Қазақша реферат: Балпық би (1694 – 1784) » ZHARAR © 2017 | балпық би туралы қазақша реферат, балпык би туралы казакша реферат, балпык би туралы казакша омирбаяны, балпық би туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке балпык би, биография на казахском языке балпык би




  • »

Қазақша реферат: Балпық би (1694 – 1784)

Қазақша реферат: Балпық би (1694 – 1784) казакша Қазақша реферат: Балпық би (1694 – 1784) на казахском языке

Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді би, Қабылиса (Қабан) ақынмен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүниеге келіп, Қаратал, Көксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек.

Қазақша реферат: Балпық би (1694 – 1784)Балпық он екі ата Жалайырдың ең үлкені Андас тармағына жатады. Қай жерде, қандай жағдайда болмасын өзінен екі жас үлкен Ескелді бимен аты қатар аталған. Жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі ел аузында ерекше айтылады. Нақтылы деректерге сүйенсек, Балпық, Ескелді, Орақ батыр Аңырақай шайқасында Жалайырлардың қолын бастап, қалмақтарды Іле дариясына тоғытқан. Жаудың негізгі күші Талдықорған жаққа қашқанда үлкен бір тобы қасқа жолдан шалғайда жатқан Іле, Балқаш, Қамау жақты паналамақ болады. Ұлы қолбасшылар Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Жаныс Өтеген, Албан Райымбектер қалмақтарды күншығыс жаққа түре қуғанда, артта, қапталда қалған жау тобын жайратуды Ескелді, Балпық, Орақ батырлардың жасағына тапсырса керек. Қапшағайдан Балқашқа дейінгі 500 шақырымдай ұзақ жолда олар жүргізген жойқын жорық жайында ел аузында аңыз, әңгіме көп. Осы күнге дейін Іле, Жиделінің құйылысында, Балқаш теңізіне жақындау аймақта Үш қалмақ деген шұрайлы жер бар. Сол үшеуі өз еркімен жалайырлардың қолбасшыларына тыңшылық қызмет етсе керек, содан соң жер үшеуіне сыйға берілген тәрізді.

Балпық бидің соңғы өлеңдері бұрынғы Талдықорған облыстық «Жерұйық» газетінде Көксу ауданында тұратын Т. Сағындық деген азамат жариялапты. Мұның бәрін келтіріп отырған себебім – әулие ата-бабаларының рухына өткен ғасырда да, жаңа заманда да ұрпақтары әрдайым сиынып жүргенін айғақтау. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы хандар Жолбарыс, Әбілмәмбет, Әбілқайырлар, одан кейін Абылай Жалайыр тайпасын жер жаннаты Жетісудың ең шұрайлы өлкесі — Көксу, Қаратал, Іле аймағына қоныстандырғанда, сонау Шыңғыс хан заманынан бермен қарайғы елдің елдігін, азаматтарының ерлігін, үш әулие Ескелді, Балпық, Қабылиса-Қабан сияқты ел басшыларының еңбегін ескерсе керек. Ұлы ақын Сүйінбай өзіне ұстаз тұтқан Қабылиса-Қабан ақын ойлы да терең сөздерімен ел рухын көтерсе, Ескелді мен Балпық әрі қол бастап, әрі әділ билік айтып, күллі Жалайырдың ауызбірлігін сақтай білсе, Орақ сияқты батырлары елін, жерін қорғап, аттары аңызға айналған.

Балпық айтты деген шешендік сөздер 1993 жылы жарық көрген ғылым докторы Янысанбек Төреқұловтың «Қазақтың би-шешендері» деген кітабына енген. Әлі де ел аузында жүрген, жиналып-қатталмаған қаншама ұлағатты сөздер бар десеңізші. Өйткені тоқсан жас жасаған әулие қарияның ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан-теңіз екеніне күмән жоқ. Мен реті келген соң республикалық, облыстық баспасөзде жарияланған кейбір сөздерін келтіре кетуді жөн көрдім:

Ауызбірлік болмаса, көпте береке болмайды,
Изен-жусан болмаса, шөпте береке болмайды.
Теңімен ойнап-күлмесе, жаста береке болмайды.
Кеңінен ойлап істемей, баста береке болмайды

***

Дүниенің қызуы күннен,
Киімнің жылуы жүннен.
Қараңғыны қаралап қайтеміз,
Жұлдыздың жарқырауы түннен.

***

Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің,
Кімнің шешен екенін дау келгенде білерсің.

***

Жақсыдан жаман туса, жыннан болар,
Жаманнан жақсы туса, нұрдан болар.

***

Ханның ісі қараға түсер,
Кәрінің ісі балаға түсер.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 33
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .