлика Бақтиярқызы, сізге зор денсаулық,еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін.Өз шығармамды Ғабиден Қожахметтің мына тамаша өлең жолдарымен аяқтаймын:

Орнығып сізден үлгі санаға нық,
Сол тәлім бойдан жолын табады анық.
Қандай бір құрметке де лайықсыз,
Жатса егер еңбегіңіз бағаланып.

Бүлдіршін тәрбиесі - табысыңыз,
Бүгін де қарыздармыз бәрі үшін біз.
Шәкірттен алғыс алып қашанда да,
Жемісті бола берсін әр ісіңіз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі