Биология | Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеу жолдарының негіздері

 Биология | Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеу жолдарының негіздері

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеу

жолдарының негіздері



Асқазан сәлінің қышқылдығын төмендету ойық жараның жазылуын тездетеді. Осы мақсатта Н2-гистамин рецепторларының тежегіштері (циметидин, ранитидин, фамотидин және низатидин) қолданылады.

Асқазанның іргелік жасушаларының тұз қышқылын өндіруінде Н+-, К+-АТФаза ферментінің маңызы үлкен. Сондықтан осы ферментті тежейтін дәрі-дәрмектер (омепразол ж. б.) асқазан сөлінің қышқылдығын азайтып, ойық жараыың тез жазылуына әкеледі. Сонымен бірге тұз қышқылының өндірілуін тежейтіп простагландиндердің препараттары (мизопростол), әсіресе ұлтабардың ойық жарасы кезінде жақсы емдік әсер етеді. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы дамуында Helicobacter! pylori-дің маңызына байланысты бұл дертті кешенді емдеу шараларына антибиотиктер (амокси-циллин, тетрациклин ж. б.) енгізілуі қажет.

Іргелік жасушаларға ацетилхолин мен кезбе нервтің әсерін азайту үшін хирургиялық тәсілмен бұл нервтің жекелеген тармақтарын кесу операциясы (ваготомия) жасалады.





Ішектер секрециялық, инкрециялық, сіңірімділік, қимылдық және экскрециялық қызметтер атқарады.

Ішек сөлі екі бөлшектен тұрады: біріншісі минералдық заттардан және нәруыздардан тұратын сұйық бөлшек, екіншісі ферменттерден және ішектердің шырышты қабықтарынан бөлінген эпителий жасушаларынан тұратын қою, ерімейтін бөлшек.

Ішектің секрециялық қызметі жергілікті факторлармен, гормондық және нервтік әсерлермен реттелінеді. Ішекке түскен тамақ қойыртпасы (химус) ішектегі механорецепторлар мен хеморецепторларды қоздыру арқылы сөлдің шығуын арттырады.

ОЖЖ негізінен ішек сөлінің шығуын тежейді. Ішек сөлі шығуына байланысты ішектерде тағамдық заттардың ыдыратылуы болады. Оларда астың ыдыратылуы екі сатыға бөлінеді:

1. қуыстық және

2. мембриналық немесе іргелік болады.

Бірінші сатысы ішек қуыстарында болады, онда ірі молекулалар мен кесек заттар ыдыратылады. Екінші сатысында тағамның ыдыратылуы ішек бүрлерінің эпителий жасушаларының мембраналарында болады. Бұл кезде тағамдық заттардың толық ыдырауы болып, сіңірілу басталады.

Тағамның қуыстық ыдыратылуының бұзылыстары. Астық қуыстық ыдыратылуы негізінен ұйқы безінің ферменттерімен және өтпен қамтамасыз етіледі. Осыған байла нысты оның бұзылыстары ұйқы безінің сөлі мен өттің ішекке түсуі бұзылуынан болады.

Астың қуыстық ыдыратылуының бұзылыстары ішекке бауырдан өт түспегенде (ахолия) немесе аз түскенде (гипохолия) байқалады. Ішекке өттің аз түсуі бауырлық сарғыштану, ал мүлде түспеуі механикалық сарғыштану кездерінде болады. Сонымен бірге, өттің бауырда аз өндірілуі және оның ішекке түсуі шектелуі ашығу, симпатикалық нервтердің қозуы, ұлтабарда холецистокининнің, мотилиннің аз өндірілуі кездерінде байқалады.

Ахолияның нәтижесінде ішекте барлық қоректік заттардың, әсіресе майлардың қорытылуы бұзылады. Майлардың өт қышқылдарымен өңделуі болмағандықтан оларға ұйқы безінде өндірілетін липаза ферментінің әсері азаяды. Сонымен қатар өт ішекке түспегендіктен липазаның белсенділігі төмен болады. Тағаммен түскен майлардың 70-80%-дан астамы дәретпен шығарылады (стеаторея лат. stear, atos — май, rheo — ағу).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!