Менің мақсат, армандарым!

 Менің мақсат, армандарым!

Әгібай Самал
7 сынып С. Ысқақов
атындағы орта мектебі
Ордабасы ауданы, Ынтымақ ауылы

Мен О.Қ.О Ордабасы ауданының шағын ғана Ытынмақ деген ауылында, 2001жылдың қазан айының 12-інші жұлдызында өмірге келдім. Менің отбасым өте үлкен. Себебі, біз атам, әжем, анам, әкем, ағам, інім, 3сіңілім және мен, бәріміз тату тәті жанұямыз. Кейде отбасыммен мақтанып та аламын. Мен шыр етіп өмірге келген сәттен-ақ, бәрі мені еркелетіп, қатты ерке болып кетіппін. Бірақ, отбасымда ең үлкені болғандықтан көп еркелей алмадым. Не дегенмен еркелігім кейін сейілді. Мен кішкентай кезімде айтқанымды істетпей қаймайтын қырсық болып өстім. Не болса да ешкімнің көңіліне қарамай, еш ойсыз, түсінусіз болғандаймын. Ата, әжемнің , анам мен әкемнің арқасында көптеген жерлерді көріп, ащы өмірдің не екенін, қандай болатынын сезген де емеспін. Үш жасымнан әжем оқу оқуды, қалам ұстауды, жазу жазуды үйрете бастады. Үйдегілер, туыстарым маған бала кезіңнен-ақ зерек, алғыр болатынсың деп айтып отыратын.
2005 жылы жаз мезгілінде елордамыз Астана қаласына ата, әжеммен демалып қайтуға барып қайттық.Ол жақта президентіздің өзіменкездесіп, өзіме жаңа мақсат қойдым. Сол ккезде төрт жаста болсамда еркелігім сейіліп, өмір мәнін түсінгендей едім. Мен елбасымыз секілді батыл, қайсар, шыншыл әрі атақты болғым келетін . Ол бала күнгі арманым болса да, әлі күнге санатымда. Соған әр күн, әр сәт ұмтылудамын.
Мен мектепке де кішкентай күнімнен, ерте бардым. Астанадан келген кезде мені бірден мектепке шақырды. Мен не бәрі төрт-ақ жаста едім. Мектепте даярлық сыныбын оқып жүрдім. Ол кезде бар болғаны үш қана оқушы едік. Мен алғаш Лаура апайдың тәлімін алдым. Кейіннен Назира атты жүзі жылы, өте қайрымды апайды көре бастадық. Лаура апайымыз уақытша жұмыстан шығып кетіпті. Алғашқыда жаңа мұғалімге үйренісе алмадық. Уақыт өте келе Назира апайға да үйреніп кеттік. Бала кезімдегі қаншама естеліктер қалып қойды десеңші. Осылайша уақыт өтіп келесі сыныпқа өткенде мектеп мені қабылдамай жасы жеткіліксіз деп қабылдамайды. Менжылап енді ешқашан мектепке бармаймын деп, үмітімнің үзілуіне шақ қалғанда мектепке қайта шақыртты. Қуанышымда шек жоқ. Сол сәттен менің жаңа өмірім басталғандай еді. Бірінші сыныбымда алғаш рет менің мектепке қайта келуіме ықпал жасап, маған қолдау көрсетіп жүрген Гүлзира апай әлі күнге менің есімде. Бірақ сыныбым өзгеше, өзге мұғалімде, өзге сыныптастар.
Менің орнымда өзге ұыз отыр. Бәрі жаңа. Мұғалім маған артқы жақтан орын ұсынды. Мен ылғый алда болуды ұнататынмын, ешқашан артта қалғым келмейтін. Әйтсе де сыныптастарым мені ұнатып, бәріміз тез достасып кеттік.
Жылдар өтіп жатыр, еш тоқтаусыз, еш мүдірусіз. Әр жыл мен үшін сәтті жылдар мен қадамдар болды. Мен әр жыл үздік болдым. Бағам тек бестік. Ұстаздарымда алға сүйреп, әр шыңға шығарып келеді. Әр жиында өлең оқып, би билеп, әйтеуір сақынада жүретінмін. Анам да қызығыма тоймай әр жиында мектепке келіп өнерімді тамашалайтын. Қаншама уақыт өтіп кетіпті... Қазір міне жоғарғы сынып оқушысы болып жүрмін. Қазіргі сынып жетекшім Асхат ағай. Ол өте қаырымды , білімді ұстаз. С.Ысқақов метебінің белгілі оқытушылардың бірі. Мені қазақ әдебиет пәнінен сабақ беретін Айнур апай өз үйірмесіне алды. Мен жас ақындар үйірмесіне қосылдым. Менің қызығушылығым да ақындық. Мен көптеген ақындар мен жазушылар жайлы оқып, арнаулар жазып, зерттеп, қызығушылығымды ұшап жүрмін.Алға қойған мақсатыма жету үшін сүрінсем де еш тоқтамақ емеспін.Тоқтамаймын да.Ойым да да жоқ.Мақсатым айқын,тек әлемге танылып,елбасымыз секілді болу.Оныңбәрі үшін тек білім керек.Сол үшін талпынып,ұмтылып,әр жылы үздік болуға талпынып жатырмын.Біздің үйірмеде көптеген оқушылар бар.Олар да дарынды.Біз үйірме сабақ кезінде бәріміз бірге отырып әдебиет жайлы көптеген кітаптармен танысып, білім алудамыз. Жетекшіміз Айнұр апай өте мейірбан,адал кісі. Ол мені өлең жазуға,шығарма оқуға баулуда.Биік белестерге шығаруда.Әр күніме ризамын ,қуаныш- тымын.Сірә мен секілді бақытты адам аз болар. Мүмкін... Енді тек мақсатыма ету үшін, арманымның орындалуына үлес қосу үшін тек алға деп талпынып келемін.Бұл менің мақсатымның бір бөлігі,ең маңыздысы,маңызды бөлшегі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!