«Буллингтен қорған!» / «Көлік құралдарының аялдау жолы»


Қысқа мерзімді жоспар-11

Бекітемін:

Күні

20.11.2024

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Буллингтен қорған!» / «Көлік құралдарының аялдау жолы» ЖЖЕ№3

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

11-САБАҚ

«Жедел қызмет нөмірлері»

Сабақтың мақсаты:

«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

Қауіпсіздік мақсаты

Оқушыларды төтенше жағдайларда жедел қызмет нөмірлерін қолдануға үйрету және дұрыс ақпарат жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру – оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу арқылы олардың жан-жақты дамуына ықпал ету.

Дәйексөз

Тура биде туған жоқ!

Сабақтың барысы

 

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл (бейнеролик)

Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар)

Бұл бейнеролик не туралы?

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo

Жаңа сабақ

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.

Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.

Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер, слайд

Сабақтың ортасы

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.

Құпия хаттар жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

Құпия хат жазылған конверттер

Қауіпсіз

дік

10 мин

Жедел қызмет нөмірлері

Жедел қызмет нөмірлерін атап өтеді: 101 (Өрт), 102 (Полиция), 103 (Жедел жәрдем), 104 (Газ қызметі), 112 (Бірыңғай құтқару қызметі).

Қандай жағдайларда осы қызметтерге қоңырау шалу керектігін түсіндіреді.

Жағдаяттарды талқылауОқушыларға төтенше жағдайлардан мысал келтіріледі (өрт, жарақат, газ иісі және т.б.). Әр жағдайға сәйкес жедел қызметке қоңырау шалу керектігін талқылайды.

Жедел қызмет нөмірлерін қайталап айтып, қандай жағдайларда бұл нөмірлерге хабарласу керектігін түсінеді.

Жедел қызмет нөмірлері туралы слайд

Таратпа материалдар (жедел қызмет нөмірлері жадынамасы)

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Стикерлер

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу