Семіру Кахексия

Семіру Кахексия

Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус есептеледі.Оның вентролатералдық ядроларында аштық сезімінің орталығы,ал вентромедиалдық ядроларында тойыну сезімінің орталығы орналасқан.Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді. Жануарлардың вентролатералды ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып,олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады.Ал,олдардың вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да,олар тамақты көп жеп,қатты семіріп кетеді.
Ішек,әсіресе ұлтабардың гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде өндіріліп,адамның аштық сезімін басады.Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет ететіні белгілі болды.Ол зат арэнтерин –деп аталады. Бірақ ол таза күйінде әлі алынған жоқ.Сондай-ақ холецистокиннен де аштық сезімді азайтып,тәбетті төмендетеді.Ол гипоталамустың вентеролатералдық ядроларына тікелей немесе ішек қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді.Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің,соматостатиннің неротензиннің,кортиколибериннің,қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де байқалады.Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді.Эндорфиндер мен энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі.
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды.Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды,гормондарды қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады.Солар арқылы адипоциттер денедегі жүйкелік –эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады.Содан бұл жасушаларда май түзілуі мен оның ыдырауы аралығында қатаң тепе-теңдік сақталады.Адипоциттер көптеген гормондық заттар өндіріп шығарады:
Цитокиндер (Олардың ішінде қан өндіретін –гемопоездік жасушалардың өсу фактрын) өндіреді,олар сүйек кемігінде жасушалардың өсіп-өнуі мен нақтылануын қадағалайды;
«тоқтық» жағдайда,әсіресе ішкі ағзалардың адипоциттері,май түзілуін тежейтін кхексин (өсіп жоятын фактор-а) өндіреді,ол инсулинге қарсы әсер етеді.Инсулинге тәуелді қантты диабет кезінде осы кахексинді адипоциттер артық шығарады.Ол бауырға,гипоталамусқа әсер етіп,тәбетті төмендетеді және организмде ыдрау үрдістерін күшейтеді;
Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні.Ересек адамдардың 30% -дан 60%-ға дейінгі артық салмағымен көзге түседі.Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі.Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық.Мәселен,33% ер адамдардың және 45%әйелдердің арасында семіру 20-35 жас аралығында кездеседі.
Семірудің жіктелуі.
Семіру-организмде триглицеридтердің тым артық жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай.Ол біріншілік,салдарлық,гипертрофиялық,гиперплазиялық,андроидтық,гиноидтық және араласқан түрлерде болады.
Біріншілік семіру-май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондардың байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп кетуімен көрінетін дерттік жағдай.Бұл кезде қабылданған тағамның қуаттық құндылығы оның шығындалуынан басым болып кетеді.Өйткені организмдегі май тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен адамның тамақ қабылдау тәртібі,жан-дүниесі мен белгілі бір өмір салтты таңдауы өзгереді.Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп ішпейді,бірақ жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары болуынан,тойыну сезімінің аздығынан ішеді.Ол май жасушаларында өндірілетін лептиндердің аз өндірілуінен болады.Сонымен,біріншілік семіруді өз бетінше жүйкелік –эндокриндік дерттік жағдай деп қарастыру қажет.
Салдарлық семіру-бастапқы кездерінде адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында организмде энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром.Ол әртүрлі эндокриндік аурулардың нәтижесінде байқалады.
Гипертрфиялық семіру-май жасушаларының жалпы саны өзгермей олардың іштеріндегі май тамшыларының көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді.Қалыпты жағдайда олардың көлемі 0,3 мкл шамасында болса,гипертрофиясы кезінде 1,0 мкл-ге дейін ұлғаяды.Содан адипоциттердің көлденең диаметрі үлкейеді.
Гиперплпзиялық семіру-май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді.Бұл кезде дененің салмағы өте үлкен мөлшерлерге жетуі мүмкін.Семірудің бұл түрі,гипертрофиялық түріне қарағанда,тым ерте жағдайда байқалады.Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ кездерінде кездесуі ықтимал.Бұл түрінің дамуына тұқымқуалаушылықтың маңызы өте зор.
Андроидтық семіру-майдың дененің жоғары бөліктеріне,іште және іш құрылыстарында жиналуы.Ол еркектерге тән семіру.
Гиноидтық семіру-майдың бөкседе,жамбаста,санда және дененің төменгі жақтарында,негізіненәйелдерге тән жиналуы.Өйткені еркектер мен әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр-түрлі бөліктерінде а2-катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді.май тінінің әр-түрлі бөліктерінде әр-түрлі гормондар өндіріледі.Гиноидтық семіру жартылай гиперплазиялық түрде болады.Сондықтан оны емдәммен емдеу онша нәтижелі болмайды.
Араласқан семіру-андроидтық және гиноидтық түрлері біріккен түрде кездеседі және андроидтық түрге тән атеросклероз және оның асқынуларына көтеріңкі қауіп-қатер сақталады. Сонымен қатар майдың ішкі ағзаларда және тері сатында жиналуларын ажыратады.Бұлай семіруді висцералдық семіру дейді.Ол андроидтық семірумен қабаттасады және ішкі ағзалардың қызметтерінің екіншілік бұзылыстары дамуына ауыр қатер төндіреді.Өйткені ішкі ағзалардың май жасушалары катехоламиндердің әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және инсулинге қарсы әсер ететін кахексинді көбірек болып шығарады.Сондықтан толық науқас адамдарда осы адипоциттер инсулинге төзімділік дамуына үлкен үлес қосады.
Гиперплазиялық,андроидтық және висцералдық семірулер гиноидтық,гипертрофиялық,теріастылық семірулерге қарағанда,организм үшін зияндырақ екенін көрсеткен жөн.
Семіруден алдын-ала сақтандыру мен емдеу тәслдерінің негіздері.
Семіруден алдын-ала сақтану мен емлеу тәсілдерінің негізінде,қоректенудің тәртібін сақтаудың маңызы өте зор.тамақтың құнарлылығын,ондағы ас-тұзын,тәтті және ашты тағамдарды шектеп,бөлшектеп,жиі (күніне 5-6 рет) қоректену қажет.Тамақтың құнарлылығын күн бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды.Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы күннің бірінші жартысына келуі керек.Оның тек 30% -ы түстен кейінгі астануларға келгені дұрыс.Жатар алдындағы астану ұйықтардың алдында 2 сағ бұрын болуы қажет.Тамақтанудың осындай тәртібінде организмге тамақпен түсетін энергияның негізгі бөлшегі жұмыс уақытындағы кеткен шығынын толтырады да,май түрінде қорға жиналуы азаяды. Дұрыс қоректенудің негізінде-сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен,витаминдермен және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады.Тағамда өсімдік және жануарлар майларының арақатынасы ½ болуы қажет.Өсімдік майларында көп қанықпаған май қышқылдары басым болуына байланысты организмдегі майлардың ыдырауы күшейеді.Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары аз болуы керек.
Сонымен бірге,гиподинамияны шектеу,дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану қажет.Толық адамдарда май алмасуы бұзылуын жөнге келтіру үшін арнайы дәрілер,оның ішінде бүгінгі зерттеліп жатқан лептин,сонымен бірге балық майынан алынған «эйконол»қолданылады.Ол қанда майдың мөлшерін,артериялық қысымды төмендетеді,қанның ұюын ретке келтіреді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді