Қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал. 2 - сабақ.
Қосымша №1
Қышқылдар және олардың қасиеттері
«Қышқыл» термині латын тілінен «қышқыл» сөзінен шыққан. Күнделікті өмірде біз көптеген қышқылдармен кездесеміз. Сірке қышқылы ( «қышқыл шарап» аудармасынан) – бұл сұйылтылған этан (сірке) қышқылы.
Атауы | Қышқыл ерітіндінің сәйкес рН | Күшті немесе әлсіз қышқыл? | Қосымшалар | |
Тұз қышқылы | 1,0 | Күшті | Асқазанда кездеседі | |
Күкірт қышқылы | 1,0 | Күшті | Аккумуляторда және тыңайтқыш өндірісінде қолданылады | |
Азот қышқылы | 1,0 | Күшті | Тыңайтқыш ерітіндісінде қолданылады | |
Метан (құмырсқа) қышқылы | 2,1 | Әлсіз | Құмырсқада және крапива талшықтарында бар | |
Этан (сірке) қышқылы | 2,4 | Әлсіз | Сірке өндірісінде қолданылады | |
Көмір қышқылы | 3,8 | Әлсіз | Жаңбыр суында және газды сусындарда бар |
Негіздер және олардың қасиеттері
Күшті негіздер өте жоғары рН мәнге ие, рН 14 дейін болады. Күшті, концентрленген негіздер теріні күшті күйдіреді, сондықтан олармен абайлап қолдану керек, сол сияқты күшті әрі концентрленген қышқылдармен де. Сондықтан «каустикалық сода» мен «күйдіргіш калий» терминдерінде – «каустикалық», «күйдіргіш» «агресивті» дегенді білдіреді.
Негіздер майлар молекулаларын жоятындықтан жуғыш құралдарда қолданылады.
Атауы | Қышқыл ерітіндінің сәйкес рН | Күшті немесе әлсіз қышқыл? | Қосымшалар | |
Натрий гидроксиді | 14,0 | Күшті | Күйдіргіш натр немесе каустикалық сода түрінде танымал. Сабын және жуғыш құралдар өндірісінде, құбырларды тазалау және қағаз өнеркәсібінде қолданылады. | |
Калий гидроксиді | 14,0 | Күшті | Каустикалық калий (поташ) түрінде белгілі. Сабын және биодизель өндірісінде қолданылады. | |
Кальций гидроксиді | 12,3 | Күшті | Қатты түрінде «сығылған әк» атауымен, ал сұйық түрінде «әк сүті» атауымен белгілі. | |
Аммоний гидроксиді | 11,0 | Әлсіз | Аммиак суы деп те аталады. Тазартушы құрал түрінде қолданылады. |
Қосымша №2 «Жіктеу»
Төмендегі берілген ақпараттарды жеке – жеке қиынды түрінде топ оқушыларына таратады. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, қышқылдық/сілтілік/бейтарап ортаны көрсететін заттарға жіктейді.
Натрий гидроксиді ерітіндісі | ||
Ағартқыш | ||
Кальций гидроксиді ерітіндісі (әк сүті) | ||
Аммоний гидроксиді ерітіндісі | ||
Магний гидроксиді | ||
Тіс пастасы | ||
Ас тұзы | ||
Таза (дистилденген) су | ||
Сүт | ||
Қышқыл жауын | ||
Томат шырыны | ||
Сірке суы | ||
Лимон шырыны | ||
Асқазандағы тұз қышқылы | ||
Аккумулятор қышқылы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?