![]() |
|
![]() |
Биология | Өтте тас байлану

Өтте тас байлану
Өтте тас байлану.
Өтте тас байлану, холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады. Өтте тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ, Әбу Наср әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К. Цельстің еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл ауру семіру, қант диабеті, холецистит, ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) дерттерінің салдарынан болуы мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де болады. Өт қабы мен өт жолында бөгелген өт бауырды қысады, соның нәтижесінде өттегі холестерин шала ыдырайды. Осыдан өт қабы мен өт жолы қабынып, ісініп тарылады, өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы анықтайды. Аурудан сақтану үшін тамақты аз-аздан, тәулігіне 5 – 6 рет ішу керек; рационнан аса майлы тағамдарды шығарған жөн.
Емі
Өт айдайтын дәрі-дәрмек беру (консервативті ем) арқылы өт қабығындағы тастарды ерітіп немесе үгітіп ішекке шығару арқылы іске асырылады. Бірақ бұл жолмен емдеуден соң өтте тастың қайта пайда болуы жиі байқалады. Сондықтан бірден-бір тиімді емдеу жолы – хирургиялық операция жасау. Мұның 2 тәсілі бар:
дәстүрлі түрде жасалынатын операция (холецистэктомия),
лапараскоп. аспаптарды қолдану арқылы (лапараскопиялық холецистэктомия) өтті ішіндегі тастармен қоса алып тастау.
Пайдаланған әдебиет
А. Нұрмақов

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨🎓 02.03.2023
Ілмектер: реферат Өтте тас байлану туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Өтте тас байлану на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat