Экономика | Несиелік тәуекел туралы түсінік
Банк тәуекелін басқаруда елеулі роль атқаратын басқару түрі - несиелік тәуекел болып табылады.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел— қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• лимиттер белгілеу;
• несиелік ұсынысты бағалау және қарызалушының несиелік қабілетін бағалау;
• несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
• несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
• несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу— несиелерді авторизациялау;
• несиелік мониторинг;
• проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кезкелген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорладың құралуы қажеттілігін зеттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушыныңжасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
– қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
– несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
– маржа деңгейіне;
– несиелік тйуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
– банкте бар ресурс көлеміне және т. б.
Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатыннда жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындайқалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфелді басқару — бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфелді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:
• нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
• несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
• әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
• төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
• жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
• несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу — несиелік портфелді құруға бақылау жасауға тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Проблемалық несиелерге:
• несиелік келісімшартта көрсетілген қайтарылмаған уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
• сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
• несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге мыналар жатады:
Қарыз алушының қызметіе қайта құру
Несиені қайтару кестесін өзгерту
Пайыз төлеу тәртібін өзгерту
Несие үшін төлейтін сыйақы мөлшерлемесі несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?