Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы. | Мектеп: | |||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| ||||||
Сабақ тақырыбы | Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.3.5. сыртқы ортаға пайдалы қазбалардың алынуының және өнделінуінің әсерін түсіндіреді | |||||||
Сабақ мақсаттары | - Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіре алады | |||||||
Бағалау критерийлері: | Пайдалы қазбаны өндірілуі мен өңделінуінің гидросфераға, топыраққа, ауаға әсерін сипаттайды | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар ... Сыныптастармен жұмыс жасау (презентация, карталар, пікірталастар және т.б.) тақырып бойынша мәтіндерді оқу және зерттеу (оқу, жазу дағдылары), тұжырымдар жасау (сөйлеу дағдылары, тыңдау). Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: Табиғи ресурстар: су, мұнай, көмір, табиғи газ, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, титан. Диалогтар мен жазбалар үшін пайдалы сөз өрнектер: Менің ойымша, ... Жақын болашақта ............. таусылуы мүмкін. Алайда, ұзақ мерзімді перспективада қайта жандандыру мүмкіндігі бар -деп айта алады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| «Мәңгілік ел» құндылықтары Табиғатқа мұқият қарау арқылы, оның аумағының және тұтастай алғанда Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен биологиялық ресурстардың түрлерін, сондай-ақ география пәнімен кен орындарын картадан көрсету, сипаттау барысында байланыс байқалады | |||||||
Бастапқы білім
| 3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау 5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру | |||||||
ЖОСПАР | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
| Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0-6
7-12 13-14 | Ұйымдастыру кезеңі Пайдалы қазбалар өндіретін ірі кәсіпорындар тақырыбын қайталау мақсатында сәйкестендіру жұмысын ұйымдастырыңыз. 1. “Пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындар” сәйкестендір. Топтарға (қосымша №1) пайдалы қазбалардың аталуы мен өндірілетін орындардың атауы жазылған қима қағаздарды таратыңыз. Уақытты белгілеңіз. Әр топ жеке сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді. Жұмысты аяқтағаннан кейін топаралық бағалау өткізіңіз. Слайдтан дұрыс жауабын көрсетуге болады. Дұрыс жауабы: Тас көмір - Қарағанды, ЕкібастұзМұнай - Атырау, АқтауГаз - Ақтау, Орал облысыАлюминий – АрқалықМыс кені – ЖезқазғанАс тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңіріндеТемір кені - Қостанай өңіріндеФосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
2. Активити “Мен білемін” Иә – оң қолыңызды көтеріңіз Жоқ – сол қолыңызды көтеріңіз 1.Әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрін кездестіреді. (Иә) 2. Ас тұзын жердің терең қойнауынан алады. (Жоқ. Ас тұзын тұзды көлдердің түбінен алады) 3. Үйдің іргетасын құюға бетон мен тас керек. (Иә)4. Іргетастың үстіне кірпіш қаланады. Кірпіштер бір - бірімен саз ерітіндісімен байланыстырылады (Жоқ. Кірпіштер цемент ерітіндісімен байланыстырылады) 5. Металды жер қойнауынан өндірілетін көмірден айырып алады. (Жоқ. Металды жер қойнауынан өндірілетін кеннен айырып алады) 6. Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды. (Иә)
3. Сабақтың мақсаты мен міндетіне шығу: Слайдтан экологиялық тақырыпта берілген суреттерді қарап, мұғаліммен бірге жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. | Слайд №1 Қосымша №1 Слайд 2-4 Слайд 5-6 | ||||||
Сабақтың ортасы
15-30 31-37 | 4. «Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбына постер құрастыруды ұсыныңыз
5. Постерді қорғау және бағалау. Әр топқа өз жұмысын қорғауға мүмкіндік беріңіз, әр топқа қорғау үшін 2 минут уақыт берілетінін ескертіңіз. Басқа топ мүшелері дескрипторлар бойынша бағалайды. | Слайд 7 А3 парағы Маркерлер Суреттер Желім
| ||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 6. Кері байланыс: 7.Үйге тапсырма: Эссе: «Пайдалы қазбаны өндірудің экологиялық және әлеуметтік зардабы» | Слайд 8-9 | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды | Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау орын алған. | Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру