Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.
Сұрақ-жауап
Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?
Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?
Оларды не үшін өндіреді?
Өздерің өмір сүріп жатқан аймақта қандай пайдалы қазбалар бар?
Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері
Оқу мақсаты:
- 6.3.3.5. сыртқы ортаға пайдалы қазбалардың алынуының және өнделінуінің әсерін түсінедіТарау 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы
Берілген тізімнен қажетті сөзді таңдап, сөйлемдерді толықтыр.
Қажетті сөздер: қышқыл жаңбыр, көмірдің, электр энергиясы, атмосфераға, күкірт, ормандардың жойылуының
____________мен жылу өндіру үшін жұмсалатын ______________көп мөлшерін жаққанда, электр станциялары және жылу жүйелері атмосфераға көп көмірқышқыл газын бөледі. Егер жағылған көмір ____________қоспасымен ластанған болса, онда улы газ, яғни күкірт қышқылы,_______________ таралады. Сосын бұлттарға сіңіп, ___________________негізгі себебі болатын _________________ түрінде жерге түседі
«Ауаның ластануы» бейнекөрінісін көріп, тапсырманы орында
Өзін-өзі бағалау. Дұрыс жауабы тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өздерінің жұмыстарын тексереді.
Дұрыс жауабы:
электр энергиясы мен жылу өндіру үшін жұмсалатын көмірдің көп мөлшерін жаққанда, электр станциялары және жылу жүйелері атмосфераға көп көмірқышқыл газын бөледі. Егер жағылған көмір күкірт қоспасымен ластанған болса, онда улы газ, яғни күкірт қышқылы, атмосфераға таралады. Сосын бұлттарға сіңіп, ормандардың жойылуының негізгі себебі болатын қышқыл жаңбыр түрінде жерге түседі
Жеке жұмыс
«Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен
өңделінуінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбына эссе жазу
Дескрипторлар:
Пайдалы қазбаны өндірілуі мен өңделінуінің гидросфераға әсерін сипаттайды
Пайдалы қазбаны өңдеудің топыраққа әсерін сипаттайды
Пайдалы қазбаны өңдеудің ауаға әсерін сипаттайды
Экологиялық проблеманы тиісті кәсіпорынмен немесе кен орнымен байланыстырады
Эссені қорғау Бағалау
Әр оқушының өз эссесін оқып бергеннен кейін сыныптастары бағалау критерийлері бойынша бағалайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Екі жақсы жерін атау және бір ұсыныс жасау
Рефлексия
«Сөйлемді аяқтаңыз!»
Маған оңай болды..........
Маған орындау қиын болды....
Маған әлі де жұмыс жасау керек ............
Мен үшін бүгін жаңалық болды....
Мен үшін өте маңызды .....
Мен білгім келеді......
Үй жұмысы
Кестені толтыр:
«Пайдалы қазбаны өндірудің экологиялық және әлеуметтік зардабы»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?