Реферат: Қазақ әдебиеті | Барақ Бигелдіұлы

Реферат: Қазақ әдебиеті | Барақ Бигелдіұлы казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Барақ Бигелдіұлы на казахском языке

Барақ Бигелдіұлы - 1693 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы дүниеден өткен. Тама тайпасының Дәулеткелді (ру) руынан, Бағалақ атасынан. Бағалақтан Оймауыт, Оймауыттан Тоқсанбай туған. Тоқсанбай әділдікті ту етіп ұстаған, әрі кең пейілді жан болған деседі. Бармын, жоқпын демей өзін көңілді ұстаған, қонақжай болса керек. Тоқсанбайдан Бигелді туады. Бигелдіден Құлшыораз бен Барақ туады. Екеуі де батыр, бірін-бірінсіз тұра алмайтын бауырмал жандар еді десетін. Екеуінің жолы екіге жарылатын күн келіп, Құлшыораз Еділ-Жайық бойына көшіп кетеді. Барақ Түркістан жағына кетеді. 18 жасында би атанып, Төле бимен сөз қағыстырып қалады. 25 жасында Телікөлдің басында өткен жалпықазақтық құрылтайда Тама елі атынан топ бастап келеді. Үш жүздің алқасына мүшелікке сайланады. Абылай ханмен жорық барысында танысып, екеуі анда атасып достасады. Абылай ханның әскеріне нұсқау беретін қол басылардың бірі болады. Хан атынан құпия тапсырмалармен талай жортуылдарға барады. Хан тарапынан талай сый-сияпаттарға ие болады. Хан атынан Бөгенбай, Қабанбай батырларға тапсырма алып баратын еді дейді көнекөздер
Кейіннен екеуі араздасып қалып, екіге жарылады. Абылай хан тағына отырған уақытта бірқатар Кіші жүздің билері секілді ұлықтауға келмей қалады. Осыған наразы болған хан Барақ батырдың үстінен іс қозғамақ болады. "Сонда Абылайды іздеп келген Барақ батыр: - Ей, тақсыр, келді алдыңа Қара Барақ! Хан Барақ, Қара Барақ, Қарқаралы қыздай Тама Барақ. Хан барында - қара Барақпын, хан жоғында - хан Барақпын! Ісімді оңдап берсең - ісім сара, ісімді оңдамасаң - ісім қара, - деген екен."[1]
Осы жерде екі дос қайта табысып, бірінен бірі кешу сұрайды. Абылай тұрып өкініп: "Жасыңыз ұлғайып қалған екен. Әйтпесе, оң жағымда отыратын-ақ адам едің" дейді. Осы кездесуден соң көп ұзамай Барақ батыр қайтыс болады. Ол кісінің мазары Арқада, Жетіқоңыр құмында. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарысу ауылдық округіне қарасты Көктабан қыстауы маңында "Барақ байдың жұрты" атты жерде.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Барақ Бигелдіұлы туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Барақ Бигелдіұлы, реферат Барақ Бигелдіұлы туралы реферат казакша на казахском реферат на казахском языке скачать бесплатно рефераттар жинағы жоспарымен казакша реферат жоспар Барақ Бигелдіұлы, Реферат: Қазақ әдебиеті | Барақ Бигелдіұлы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы