» » » Реферат: Семіру

Реферат: Семіру

Реферат: Семіру казакша Реферат: Семіру на казахском языке
Семіру.
Семіру – организмде үшглицеридтердің тым артық жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай. Ол біріншілік, салдарлық, гипертрофиялық, гиперплазиялық, андроидтық, гиноидтық және араласқан түрлері де болады.
Біріншілік семіру – май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондық байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп кетуімен көрінетін дерттік жағдай. Бұл кезде қабылданған тағамның қуаттық құндылығы оның шығындалуынан басым болып кетеді. Өйткені организмдегі май тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен адамның тамақ қабылдау тәртібі, жан дүниесі мен белгілі бір өмір салтты таңдауы өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп ішпейді, бірақ жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары болудан, тойыну сезімінің аздығынан ішеді.
 Ол май жасушаларында өндірілетін лептиндердің аз өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік семіруді өз бетінше жүйкелік- эндокриндік дерттік жағдай деп қарастыру қажет.
 Салдарлық( екіншілік) семіру – бастапқы кездерінде адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында организмде энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әр түрлі эндокриндік аурулардың нәтижесінде байқалады.
 Гипертрофиялық семіру – май жасушаларының жалпы саны өзгермей олардың ішіндегі май тамшыларының көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді. Қалыпты жағдайда олардың көлемі 0.3 мкл шамасында болады. Содан адипоциттердің көлденең диаметрі үлкейеді.
 Гиперплазиялық семіру – май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді. Бұл кезде дененің салмағы өте үлкен мөлшерлерге жетуі мүмкін. Семірудің бұл түрі, гипертрофиялық түріне қарағанда, тым ерте жаста байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ кездерінде кездесуі ықтимал. Бұл түрі дамуында тұқым қуалаушылықтың маңызы өте зор. Семірудің
 Гиперплазиялық түрі ересек адамдарда да кездеседі. Жас балалардағы гиперплазиялық семіруге жүкті әйелдердің қантты диабетпен сырқаттануы, олардың тым артық тамақ ішулері, балаларды тым артық қоректендіру т.с.с. жағдайлар әкеледі.
 Андроидтық семіру – майдың дененің жоғары бөліктеріне, іште және іш құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән семіру.
 Гиноидтық семіру – майдың бөкседе, жамбаста, санда және дененің төменгі жақтарында, негізінен әйелдерге тән жиналуы. Өйткені еркектер мен әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр түрлі бөліктерінде а2- катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді. Май тінінің әр түрлі бөліктерінде әр түрлі гормондар өндіріледі. Мәселен, гиноидтық семіру кезінде адипоциттерде эстрогендер артық өндірілуінен антиатерогендік әсер байқалады, ал андроидтық семіру кезінде андрогендер артық өндірілуден, керісінше, атеросклероз дамуына қауіп төнеді. Гиноидтық семіру жартылай гиперплазиялық түрде болады. Сондықтан оны емдәммен емдеу онша нәтижелі болмайды.
 Араласқан семіру- андроидтық және гиноидтық түрлері біріккен түрде кездеседі және андроидтық түрге тән атеросклероз және оның асқынуларына көтеріңкі қауіп- қатер сақталады.
 Сонымен қатар, майдың ішкі ағзаларда ( ішек- қарын шарбысында, шажырқайда, ішпердесі артында) және тері астында жиналуларын ажыратады. Бұндай семіруді висцералдық семіру( ішкі ағзалық) дейді. Ол андройдтық семірумен қабаттасады және ішкі ағзалардың қызметтерінің екіншілік бұзылыстары дамуына ауыр қатер төндіреді. Өйткені ішкі ағзалардың май жасушалары катехоламиндердің әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және инсулинге қарсы әсер ететін кахексинді көбірек бөліп шығарады. Сондықтан толық науқас адамдарда осы адипоциттер инсулинге төзімділік дамуына үлкен үлес қосады. Висцеалдық май жасушалары өндіріп шығарған гормондық заттар мен майлардың ыдырау өнімдері қақпалық көктамыр арқылы тікелей бауырға бағытталады. Содан бауырда заттардың алмасуына және жүйелік қанайналымға қатты әсер етеді.
 Семіруден алдын - ала сақтандыру мен емдеу тәсілдерінің негіздері.
 Семіруден алдын - ала сақтандыру мен емдеу тәсілдерінің негізінде, қоректенудің тәртібін сақтаудың маңызы өте зор. Тамақтың құнарлылығын, ондағы ас тұзын, тәтті және ашты тағамдарды шектеп, бөлшектеп, жиі( күніне 5-6 рет) қоректену қажет. Тамақтың құндылығын күн бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды. Тамақпен түсетін энергияның 70 пайызы күннің бірінші жартысына ( ауыз ашар, екінші ауыз ашар, түскі ас) келуі керек, Оның тек 30 пайызы түстен кейінгі астануларға ( түстен кейінгі, кешкі және жатар алдындағы ас) келгені дұрыс. Жатар алдындағы астану ұйықтардың алдында 2 сағат бұрын болуы керек. Тамақтанудың осындай тәртібінде организмге тамақпен түсетін энергияның негізгі бөлшегі жұмыс уақытындағы кеткен шығынын толтырады да, май түрінде қорға жиналуы азаяды.

 Дұрыс қоректенудің негізінде – сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады. Тағамда өсімдік және жануарлар майларының арақатынасы 1:2 болуы қажет. Өсімдік майларында көп қанықпаған май қышқылдары басым болуына байланысты организмдегі майлардың ыдырауы күшейеді. Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары аз болуы керек.
 Сонымен бірге, гиподинамияның шектеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану қажет. Толық адамдарда май алмасуы бұзылуын жөнге келтірі үшін арнайы дәрілер, оның ішінде бүгінгі зерттеліп жатқан лептин, сонымен бірге балық майынан алынған “ эйконол” қолданылады. Ол қанда майдың мөлшерін, артериялық қысымды төмендетеді, қанның ұюын ретке келтіреді. ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 185 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: Семіру Кахексия
Рефераттар жинағы
Реферат: Семіру Кахексия
Реферат: Семіру туралы жалпы түсінік
Рефераттар жинағы
Реферат: Семіру туралы жалпы түсінік
Реферат:  Биология | Өтте тас байлану
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Өтте тас байлану
Реферат:  Биология | Семіздік  май басу
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Семіздік май басу
Реферат:  Биология | Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы
Реферат:  Биология | Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары
Реферат:  Биология |  Қабыну
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Қабыну
Реферат:  Биология | Миокард инфаркты
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Миокард инфаркты
Реферат:  Биология | Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы
Реферат:  Биология | Пролиферация
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Пролиферация
Реферат:  Биология | ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ
Реферат:  Биология | Аденогипофиз
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Аденогипофиз
Реферат:  Биология | Антидиурездік гормон
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Антидиурездік гормон
Реферат:  Биология | Лимфоциттердің миграциясы және рецеркуляциясы
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Лимфоциттердің миграциясы және рецеркуляциясы
Реферат:  Биология | Иммундық тапшылық жағдайлар
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Иммундық тапшылық жағдайлар
Реферат:  Биология |   Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік итж
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік итж

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Семіру туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Семіру на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Семіру, реферат Семіру туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Семіру на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Медицина жоспарымен казакша реферат жоспар Семіру, Реферат: Семіру реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы