Қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Осы оқу мақсатын меңгеру екі сағатқа жоспарланған. Өткен сабақта қарастырылған индикаторлардың түсінің өзгерісін сұрақтар арқылы қайталатыңыз. Бірнеше заттардың суретін топтарға таратып, олардың қышқылдық немесе сілтілік орта көрсетуіне байланысты жіктеуге бағыттаңыз. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтауға сұрақтар қоя отырып, жетелеңіз.

 Оқушыларды тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырата білу қабілеттерін дамыту үшін зертханалық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әмбебап индикаторымен қатар, табиғи индикаторлардың көмегімен ортаны анықтатыңыз, ол үшін оқушыларды табиғи индикаторды дайындау әдісімен іс жүзінде таныстырыңыз. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың орталарын (апельсин шырыны, газдалған минералды су, сүт, иіс сабын ерітіндісі, терезе жууға арналған ерітінді, шөп тұндырмасы – тау жалбызы (немесе басқасы), тұз қышқылы ерітіндісі (асқазан сөлінің үлгісі ретінде), дистилденген су, ас содасы ерітіндісі) анықтаған дұрыс. Ұсынылған заттарды қолда бар заттармен алмастыруға болады. Экспериментті орындау барысында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөліңіз. Қауіп-қатерді анықтап, оны сенімді басқаратыныңызға көз жеткізіңіз. Ыстық сумен жұмыс барысында стандартты сақтық шараларын орындаңыз. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

 Тиімді сілтеме:

 http://www.education.com/science-fair/article/lemonade-science/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу