Фармакология | Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар

Фармакология | Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар

Фармакологиялық заттардың көптеген топтары нигростриарлы, мезолимбиялық және тубероинфундибулярлы жолдары бар дофаминергиялық жүйеге әсер етеді. Қозғалыс белсенділігінің орталық реттелуі, мінез-құлқы және психикалық қызметтер, бірқатар гипофизаралық гормондардың өнімі (пролакти және өсу гормондары), құсу орталығының қызметі дофаминергиялық жүйенің жағдайына тікелей байланысты. Дофаминергиялық жүйенің реттелуі пост-және пресинаптикалық дофаминдік (D) рецепторлар арқылы іске асырылады. Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоздыру жүйке ұштарынан дофаминнің синтезі мен босап шығуын төмендетеді.
Дофаминдік рецепторлардың 2 тобы бар: D1-рецепторлар (D1жәнеD5 топшалары) көбінесе постсинаптикалық тежелулер шақырады. Олар G5- белоктарымен байланыста. Аденилатциклазаны тежейді. Сонымен қатар, олар К+- өзекшелерін белсендіріп, Са2+-өзекшелерін тежейді. Қолданып жүрген дәрілік заттардың ішінен дофаминдік рецепторлардың тежегіштері (мысалы, психозға қарсы және кейбір құсуға қарсы заттар) ретінде және дофаминергиялық жүйені белсендіретін (паркинсон ауруында қолданылатын заттардың бірқатары; акромегалияда өсу гормоны мен пролактиннің өнімін төмендететін дофаминомиметик – бромокриптин) заттар да белгілі.

Recipe: Solutionis Dofamini 2%-10ml
Da tales doses №10 in ampullis
Signa.көктамырға енгізу үшін

Recipe: Tabulettam Midantani 0.1
Da tales doses №10
Signa. 1 таблеткадан күніне 2 ре
Recipe: Tabulettam Bromocriptini 0.0025
Da tales doses №30
Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет


Recipe: Soutionis Apomorphini 1%-1 ml
Da tales doses №10 in ampullis
Signa.күніне 2 рет тері астына
енгізуге

Дофамин
Тобы: Дофаминергиялық заттар
Әсер ету механизмі:Дофаминергиялық рецепторларға арнайы әсер етеді, көп мөлшерде а,в рецепторларды ынталандырады.
Фармакологиялық әсері: Систолдық артериялық қысым жоғарылайды, жүректің жиырылуы жиілейді,бүйрекке әсер етеді,яғни натрийурез, диурезді жоғарылатады, гематоэнцефалды тосқауылдан өтпейді, ОЖЖ-не әсер етпейді,
Қолданылуы: әртүрлі шок кездерінде: кардиогенді, травмалық, септикалық, операциядан кейінгі, гиповолемиялық.Созылмалы жүрек-қан-тамырлық және бүйрек жетіспеушілігінде, артериялық гипотензияда,интоксикацияда, дилатациялық кардиомиопатияда қолданылады.
Жанама әсерлері: көп мөлшерде тахикардия, аритмия,бүйректік вазоконстрикция шақырады, жүрек айну, құсу, бас ауыру,мазасыздану.
Қарсы көрсеткіштері: Тахиаритмия және феомоцитом.
Тиреотоксикоз, бронхиалды астма және жүктілікте қолдануға болмайды.


Мидантан
Тобы: Дофаминергиялық заттар
Әсер ету механизмі: нейрондық деподан дофаминнің бөлінуін ынталандырады және оған дофаминергиялық рецепторлардың сезімталдығын жоғарлатады.
Фармакологиялық әсері: ОЖЖ қимыл нейронының импульсының генерациясын тежейді.
Қолданылуы: Паркинсон және әртүрлі этиологиясы паркинсондық ауруларда.
Жанама әсерлері: бас ауыру, ұйқысыздық, бас айналу, ашуланшақтық, галлюцинация.
Қарсы көрсеткіштері: Бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, глаукомада, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасында, сонымен бірге жүктілікте қолдануға болмайды.
ОЖЖ қоздыруына байланысты психикалық ауруларда, эпилепсияда, тиреотоксикозда, жүрек жетіспеушілігінде байқап қолдану керек.


Бромкриптин
Тобы:Дофаминергиялық заттар
Әсер ету механизмі: Дофаминнің және норадреналиннің ОЖЖ-дегі айналымына әсер етеді, серотониннің бөлінуін төмендетеді, гипоталамустың дофаминергиялық рецепторларын ынталандырады, гипофиздің секрециясын тежейді.
Фармакологиялық әсері: Дене температурасын төмендетеді, гипотензия, қандағы катехоламин мөлшерін төмендетеді, маткалық әсер етпейді.
Қолданылуы: Акушерлік және гинекологиялық практикада, акромегалия және Иценко-Кушинг ауруында, паркисонизмде қолданылады.
Жанама әсерлері: жүрек айну, кейде құсу, іш қату, бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, ортостатикалық гипотензия, перифериялық қан айналымның бұзылысы.
Қарсы көрсеткіштері: Токсикоз,емізгенде, артериялық гипотензияда, миокард инфарктында, аритмияда, перифериялық қан тамырларының спастикалық кезінде, психикалық ауруларда қолдануға болмайды.


Апоморфин
Тобы: Дофаминергиялық заттар
Әсер ету механизмі:Гематоэнцефалды тосқауылдан өтеді, орталық дофаминергиялық әсер көрсетеді.
Фармакологиялық әсері: құсу шақырады
Қолданылуы:асқазаннан токсикалық заттарды алуда, алкоголизмді емдеуде қолданады.
Жанама әсерлері:коллапс, галлюцинация,, аллергиялық реакциялар
Қарсы көрсеткіштері: жүректің ауыр ауруларында, атеросклерозда, өкпе туберкулезінің ашық формасында, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасында, қарттық шақта қолдануға болмайды.

Тест №1 Дофаминге тән:
( 1.) Қан қысымын көтереді
2. АҚ төмендетеді
( 3.) ЖСЖ жиілетеді
4. Тамырларды кеңейтеді
5. Фильтрацияны жоғарылатады

Тест №2 Дофаминнің қолдану көрсеткіштері:
(1.) кардиогендік шок
(2.) жүрек жеткіліксіздігі
3. өкпе ісінуі
4. пневмония
5. гипертониялық ауру

Тест №3 Дофаминнің жағымсыз әсерлері:
(1.) тахикардия
2. өкпелік гипертензия
(3.) бүйрек тамырларының тарылуы
(4.) диурездің ұлғаюы
5. брадикардия

Тест№4 Бромокриптинге тән:
( 1.) Дофаминдік рецепторларды ынталандырады
2. Дофаминдік рецепторларды тежейді
3. Өсу гормондарының артық мөлшерін азайтады
(4.) Акромегалияның емінде қолданылады
5. Босанғаннан кейін лактацияны тежеу үшін қолданылады

Тест№5 Бромокриптиннің жанама әсерлері:
( 1.) лоқсу
( 2.) іш қату
3. іш өтуі
4. шырышты қабаттардың ісінуі
5. дискинезия....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!