Көктем сәні


Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Құрастыру, ҚМҰҚ.
Тақырыбы: «Көктем сәні»
Мақсаты: 1. Көктемнің алғашқы гүлдері туралы білу және оларды үш тілде айтуға үйрету.
2. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін жетілдіру. Үй жануарлары және олардың төлдері туралы түсіндіру дамыту.
3. Балаларды ұйымшылдыққа, әдептілікке, бірлікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: жануарлар, гүл.
Билингвальды сыңары: жануарлар - животные, гүл - цветы.
Заттық дамыту ортасы: Слайд, қима суреттер, пішіндер.
Мотивациялық - қозғаушылық:
 Балалар, қараңдаршы біздерге көптеген қонақтар келіп қалыпты. Ендеше қонақтармен амандасып алайықшы. Сәлеметсіздерме, Здравствуй, Гуд монин. Ендеше оқу - қызметімізді әдеттегідей жылулық шеңберімен бастайық!
Жылулық шеңбері:
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
- Балалар қараңдаршы бізге қонақ келген сияқты саяхатшы Дара келеді. Балалар Дара қыз бізбен бірге саяхатқа шыққысы келеді екен. Өзімізбен бірге апарамыз ба? Дара бізден көмек сұрай келіпті. Достарына көктемнің алғашқы гүлін сыйлайын десе таппай жүр екен. Соны біз тауып берсек қайтеді. Көмектесеміз бе? (Иә).
- Ендеше саяхатқа немен шығамыз. Қандай көлік түрлері бар екен. Кәне кім айтып береді? (балалар көлік түрлерін атайды).
 - Саяхатқа біз автобуспен шығамыз. Ол үшін автобусқа билет алып алайық.
Балалар пішіндерді алды да өз орындарына отырды. Пішіндерді атап түстерін айтып береді.
1 аялдама «Жұмбақ» аялдамасы.
Дара қыз өзінің сөмкесінен алып балаларға жұмбақ жасырады.
1. Су ағып сай - саламен
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салады,
Бұл қай кезде болады. (Көктем)
2. Артындағы көлеңке,
Жерге суын себед. і (Бұлт)
3. Тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
Балалар «Жұмбақ аялдамасының тапсырмасын орындадық.»
Келесі аялдамаға да жетіп калдық.
2 аялдама «Үй жануарлары»
- Балалар жануарлар нешеге бөлінеді? (екіге)
 - Үй жануарларын атаңдаршы? (қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі)
- Олай болса балалар, алдарымыздағы жануарлардың төлдерін тауып берейік.
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Біз гүлдерді тереміз,
Себеттерге саламыз.
3 аялдама «Гүлдер» Балалар қараңдаршы мына әдемі гүлдердің арасынан біз көктемнің алғашқы гүлін таппай отырмыз. Олай болса біз Бәйшешек гүлін құрастырып берейік. Достарына сыйласын.
- Балалар мына сурет қиындыларынан маған бәйшешек гүлін құрастырып беріңдер.
Дара: - Ой балалар, сендер маған өте көп гүлдер сыйладыңдар. Сендерге рахмет! Балалар мен сендерге құр қол келмедім. Менің сендерге сыйлықтарым бар. Дара сөмкесінен сыйлық алып береді.
- Балалар, сендер аялдаманың барлық тапсырмаларын орындадыңдар. Жарайсыңдар.
 Сұрақ - жауап арқылы қорытындылау.
1. Балалар сендер қайда бардыңдар?
2. Қандай тапсырмалар орындадыңдар?
3. Бүгінгі оқу - қызметі сендерге ұнады ма?
Балаларды мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерін, көктем мезгілінің ерекшелігін әңгімелеуді;
Игереді: үй жануарларын ажыратып және олардың аттарын атай алуды;
Меңгереді: тапсырмаларды орындауды.

Тараз қаласы №13 бөбекжай - бақшасы
Тәрбиеші Суттибаева Аийда



Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 0
» Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдады. 06.05.2021, 0
» Соғыс ардагерлері 1 миллионнан алады 02.05.2021, 1

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы