Шерхан Мұртаза

 Шерхан Мұртаза

Сапаға айналмаған сан жеме-жемге келгенде сан болудан қалады.

Бiлмеген мiн емес, бiлместiкке көнген мiн.

Өтiрiктi кешiруге болады, ақтауға болмайды.

Сұғанақ болып бiреудiң ақысын жеп, жерiн даулап, елiн жаулап алайық деуден аулақ бола тұрып, сыбағаңнан, өзiне тиесiлi игiлiктен айрылу — бейшаралық.

Егер Қазақстанды мекендейтін көп ұлттың әрбір азаматы Қазақстанды, қазақты, оның тілін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, жер-суын Бельгерше түсініп, Бельгерше біліп, Бельгерше сыйлап, құрметтесе, онда бұл елде Құдай сүйгендер ғана тұрып, жұмақ орнар еді...

Заң дегеніміз – ноқта.

Айтса, дуалы ауыз айтсын.

Дарынды дарын таниды.

Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды.

Әлі күнге дейін кешегі империя етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар.

Демократия - жүгенсіздік емес,
Бостандық - жүйесіздік емес.

«Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық.

Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.

Армансыз қоғам - үміті үзілмеген қоғам.

Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді.

Шындық - ащы һәм ажарсыз.

Дарынды - дарын таниды.

Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.

Мәдениеттің мәйегі - кітап.

Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.

Ақиқат - адал айтыстан туады.

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.

Көркем әдебиет - ауыр артиллерия болса, публицистика - жеңіл кавалерия.

Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.

Әр адам — бір-бір жұмбақ.

Баласыз адам — бақытсыз адам.

Орындалған арман - бақыт,
Орындалмаған арман - күйік.

«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.

Көлдің - тақырға айналуы оңай,
Байдың - пақырға айналуы оңай.

Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.

Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі